link12600 link12601 link12602 link12603 link12604 link12605 link12606 link12607 link12608 link12609 link12610 link12611 link12612 link12613 link12614 link12615 link12616 link12617 link12618 link12619 link12620 link12621 link12622 link12623 link12624 link12625 link12626 link12627 link12628 link12629 link12630 link12631 link12632 link12633 link12634 link12635 link12636 link12637 link12638 link12639 link12640 link12641 link12642 link12643 link12644 link12645 link12646 link12647 link12648 link12649 link12650 link12651 link12652 link12653 link12654 link12655 link12656 link12657 link12658 link12659 link12660 link12661 link12662 link12663 link12664 link12665 link12666 link12667 link12668 link12669 link12670 link12671 link12672 link12673 link12674 link12675 link12676 link12677 link12678 link12679 link12680 link12681 link12682 link12683 link12684 link12685 link12686 link12687 link12688 link12689 link12690 link12691 link12692 link12693 link12694 link12695 link12696 link12697 link12698 link12699 link12700 link12701 link12702 link12703 link12704 link12705 link12706 link12707 link12708 link12709 link12710 link12711 link12712 link12713 link12714 link12715 link12716 link12717 link12718 link12719
Абатова Мейрамгүл
Должность:Учительница казахского языка и литературы
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Мангистауская область, город Жанаозен
Мұғалім шеберлігі-оқушы жеңісі

Заманауи әлемде елдің қуаты ең алдымен азаматтарының білімімен өлшенеді. Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламасы бойынша курстан өткеннен кейін «Ұстаз ретінде кәсіби біліктілігім мен тұлғалық құзіреттілігімнің даму дәрежесі қандай деңгейде, қазіргі заман талабына сай оқыту мен тәрбиелеуді өзгертуге қабілеттімін бе?» деген сұрақтар менің күн тәртібімнен түскен емес.Кәсіби даму мен өзгерістер күнделікті сабағымда: тапсырмаларды қалай ұйымдастырамын, қандай әдіс-тәсілдерді қолданамын, оқушыны өздігінен білім алуға қалай бағыттаймын деген талаптармен, жауапкершілікпен бірге жүзеге асып жатқанын түсінемін.

Елбасымыз Н. Назарбаев "Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелер міндет ауыр" деген болатын. Курстан кейінгі 3 жылдық тәжірибеме саралау, талдау жүргізсем, менің әр сабақта мақсатыма жетуіме оқып үйренген жаңа әдіс-тәсілдердің үлкен сүйенетін күш болғандығын білдім. Мақсатыма сай тиімді деп таңдап алған әдіс — тәсілдерді балалардың ұсыныс - пікірлерін еркін айтуға, өздеріне деген сенімін арттыруға, ақыл-ойын дамытуға, оларды сөйлетуге бағыттап отырдым. Баланы жеке тұлға ретінде өздігінен дамуға жетелеу, бағыттауымыз керек. Себебі, жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білім алу арқылы өз бетінше дамуын қойып отыр. Күнделікті сабаққа шығармашылық үлкен ізденіспен, жоспарлы дайындықпен барсаң, балалармен сабақ өту өте жеңіл болатындығына, жаңа жоспарлар, идеялар, жаңа көзқарас пен жаңа зерттеулер туындайтынына көзім жетті.

Түрлі тапсырмалар орындату барысында әр оқушының дарындылығын айқындауды, оның тұлғалық қасиетін ашуды бақылауды мақсат еттім. Жас жеткіншектердің бойындағы ерекше қабілеттілікті, дарындылықты тани білу, оның одан әрі дамуына бағыт-бағдар беру, оны сол бағытқа жетелеу - бүгінігі күн ұстаздарының басты қызметі.

Бағалаудың түрлерін оқушы қызығатындай шебер, ұтымды қолдану, бағалау өлшемдерін әр тапсырмаға сай құрастыра білу де теориялық мықты сауаттылықты, мұғалімнің де сыни ойлауын қажет ететінін ұғындым. Сабақ үрдісінде оқушылар өзіне- өзі баға беруге, жолдасына сын көзбен қарауға, өзінің жетістігін, кемшілігін білуге, ары қарай не істеуге болатынын түсіну дағдылары қалыптасатынына көзім жетті.Мені әсіресе қатты қызықтырғаны - жиынтық бағалау болды. Жиынтық бағалауда БЛУМ өлшеміне сай тапсырмалар дайындау және бұл тапсырмаларды орындауға оқушылардың қызығушылығы бола ма, білім сапасында қандай өзгерістер болады деген сұрақтар туындайтыны белгілі. Оқушылар арасында ынтымақтастықты бақылауда ұстау,сенімділікті қалыптастыру,өзара сыйластықты орната білу мен ұдайы бақылап отыру менен үлкен шеберлікті қажет етті.

Заман ағымынан қалмаймын деген әрбір оқытушы өте көп ақпараттан хабардар болуы қажет. Ол үшін әрине интернет желісін мақсатыңа сай тиімді пайдалана білуің керек. Қазіргі заман оқу әдістерін жеке меңгеру де осы шеберліктің бір қыры.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы болғаннан кейін менің алдымда қазақ тілінің мерейін өсіру, оқушыларға өз тілі мен әдебиетінің қыры мен сырын меңгерту,сөйлеу мәдениетін қалыптастыру мен қоса ұлттық дәстүрді қадірлей білуге, ұлттық тәлім- тәрбие беру міндеттері тұр. Мен әрбір сабағымда 7модульдің сабақ үрдісінде бір-бірімен байланыса жүзеге асуын мақсат етемін. 7 модульге негізделген оқытуда диалогтың маңызы ерекше екендігі белгілі. Әр тақырыпың мақсатына сай диалогты өрбіте білу, оның түпкі нәтижесінен елін, ұлтын сүйетін тұлғаны қалыптастыру, патриотизмге қарай бағыттай білу де мұғалімнің негізгі міндеттерінің бірі, әрі шеберлігі. Рухани бай, жан-жақты дамыған жеке тұлғадағы ең басты қасиеттердің бірі - тіл байлығы. Өз ойын нақты әрі көркем жеткізе білетін, шешен де алғыр, Абайша айтқанда сөзі жүрекке жылы тиіп, сөз қадірін білетіндер де ғана қазақы тұлғалық қасиет болады деп түсінемін.

Бүгінгі мектептің міндеті- әлемдік білім кеңестігіне ене отырып, басекеге қабілетті тұлға дайындау. Ұлт ұстазы Ы.Алтынсарин: "Қазақ мектептері - қазақтарға білім берудің басты құралы,біздің барлық үмітіміз, қазақ халқынын келешегі осы мектептерде. Сондықтан мектептерде жақсы білім беретін болсын"дейді. Жақсы білім беру- бұл мұғалімнің шеберлігі, теориялық сауаттылығы, қабілеттілігі мен отансүйгіштік қасиеті деп білемін. Өйткені, мұғалім шеберлігі-оқушы жеңісі.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–2025. Политика конфиденциальности