link5760 link5761 link5762 link5763 link5764 link5765 link5766 link5767 link5768 link5769 link5770 link5771 link5772 link5773 link5774 link5775 link5776 link5777 link5778 link5779 link5780 link5781 link5782 link5783 link5784 link5785 link5786 link5787 link5788 link5789 link5790 link5791 link5792 link5793 link5794 link5795 link5796 link5797 link5798 link5799 link5800 link5801 link5802 link5803 link5804 link5805 link5806 link5807 link5808 link5809 link5810 link5811 link5812 link5813 link5814 link5815 link5816 link5817 link5818 link5819 link5820 link5821 link5822 link5823 link5824 link5825 link5826 link5827 link5828 link5829 link5830 link5831 link5832 link5833 link5834 link5835 link5836 link5837 link5838 link5839 link5840 link5841 link5842 link5843 link5844 link5845 link5846 link5847 link5848 link5849 link5850 link5851 link5852 link5853 link5854 link5855 link5856 link5857 link5858 link5859 link5860 link5861 link5862 link5863 link5864 link5865 link5866 link5867 link5868 link5869 link5870 link5871 link5872 link5873 link5874 link5875 link5876 link5877 link5878 link5879
Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Санкт-Петербург
Урок предмета окужающий мир во 2-классе. Тема урока: «Күзде жапырақтар неге сарғаяды?»

Нсанова Акжамал Меллятовна, учитель начальных классов

средней школы имени Абая, Атырауской области,

Курмангазинского района, село Ганюшкино, Казахстан

Атырау облысы

Құрманғазы ауданы

Ганюшкин селосы

Абай атындағы орта мектебі

Нысанова Ақжамал Меллятқызы

Бастауыш сынып мұғалімі

Ұсынып отырған сабағым дүниетану пәні бойынша

Тақырыбы «Күзде жапырақтар неге сарғаяды?» 2-сынып

Тақырыбы: Күзде жапырақтар неге сарғаяды?

Мақсаты: 1. Өсімдік мүшелерін, олардың атқаратын қызметін пысықтай отырып,

жапырақтың күздегі сарғайып түсетін жағдайына тоқталу, түсіндіру.

2.Оқушылардың дүниетанымдарын кеңейту. Оқу-білімге деген құштарлықтарын арттыру.

3.Туған жердің табиғатын аялау, оны сақтауға, қорғауға тәрбиелеу

Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту.

Жүру барсы:

І.Ұйымдастыру. Психологиялық ахуал

Сабақ оқып, білім ап,

Күнде бестік алайын.

Егеменді елімнің

Пайдасына жарайын.

Тәуелсіздік мейрамы

Құтты болсын, ағайын!

ІІ.Тірек білім өзектілігі

а) Өсімдік тіршілігіне нелер қажет?

ә) Өсімдіктің негізгі мүшелері.

ІІІ. Үй тапсырмасы «Сұрақ-жауап сайты»

Жапырақ мәтіні бойынша

►Жапырақ — бұл жер үсті немесе жер асты мүшесі ме?

►Жапырақ өсімдіктің қай мүшесіне жалғас өскен?

►Жапырақ қандай газды жұтып, нені бөліп шығарады?

►Жапыраққа су мен еріген тұздар қалай келеді?

►Өсімдіктің өсіп жетілуіндегі жапырақтың пайдасы қандай?

►Адам өмірі үшін қандай пайдасы бар?

►Не себепті бөлме гүлдерін тазартып отырамыз?

►Жапырақтың пішіндері қандай?

►Қураған жапырақтың қандай пайдасы бар?

►Қандай өсімдіктердің жапырақтарын жеуге болады?

Кесте толтыру

Өсімдік мүшесі

Орналасуы

Маңызы

І топ

Тамыр

ІІ топ

Сабақ

ІІІ топ

Жапырақ


Жұмбақ - өлең

Өрік, алма,

Шие, алша,

Жидек, жүзім піседі.

Қауын, қарбыз,

Қияр, сәбіз –

Дүкендерге түседі.

Астық пісіп,

Орақ түсіп,

Қырман дәнге

толады.

Айтыңдаршы, бөбектерім,

Бұл қай кезде болады?

(Жыл мезгілі анықталады, күз туралы пікірлерін ортаға салады)

ІУ. Жаңа сабақ (тақырыбымен, мақсатымен таныстыру).

  1. «Күзгі орман» бейне таспадан сюжет көрсету
  2. Оқулықпен жұмыс.

Проблемалық сұрақ «Күзде жапырақ неге сарғаяды деп ойлайсыңдар?»

Мәтінді түсіндіру.

- Күзде ауа райы салқындайды;

- Топырақ тоңазиды;

- Өсімдік тамырының суды сіңіруі нашарлайды;

- Жапыраққа қажетті күн көзінің жылуы азаяды;

курсы мсфо. шиномонтаж череповец цены.

- Жапыраққа жасыл түс беретін хлорофилл азаяды;

- Жапырақтың тыныс алуы төмендейді;

- Нәтижесінде жапырақ сарғайып түсе бастайды;

3. Маманмен сұхбат

а) Хлорофилл сөзіне түсінік;

ә) Қосымша мәлімет

Өркеннен жапырақ түспес бұрын оның түп жағындағы сабақпен шектесіп жатқан жерінде 1 қабат тоз тізіледі.Оның сыртында ажыратпалы қабат қалыптасады. Осы жерде жапырақтың сағағы ажырайды да, жерге түсіп қалады.

4. Дәптермен жұмыс (Жапырақтың сарғаю себебінің негізгілерін жазып алу)

Күн салқындағанда топырақ тоңазиды.

Өсімдік тамырының суды сіңіруі нашарлайды.

Жапырақтың тыныс алуы төмендейді.

Күн көзінің жылуы азаяды.

Жапыраққа жасыл түс беретін хлорофилл азаяды.

5. Сергіту сәті: Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай ағаштар

Үлкен болып өседі.

Бұлт ағады аулаққа,

Күз келіпті-ау бау — баққа.

Жаздай өскен жапырақ

Шашылады жан — жаққа.

6. Ойын «Қай ағаштың жапырағы?»

7. «Бұл қызық?» айдарында

- Шиенің жапырағы жерге түсісімен қыс келеді.

- Қысы-жазы сарғаймайтын, мәңігі жасыл болып тұратын теректер бар. Олар: қарағай мен шырша.

8. Тест

1.Өсімдіктер неше топқа бөлінеді?

а) 3 ә) 4 б) 2

2.Тамырдың орналасуы

а) жер астында ә) жер бетінде б) аспанда

3. Тамыр қандай қызмет атқарады?

а) жапырақты бекітіп ұстап тұрады ә) өсімдікті жерге бекітіп ұстап тұрады б) ешқандай қызмет атқармайды

4. Сабақ өсімдікке не үшін қажет?

а) әдемілік үшін ә) қоректік заттарды жеткізу үшін б) желден қорғау үшін

5. Сабақтың түрлері

а) біреу ғана ә) тек қатты түрі болады б) көп

6.Жыл бойы жасыл болып тұратын өсімдіктер

А) емен, қарағаш ә) шие, өрік б) шырша, қарағай

7. Жапырақтың қызметі

а) оттегін бөліп шығарады, буландырады ә) өсімдікті шірітеді

б) көмірқышқыл газын бөліп шығарады

8. Қураған жапырақтың пайдасы

а) шіріндісі өсімдікті жақсы өсіреді ә) жеміс береді б) пайдасы жоқ

9. Өсімдікке не қажет?

а) ауа, жел, жаңбыр ә) су, ауа, жылу, жарық, қорек б) су, қорек, бөлме

10. Табиғатта күзде болатын құбылыс

а) Күнде жаңбыр жауады ә) жапырақтар сарғайып жерге түседі б) теректер көктеп, гүл, жеміс береді

1 - 3 - 5 - 7 - 9 –

2 - 4 - 6 - 8 - 10 -

9. Өзіңді өзің тексер және бағала . Тест жауаптары

1 - А 3 - Ә 5 - Б 7 - А 9 — Ә

2 - А 4 - Ә 6 - Б 8 - А 10 - Ә

10. Шығармашылық жұмыстар көрмесі (Кепкен жапырақтардан жасаған аппликациялық жұмыстарын қорғайды)

11. Бекіту «Бейне құрастыр» ойыны

Қиылған бөлшектерден белгілі бір бейнені құрастыра отырып, онде берілген тапсырмаларға ауызша жауап беру.

- Күзде жапырақтардың түстері қандай болады?

- «Табиғат — асыраушың, қамқоршың» мағынасын аш.

- Табиғатты қорғай біл!

- Өсімдікке не қажет?

- Табиғатқа қалай қамқорлық жасайсың?

- «Ер - елдің көркі, орман-тоғай жердің көркі» мағынасын аш.

- Күзде жапырақтар түспесе не болар еді?

- Жапырақ неге сарғаяды?

- Жапырақ қандай қызмет атқарады?

- Бөлме гүлдерін не үшін күтеміз?

- Қандай өсімдік жапырақтары сарғаймайды?

- «Бір тал кессең он тал ек» мағынасын аш.

12. Бағалау

13. Үйге тапсырма: Мәтін бойынша дайындалу;

Проблемалық сұрақ: Қураған жапырақты мал жей ме?

14. Қорытынды.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности