link6572 link6573 link6574 link6575 link6576 link6577 link6578 link6579 link6580 link6581 link6582 link6583 link6584 link6585 link6586 link6587 link6588 link6589 link6590 link6591 link6592 link6593 link6594 link6595 link6596 link6597 link6598 link6599 link6600 link6601 link6602 link6603 link6604 link6605 link6606 link6607 link6608 link6609 link6610 link6611 link6612 link6613 link6614 link6615 link6616 link6617 link6618 link6619 link6620 link6621 link6622 link6623 link6624 link6625 link6626 link6627 link6628 link6629 link6630 link6631 link6632 link6633 link6634 link6635 link6636 link6637 link6638 link6639 link6640 link6641 link6642 link6643 link6644 link6645 link6646 link6647 link6648 link6649 link6650 link6651 link6652 link6653 link6654 link6655 link6656 link6657 link6658 link6659 link6660 link6661 link6662 link6663 link6664 link6665 link6666 link6667 link6668 link6669 link6670 link6671 link6672 link6673 link6674 link6675 link6676 link6677 link6678 link6679 link6680 link6681 link6682 link6683 link6684 link6685 link6686 link6687 link6688 link6689 link6690 link6691 link6692 link6693 link6694 link6695
Жакишева Светлана Викторовна
Должность:учитель начальных классов
Группа:Посетители
Страна:Республика Казахстан
Регион:Акмолинская область город Степногорск
3 сынып ДүниетануCабақтың тақырыбы: Адам. Адам организмі.

1-сабақ.

Cабақтың тақырыбы: Адам. Адам организмі.

Cабақтың мақсаттары:

Білімділік: aдам организмі, оның құрылысы, атқаратын қызметі туралы түсінік алады.

Дамытушылық: aдам организмі жәйлі алған мағлұматтарын кеңейтеді, дамытады.

Тәрбиелік: дене мүшелері туралы білім алып, денсаулығын жас кезінен нығайтуға, сымбатты болып өсуге тәрбиеленеді.

Сабақтың түрі: сын тұрғысынан ойлау.

Көрнекілігі: топтардың аттары, слайд, суреттер, маркерлер, А-3 қағаздары.

Сабақтың барысы:

I. Қызығушылықты ояту.

Сабақ барысында туралы мағлұмат алу ретінде балаларды «Жанұя» топтарына бөлдім:

I топ – Көз.

II топ – Жүрек.

III топ – Асқазан.

IV топ – Бауыр.

V топ – Өкпе.

VI топ – Ми.

«Топтастыру» стратегиясы.

- Балалар, «Адам ағзасы» дегенде сендердің көз алдарыңа не келеді?

Балалар әрқайсысы жеке, одан кейін жұп — көршісімен бөліседі, одан кейін — топ, барлығы ақылдарын ортаға салады. Ақыры — сыныппен жұмыс — топ басшысы ортақ пікірлерін баяндап береді.

Адам ағзасы


Көз

Мұрын Ауыз



Құлақ Жүрек



Асқазан Өкпе

Бауыр Ми

Ішек Қуық

Бүйрек

II. Мағынаны тану.

Келесі кезеңде «Жанұя» топтары 4 топтан тұратын «Жұмыс» топтарына бөлінеді:

I топ – Бас.

II топ – Кеуде.

III топ — Қол сүйектері.

IV топ — Аяқ сүйектері.

I-топ.

Адам — тірі табиғаттың бір бөлігі. Басқа да иелері сияқты ол тыныс алады, тамақтанады, өседі, дүниеге ұрпақ әкеледі. Өсімдіктер мен жануарлар сияқты адам да ауа, су, жарық, тамақ және жылу қажет. Адамның жануарлардан ерекшелігі — адам ойлай алады, сөйлейді, тік жүреді, еңбек етеді. Осының арқасында ол қалалар, жолдар, фабрикалар мен зауыттар салады, автомобильдер мен ұшақтар, телефон, теледидар, компьютерлер жасайды. Адамдар кітап жазады, музыка шығарады, мүсіндер жасайды, картиналар салады. Адамның қолынан бәрі келеді. Не істегісі келіп талпынса, соның бәрін істей алады. Бірақ бұл үшін білім керек. Білімді болу үшін оқу керек.

Эксперт парағы:

1. Неліктен адамды тірі табиғатттың бір бөлігі дейді?

2. Адамдар мен жануарлардың қандай ұқсастығы бар?

3. Ажамдардың жануарлардан қандай айырмашылығы бар?

4. Адам білімді болу үшін не қажет?

II-топ.

Адам — тіршілік иесі (организм). Адам организмі жеке бөліктерден — мүшелер мен ағзалардан тұрады. Көз, жүрек, асқазан, бауыр, өкпе — мүшелер. Әр мүшенің құрылысы бөлек және ол белгілі бір қызмет атқарады. Мәселен, адам көзімен төңірегінің бәрін көреді. Көз — көру мүшесі. Асқазан арқылы адам қоректік заттарды қабылдайды. Асқазан — ас қорыту мүшесі. Ал өкпе арқылы тыныс алады. Өкпе — тыныс алу мүшесі. Жүрек арқылы қанмен дененің барлық бөліктеріне қоректік заттар тарайды. Жүрек — қан айналым мүшесі.

Эксперт парағы:

1. Адам деген кім?

2. Адам организмі нелерден тұрады?

3. Адамға дене мүшелері не үшін керек?

4. Адамның әр мүшесі қандай қызмет атқарады?

III-топ.

Ми — аса маңызды ағза. Адамның ойлауы және басқа мүшелердің дұрыс жұмыс істеуі мимен байланысты.

Бастағы миға жұлын жалғасып жатады. Ми мен жұлыннан бүкіл мүшелерге ақ жіпке ұқсас жүйке тарайды. Олар арқылы миға әртүрлі сигнал түседі, ал мидан дененің барлық мүшелеріне кері сигнал тарайды.

1. Адамға ми не үшін қажет?

2. Бастағы миға не жалғасады?

3. Ми мен жұлыннан не тарайды?

4. Миға жүйке қандай қызмет көрсетеді?

IV-топ.

Дененің барлық мүшелері үйлесімді жұмыс атқарады. Біз адам организмінің құрылысын және қалай жұмыс істейтінін білуіміз керек. Ол денсаулықты сақтау және нығайту үшін қажет. Қаңқа — дененің тірегі. Қаңқа сүйектерден тұрады. Олар — бас, кеуде, қол және аяқ сүйектері.

Эксперт парағы:

1. Дененің барлық мүшелері қандай қызмет атқарады?

2. Неліктен адаморганизмінің құрылысын білуіміз керек?

3. Қаңқа не үшін керек?

4. Қаңқа нелерден тұрады?

III. Ой қозғау

Яғни, «Неліктен адамды табиғаттың бір бөлігі дейді?» деген сұраққа жауап айтып, дәлелдеуі тиіс.

Берілген сурет (слайд) бойынша өз ойын дәлелдеуге тиісті.

Осылай, балалар жаңа сабақты өзара талдап, өздігінен білім алады.

Бағалау.

Үйге тапсырма:

I топ – Көз атынан ЭССЕ жазып келеді.

II топ – Жүрек атынан ЭССЕ жазып келеді.

III топ – Асқазан атынан ЭССЕ жазып келеді.

IV топ – Бауыр атынан ЭССЕ жазып келеді.

V топ – Өкпе атынан ЭССЕ жазып келеді.

VI топ – Ми атынан ЭССЕ жазып келеді.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–2025. Политика конфиденциальности