link12474 link12475 link12476 link12477 link12478 link12479 link12480 link12481 link12482 link12483 link12484 link12485 link12486 link12487 link12488 link12489 link12490 link12491 link12492 link12493 link12494 link12495 link12496 link12497 link12498 link12499 link12500 link12501 link12502 link12503 link12504 link12505 link12506 link12507 link12508 link12509 link12510 link12511 link12512 link12513 link12514 link12515 link12516 link12517 link12518 link12519 link12520 link12521 link12522 link12523 link12524 link12525 link12526 link12527 link12528 link12529 link12530 link12531 link12532 link12533 link12534 link12535 link12536 link12537 link12538 link12539 link12540 link12541 link12542 link12543 link12544 link12545 link12546 link12547 link12548 link12549 link12550 link12551 link12552 link12553 link12554 link12555 link12556 link12557 link12558 link12559 link12560 link12561 link12562 link12563 link12564 link12565 link12566 link12567 link12568 link12569 link12570 link12571 link12572 link12573 link12574 link12575 link12576 link12577 link12578 link12579 link12580 link12581 link12582 link12583 link12584 link12585 link12586 link12587 link12588 link12589 link12590 link12591 link12592 link12593 link12594 link12595 link12596 link12597 link12598 link12599
Косымова Дарига Махсотовна
Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:не указан
"Құстар класына сипаттама" ашық сабақ

Косымова Дариға Махсотқызы, ЖББ№84 мектептің биология пәні мұғалімі, Алматы қаласы

Тақырыбы: Құстар класының сипаттамасы

Білімділік: Құстар класын зерттейтін ғылым саласы, құстардың анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктері (жылықандылық, қанаттары, ас қорыту, тыныс алу, қанайналым т.б.), құс жұмыртқасының құрылысы туралы түсінік қалыптастыру.

Дамытушылық: құстардың құрылысы мен мүшелері және мүшелер жүйесінің сипаты мен атқаратын қызметтерін жорғалаушылармен салыстыра отырып дамыту. Жануарлардың көптүрлілігі туралы бар түсініктерін молайту.

Тәрбиелілік: Қоршаған ортаға және оны мекен етуші жануарларға деген қамқорлық сезімін ояту. Пәнге деген және жалпы танымдық қызығушылықтарын арттыру.

Сабақ түрі: ақпараттыық технологяларды қолдануға негізделген дамыту сабағы

Сабақ әдісі: әңгімелесу, сұрақ-жауап, балалардың жеке шығармашылық және жазба жұмыстары.

Құрал-жабдықтар: интерактивті тақта, сызбалар, жануарлардың тұлыптары, муляждар т.б.

Пәнаралық байланыс: география, тарих.

кирпич новокубанский Майкоп купить.

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу, олардың зейінін сабаққа икемдеу.
  2. Үй тапсырмасын пысықтау

1) Жорғалаушылар класының негізгі ерекшеліктері. (Олар құрылық жануарлары, терісі құрғақ, қанайналымы екі шеңберлі, жүрегі үш камералы, өкпемен ғана тыныс алады. Жыртқыштар, тістері үшкір. Олардың көбеюі мен дамуы сумен байланысты емес. Дене пішіні мен тұрқы әр түрлі. Құрлықта, суда, ағашта, топырақта мекендейді. Оларды зерттейтін ғылым саласын герпетология деп атайды)

2) Жорғалаушылар класының жіктелуі. ( Төрт отрядқа жіктеледі: тұмсықбастылар, қабыршақтылар, тасбақалар, крокодилдер. Оқушылар оқулық бойынша оқығандарын кезекпен айтып шығады. Тақтадан АйгерімС, Әсем М, Мөлдір М қосымша өздері даярлап әкелген жұмыстарын баяндап, көрсетеді)

3) Қазақстанда мекендейтін жорғалаушылар туралы көрсетілім. ( ҚР аумағында мекендейтін кесірткелердің 6 (30), жыланның 4 (19) түрлері туралы баяндау. Олар: шұбар батбат, зайсандық батбат, келес, сарлан, үлкен көз кесіртке, шұбар кесіртке. Жыландардан: жолақ, қызылжолақ, бауыр, төртжолақты абжыландар)

4) Жорғалаушылардың денесінің бөліктері, қаңқасы ( Денесі төрт бөлімді — бас, мойын, көкірек, құйрық. Қаңқасы бес бөлімді — бассүйек, омыртқа жотасы (мойын, арқа-бел, сегізкөз, құйрық), иық белдеуі және алдыңғы аяқтары (жауырын, төссүйек, бұғана, тоқпан жілік, кәрі жілік, алақан сүйектері), жамбас белдеуі және артқы аяқтары (жамбас сүйектері, ортан жілік, асықты жілік, башпай сүйектері), кеуде қуысы (жыланнан басқаларда алғашқы 5 арқа-бел омыртқасы алдыңғы жағында төссүйекпен байланысады)

5) Жорғалаушылардың ішкі құрылысы. (Тақтаға түсірілген суреттен көрсетеді)

6) Жорғалаушылар класы бойынша өзін-өзі тексеруге арналған «Сызықты диктант»

Сұрақтары:

1. Бауырымен жорғалаушылар ежелгі қосмекенді - сауытбастылардан шықты +

2. Бауырымен жорғалаушылар алғашқы нағыз құрлық жануарлары +

3. Қазіргі заманда жорғалаушылардың 6 отряды бар —

4. Олардың денесі мүйізді қабыршақпен қапталған +

5. Жорғалаушылардың терісінің сыртында көптеген бездері болады –

6. Рептилиялардың мойын омыртқасының саны біреу —

7. Жорғалаушылардың нағыз кеуде қуысы болады +

8. Мишығы жетілген, алдыңғы ми сыңарларында қыртыстар пайда болды +

9. Бауырымен жорғалаушылар өкпе және тері арқылы тыныс алады –

10. Бауырымен жорғалаушылардың дене температурасы тұрақты —

  1. Жаңа сабақ (оқулықтағы мәтін бойынша жұмыс, оқушыларды отырған қатарларына байланысты үшке бөліп жүргізуге болады, жақша ішінде дұрыс жауап берілген).

1-топ

1) Құстар класына жалпы сипаттама беру (8600 түрі бар, жылықанды, терісінде бездері жоқ десе де болатын, денесі қауырсынмен қапталған, алдыңғы аяқтары ұшуға арналып бейімделген, Қазақстанда 500 түрі мекендейді. Құстар ежелгі ұсақ ағаш басында мекендеп, бір ағаштан екінші ағашқа секіре алатын жорғалаушылардан 180млн. жыл бұрын шықты дейді. Оларды көнеқұстар деп атайды. Құстарды зерттейтін биология ғылымының саласын — орнитология деп атайды)

2-топ

2) Дене жамылғысымен таныстыру (Қауырсындар — денесін түгелдей жабын қауырсындар жабады және оның астында мамық қауырсындар орналасады, шетте орналасқан үлкен жабын қауырсындарды - негізгі желпуіш, демеуші желпуіш, құйрық қауырсындары деп атайды. Қауырсынның теріге енетін бөлігін қаламша, ал өзегін сояу, шашақтарын пәрі дейді. Пәрінің өзі мұрт және мұртшалардан тұрады. Мамық қауырсындар екі түрлі болады: мамық және мамықты қауырсы. Мамықты қауырсынның жұқа сояуы бар, ал мамықта сояу өте қысқа келеді)

3-топ

3) Сыртқы ерекшеліктерімен таныстыру ( Денесі — бас, мойын, тұлға, аяқтардан тұрады. Терісі құрғақ, тек су құстарының құйымшақ бездерінен май бөлініп қауырсындарын майлайды. Неге? Мүйізді астыңғы және үстіңгі тұмсықтары бар. Тістері жоқ. Неге? Тағам көзіне сәйкес құстардың тұмсық пішіндері әр алуан келеді)

4) Құстардың қаңқа құрылысы (Экраннан көрсету)

5) Құстардың ас қорыту жүйесі (Экраннан көрсету)

6) Құстардың ұшуға байланысты тыныс алу ерекшеліктері

7) Құстардың қанайналымы

8) Құстардың жүйке жүйесі мен сезім мүшелері

9) Құстардың зәр шығару жүйесі

10) Құстар әлемінен қызықты мәліметтер «Ең, ең, ең ......» (Оқушыларға алдын-ала тапсырмалар беріледі)

  1. Бекіту

1) Құстар класы өкілдерінің негізгі ерекшеліктері.

2) Дене жамылғысы мен қанатының құрылысы.

3) Денесінің сыртқы құрылыс ерекшеліктері.

4) Құстардың қаңқасы.

5) Құстардың мүшелер жүйесінің атқаратын қызметтері мен ерекшеліктері.

  1. Қорытынды

Құстар — дене температурасы тұрақты, жұмыртқа арқылы көбейетін, қауырсынды жамылғысы бар, алдыңғы аяқтары ұшуға икемделген жоғары дәрежеде дамыған омыртқалы жануарлар. Қозғалыс ерекшеліктеріне байланысты құстарды үш топқа жіктейміз — ұшатын құстар немесе қыртөстілер, ұша алмайтын немесе қыртөссіздер және жүзгіш құстар. Жүрегі төрт бөлікті, екі қанайналым шеңберлі, қосралы тыныс алатын, жоғары жүйке жүйесі күрделі құрылымды, дара жынысты, іштей ұрықтанатын, тек ұрықтанған жұмыртқа арқылы ғана көбейетін тіршілік иелері.

  1. Рефлексия
  2. Оқушыларды бағалау
  3. Үй тапсырмасы
Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности