link8694 link8695 link8696 link8697 link8698 link8699 link8700 link8701 link8702 link8703 link8704 link8705 link8706 link8707 link8708 link8709 link8710 link8711 link8712 link8713 link8714 link8715 link8716 link8717 link8718 link8719 link8720 link8721 link8722 link8723 link8724 link8725 link8726 link8727 link8728 link8729 link8730 link8731 link8732 link8733 link8734 link8735 link8736 link8737 link8738 link8739 link8740 link8741 link8742 link8743 link8744 link8745 link8746 link8747 link8748 link8749 link8750 link8751 link8752 link8753 link8754 link8755 link8756 link8757 link8758 link8759 link8760 link8761 link8762 link8763 link8764 link8765 link8766 link8767 link8768 link8769 link8770 link8771 link8772 link8773 link8774 link8775 link8776 link8777 link8778 link8779 link8780 link8781 link8782 link8783 link8784 link8785 link8786 link8787 link8788 link8789 link8790 link8791 link8792 link8793 link8794 link8795 link8796 link8797 link8798 link8799 link8800 link8801 link8802 link8803 link8804 link8805 link8806 link8807 link8808 link8809 link8810 link8811 link8812 link8813 link8814 link8815 link8816 link8817 link8818 link8819
Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Санкт-Петербург
Жапырақ. Жапырақтың құрылысы.

Қазақстан Республикасы,Шымкент қаласы,Ю.Сареми атындағы

№107 мектеп-гимназиясының

Биология пәні мұғалімі

Альметова Гулрух

Мақсат:

Білімділік: өсімдіктің өсу мүшесі саналатын жапырақтың қызметі яғни жапырақтың ауадан көмірқышқыл газы мен суды сіңіріп, жарықтың әсерінен органикалық зат түзуі, органикалық заттарды қорға жинау сияқты және жапырақтың жай, күрделі түрлерімен таныстыру.

Дамытушылық: Өмірмен байланыстыра отырып, проблемалық жағдаяттан шығу жолында іскерлік шығармашылығын, ой-өрісін дамыту.

Тәрбиелік: Өзіндік ой қорытуға мақсат қоя білуге, іскерлікке, байқампаздыққа, талғампаздыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақ типі: аралас

Сабақ түрі: ізденіс сабақ

Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, топтық жұмыс.

Сабақ көрнекілігі: слайд, сурет, тест, таратпа-материал, жапырақтар.

Сабақтың әдісі: Топтық жұмыс.

Сабақтың жүрісі:


I. Ұйымдастыру:

А) Тәртіп секторының баяндамасын қабылдау;

Ә)Оқушылардың сырт көрінісіне назар аудару, құрал-жабдықтарын тексеру;

Б) Оқушыларды түгендеу, сабаққа назарын аудару;

В) Оқушыларды «Тамыр» және «Бүршік» топтарына бөлу;
II.Үй тапсырмасын қайталау.

1) Биологиялық диктант.

  1. Өсімдік жасушасы … , … , … , … , … тұрады.
  2. Жасушаны үйренетін пән .......... деп аталады.
  3. Барлық гулді өсімдіктер ....... түріне қарай 2 түрлі болады. Олар ....... бүршік және ........... бүршік болып саналады.
  4. Микроскоп ......., ......., ......., ......., ......., ......., ......., ......., бөлшектерден құралған.
  5. Тамырлар шығу тегіне қарай .........., ............, ............ деп бөлінеді. Тамыр жүйесі ......... тамыр және .......... тамыр деп топтасады.
  6. .......... бүршік өркеннің ең ұшында орналасады.

2) Сұрақ — жауап:
А) Құрамында болатын бояғыш заттардың түсіне қарай пластидтер қаншаға бөлінеді?
Ә) Микроскоппен жұмыс істеу тәртібін айтыңыз?
Б) Бүршік дегеніміз не?
В) Бүршік қандай қызмет атқарады?

Г) Жанама бүршік өркеннің қай жерінде орналасқан?

Д) Өркеннің түріне қарай бүршіктер неше бөлімге жіктеледі?

Е) Бүршіктің ішкі құрылысы қандай бөлімдерден тұрады?


III. Жаңа сабақты меңгерту.
§16. Жапырақ. Жапырақтың құрылысы.

Жаңа сабақ жоспарға бөлініп, топ оқушылары өз бетімен дайындалып жауап береді.

Жоспар:

  1. Жапырақ не? Оның қызметі. Жай және күрделі жапырақ .
  2. . Жапырақтың ішкі және сыртқы құрылысы.

Жапырақ - өсімдіктің негізгі мүшесінің бірі, онда органикалық зат түзіледі,газ алмасып,су буланады.

Жапырақ (лат. folіum, гр. phyllon) — жоғары сатыдағы өсімдіктердің фотосинтез, газ алмасу, буландыру, қор жинау, көбею қызметтерін атқаратын өсу мүшесі. Ол негізгі өркеннің жанама бұтақтарының қысқаруынан пайда болады.

Жапырақтың мөлшері әр түрлі болады. Мысалы, шөптесін өсімдіктерде 3 — 10 см-дей, банан жапырағының ұзындығы 1 — 5 м, ені 40 — 50 см, цейлон пальмасы жапырағының ұзындығы 10 — 20 м, ені 12 м-ге дейін. Жапырақтың сыртқы құрылысы — Жапырақ тақтасынан (алақанынан) және сағақтан тұрады. Жапрақтың кеңейген жері — тақтасы, ал сабаққа бекінетін жіңішке бөлігі — сағағы деп аталады. Сағақсыз жапырақтар да болады. Сабақ буынынан тармақталған сағақты бір жапырақ өсіп шықса — жәй жапырақ деп аталады, олардың пішіндері әр түрлі болады, мысалы, қарағайдың, шыршаның Жапырақты — қылқан, ине, астық тұқымдастарында — таспа; көк теректе — дөңгелек тәрізді. Бір сағаққа бірнеше жапырақ орналасса — күрделі Жапырақ деп аталады. Бұлар да әр түрлі болады: үшқұлақты күрделі Жапырақ (беде, соя); саусақ салалы күрделі Жапырақ (атбас талшын, қарасора, қазтабан, т.б.); қауырсын тәрізді күрделі Жапырақ, ал бұл жұп қауырсынды (асбұршақ, ноғатық, т.б.), тақ қауырсынды (қызыл мия, итмұрын, шетен, грек жаңғағы, т.б.) болып бөлінеді. Жапырақ тақтасының анатомдық құрылымы — оның қандай қызмет атқаратынын анықтайды. Жапырақтақтасын екі жағынан да жұқа қабықшамен қапталған эпидермис жауып жатады.

Жапыраққа беріктілік, серпімділік қасиет беретін, оның “қаңқасын” құрайтын талшықтар жапырақ жүйкесін құрайды. Жапырақ жүйкесінің құрамында әр түрлі клеткалардан құралған негізгі өткізгіш ұлпа — ксилема; өсімдікте органикалық заттарды таситын және өсімдіктің арнайы мүшелерінде (жер асты тамырында, өсу нүктесінде, жемісі мен дәнінде, т.б.) қор жинауға қатысатын түтікті-талшықты күрделі ұлпа — флоэма болады. Жапырақ сағағынан тақтасына қарай жалғасып жатқан өткізгіш шоқтар — орталық жүйке деп аталады, ал одан жан-жаққа таралған жанама жүйкелердің орналасуына қарай жүйкелену бірнеше типке бөлінеді: қауырсын тәрізді торлы жүйкелену — орталық жүйкенің жан-жағын жанамалап жатуы (тал, терек, алма, алмұрт, шие, т.б.); саусақ салалы жүйкелену— негізгі орталық жүйке бір жерден басталып, жапырақ жиегіне дейін саусақ тәрізді салаланып таралуы (үйеңкі, бегония, т.б.); параллель (қатарласа) жүйкелену — талшықтар жапырақтың ұшына қарай қатарласа созылуы (барлық астық тұқымдастары), доғалы жүйкелену — жүйкелер жапырақ тақтасының түбінен шығып, жапырақтың ұшына жеткен кезде доға тәрізді бір-бірімен соқтығысады.(інжугүл,жолжелкен.)

Өсімдік жапырағы белгілі бір заңдылықпен орналасады: 1)кезектесіп орналасу — сабақтың әр буынында дара жапырақ кезек-кезек шығады. Мысалы, жапырақ бір-бірін көлеңкелемеу үшін бір жапырақ сабақтан оңтүстікке қарай, екіншісі солтүстікке, үшіншісі шығысқа, төртіншісі батысқа қарай кезектесе орналасады. Сондықтан жапырақ тақталары қанша үлкен болғанымен, жарықтың түсуіне кедергі болмайды (астық тұқымдасы, емен, т.б.); 2) қарама-қарсы орналасу — сабақтың әр буынынан екі жапырақ бір-біріне қарама-қарсы өсіп шығады да, үстіңгі жапырақтар төменгілерін көлеңкелемейді (үйеңкі, қалампыр, жалбыз, сирень, т.б.); 3) топтанып орналасу — сабақтың бір буынында үш не одан да көп жапырақтың болуы (сары ағаш, қарғакөз, т.б.).

Жапырақ алдымен ұшынан өседі, 30 — 40 күннен кейін өсуі тоқталады, тек қырыққұлақ пен вельвичияның жапырақтары қурап қалғанша өсе береді. Жапырақтың тіршілік ету ұзақтығы бірнеше айдан 15 жылға дейін созылады. Мысалы, кәдімгі қарағайда 2 — 3 жыл, Кавказ самырсынында 9 — 13 жыл, шыршада 5 жыл, т.б. Ал ашық тұқымдылардың жапырақтары бірден түспей кезектесіп түсетіндіктен мәңгі жасыл болып көрінеді.

Жапырақтың жүйкеленуі
Жүйкелену деп өткізгіш шоқтарының жапырақ тақтасына орналасуын айтады.
Қызметі
1. Жапырақ қабаттарына су мен онда еріген минералды тұздар жеткізеді; түзілген органикалық заттар басқа мүшелеріне таралады;
2. Жапыраққа беріктік қасиет береді.
Жапырақтың сабаққа орналасуы
А). Кезектесе орналасу
Б). Қарама қарсы орналасу
В). Топтасып орналасу

IV. Сабақты бекіту.
1. Оқытушы тарапынан сабақты толықтыру.
2. Топ оқушылары өздерімен әкелген жапырақтарына қарап , оларға сипаттама беру және ажырату.
3. Бейне көрінісі
V. Сабақты қорытындылау.
Жапырақ тақырыбы бойынша түсініктерін тұжырымдай отырып, топ оқушыларды бағалау.

VI. Үйге тапсырма.
§16. Жұмыс дәптері бойынша - 34, 35, 36 беттердегі 63, 64, 66 тапсырмалар.

Мұғалім: Альметова Г.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности