link0 link1 link2 link3 link4 link5 link6 link7 link8 link9 link10 link11 link12 link13 link14 link15 link16 link17 link18 link19 link20 link21 link22 link23 link24 link25 link26 link27 link28 link29 link30 link31 link32 link33 link34 link35 link36 link37 link38 link39 link40 link41 link42 link43 link44 link45 link46 link47 link48 link49 link50 link51 link52 link53 link54 link55 link56 link57 link58 link59 link60 link61 link62 link63 link64 link65 link66 link67 link68 link69 link70 link71 link72 link73 link74 link75 link76 link77 link78 link79 link80 link81 link82 link83 link84 link85 link86 link87 link88 link89 link90 link91 link92 link93 link94 link95 link96 link97 link98 link99 link100 link101 link102 link103 link104 link105 link106 link107 link108 link109 link110 link111 link112 link113 link114 link115 link116 link117 link118 link119 link120 link121 link122 link123 link124 link125
Абдулхаликова Елена Владимировна
Должность:Учитель-методист
Группа:Команда портала
Страна:Россия
Регион:Ижевск
Акибаева Жаркын Ахметжановна, учитель казахского языка средней школы №22 города Актобе, Казахстан

№22 ортамектебі

Ж.А.Акибаева, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Класс: 4

Cабақтың тақырыбы: Алтын күз.

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың жылдың күз мезгілі туралы білімдерін толықтыру және пысықтау. Оқушылардың ойлау,есте сақтау қабілеттерін,дүниетанымын,ауызекі сөйлеу тілін дамыту,сөздік қорын молайту.
Күз айларының халыққа молшылық алып келетінін,қуаныш сыйлайтынын жеткізу.Ойын арқылы оқушылардың тапқырлық,ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру.
Табиғатты аялауға, әсемдікті көре білуге, қоршаған ортаны, Отанын сүюге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Күз мезгіліне байланысты суреттер, жемістер мен көкөністер көрмесі,жапырақтар,интерактивті тақта.

Әдістері: түсіндіру,сұрақ –жауап,тест,ойын

Сабақтың түрі:ойын сабағы.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесу.

Оқушылардың сабаққа қатысуын және дайындығын тексеру.

II Ойын сабағы
1) Кіріспе сөз.

Балалар,жұмбақ шеше білесіңдер ме? Онда тыңдаңдар.
Бұлттар төніп, жерге төгіліп,
Дымқыл тұман басады.
Шөп сарғайып, өңі тайып,
Дала нұры қашады.
Ойнай алмай,
Денең мұздап тоңады.
Бөбектерім айтыңдаршы
Бұл қай кезде болады?( күз)

Дұрыс.Бүгін сабақтың тақырыбы « Алтын күз.»

Сабағымыз ойын түрінде өтеді.

Күз дегеніміз — байлық, молшылық, тоқшылық. Күз дегеніміз — жер ананың дарқан дастарханы. Себебі күзде барлық жеміс — жидек, көкөністер піседі.
Алтын күз деп аталу себебін білесіңдер ме? Себебі, айнала сары түске боялып, алтындай болады. Ал алтын байлықтың белгісі.

Әй,балалар,балалар!

Менде қызық ойын бар.

Ал ықылас қойыңдар

Кәне,тәртіп сақтайық

Ойынды біз бастайық.

(Интерактивті тақта арқылы ойындарды жүргізу.)

Ойын шартымен таныстыру

I ойын «Ұйқасын тап»

1. Пісетін кезі дәл күзде,
Мезгілсіз оны үзбе.
Аузыңнан кетпес бал дәмі
Оның аты … . ( Шабдалы)


2. Кіп — кішкене болса да,
Ағаштың басын иеді.

Жемістерін айырып,
Танисың ба … . ? ( Шиені)


3. Жапырақты тасалап,
Өсетін жері бақша — бақ.
Күрең қызыл шіркін — ай
Оның аты … . (Таңқұрай )

II ойын «Кім жүйрік»


1 сұрақ. Күзде қандай мерекелер болады?
2 сұрақ. Күз айларын атап шығыңдар?
3 сұрақ.Күзде құстар не істейді?
4 сұрақ. Күзде ауа райы қандай болады?

5 сұрақ.Сабақ қай айда басталады?

6 сұрақ.Күзде жапырақтар қандай?

7 сұрақ.Күзде бақта не піседі?

8 сұрақ.Күзде не жиі жауады?

9 сұрақ.Күзге дейін қандай жыл мезгілі болады?

10 сұрақ.Күзден кейін қандай жыл мезгілі болады?

IIIойын «Кім тапқыр»

Ал,балалар,балалар,

Енді мені тыңдаңдар.

Қандай жұмбақ айтсам да,

Шешпей оны қоймаңдар


1.Жаздай інге тығылып,
Жатқан қызыл түлкіні
Құйрығынан суырып,
Әкелді әжем бір күні.

Бұл не? (Сәбіз)


2. Жайлы, жұмсақ төсегім,
Домаланып өсемін
Қабат-қабат тоным бар
Қалай оны шешемін?
Бұл не? (Орамжапырақ)


3. Қалың киім ұнатады,
Шешіндірсең жылатады.
Бұл не? (Пияз)


4. Аспай піскен,

қайнамай түскен.

Бұл не? (Жеміс)

Сергіту сәті. Тербеледі ағаштар,

Алдымен жел еседі.

Кіп-кішкентай ағаштар,

Су құйғанда өседі.

IV ойын «Артық сөзді тап.»

1. Күз, жаңбыр, нан.

2 . Құстар, дәптер, жапырақтар.

3 . Кітапхана. қыркүйек, көкөністер.

4.Қияр,сәбіз,қағаз.

5.Алма,алмұрт,кітап.

6.Қазан,қараша,қалам.

Vойын «Мен бастаймын ,сен аяқта.»

Қыста қар жауады,ал күзде.........

Көктемде ағаштар бүршік атады,ал күзде...........

Жазда ауа райы ыстық болады,ал күзде.............

VI ойын «Қай ағаштың жапырағы.»

(Емен,қайың,үйеңкі,шие,алма,қарақат.)

қараша

III. Сабақты бекіту.

Күз

қыркүйек

сабақ

жапырақ

қазан

салқын

жемістер

көкөністер

көкөністер мен жемістер

жаңбыр

IV. Қорытындылау

Тест.

1.Күзде ауа райы қандай болады?

А.жылы В.салқын С.ерте Д.қысқа

2.Күзде мектепте не басталады?

А.ай В.жаңбыр С.сабақ Д.күн

3.Күзде ағаш жапырақтары қандай болады?

А.ақ В.қара С.сары Д.көк

4.Күзде бақшада не піседі?

А.ағаш В.көкөністер С.тау Д.үйрек

5.Күзде не жиі жауады?

А.күн В.жапырақ С.жаңбыр Д.өзен

6.Құстар жылы жаққа қашан ұшып кетеді?

А.күзде В.жазда С.қыста Д.көктемде

7.Күздің айы

А.тамыз В.қаңтар С.қазан Д.наурыз

8.Күзде не көп?

А.көкөністер В.қағаз С.қар Д.қалам

9.Күзде не киеміз?

А.күзгі киім В.қысқы киім С.жазғы киім Д.жеңіл киім

10.Ағаштың жапырақтары қайда түседі?

А. базарға В.жерге С.партаға Д.үстелге

11.Күзде құстар не істейді?

А.ұшып келеді В.ұшып кетеді С.қонады Д.келеді

12.Жеміс-жидектерді жуып -----------керек.

А.қарау В.көру С.жеу Д.оқу

13.Қыркүйек,қазан,қараша --------------айлары.

А.жаз В.қыс С.көктем Д.күз

14.Күзге дейін қандай жыл мезгілі болады?

А.шілде В.қыс С.көктем Д.жаз

15.Мен күз.... жақсы көремін.

А.-ды В.-ді С.-ты Д.- ті

  1. Бағалау.

VI.Үйге тапсырма

Бағалау парағы

Оқушының

аты-жөні

Iойын

IIойын

IIIойын

IVойын

Vойын

VIойын

тест

баға

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности