Казахстан,Южно-Казахстанская область,г.Шымкент
Школа-гимназия №107 имени Ю.Сареми
Заместитель директора по воспитательной работе
Маккамбаева Наргиза Пайзахматовна
… Біз табиғаттың өзін қайта түлететін ұрпақпыз. Жер, су, ауа — адам баласының ұрпағынан ұрпағына мұра болып келе жатқан мол қазына… Әрбір ағашты, әрбір бұлақты, жалғыз дәнді де иждаһаттылықпен сақтау, қамқор болу - басты міндеттердің бірі.
Ыбырай Жақаев
Су мен жер туралы ой — бұл түптеп келгенде адамның өзі туралы ой.
Шыңғыс Айтматов
Өткенді білмейінше, бүгінгі күннің мәнін және келешектің мақсатын түсіну мүмкін емес.
Абай Құнанбаев
Елдің елдігін сақтайтын - әдебиеті, тарихы, жол - жорасы.
Мағжан Жұмабаев
Ел мен жер — оның көгілдір орманы мен мөлдір көлдері, өзендері, байтақ даласы мен асқақ таулары — біздің басты байлығымыз. Жер, су, ауа адам баласының ұрпағынан ұрпағына мұра болып келе жатқан мол қазына. Міне, осы қазынаны аға ұрпақ өкілдері біз де, сендер де, барлығымыз да көз қарашығындай сақтап, ел игілігіне жұмсауымыз қажет.
Ыбырай Жақаев
Сайрам-Исфиджаб жайында айтылған қанатты сөздер.
1. "Сайрам-ақ қала деп аталған". Исфиджаб жері
2. "Сайрам әскерлердің сенім тірегі және алынбас қамалы".
Ал-Мақдуси
3. "Сайрам Исфиджаб шекаралық алынбас қамал".
Яқут Хамави
4. "Сайрамсу өз деңгейінен жоғары көтерілмейтін таңғажайып су орны".
Махмұт Қашқари
5. "1840 жылы Сайрам қаласын Саманит Нүх Ибн Асат басып алып, егістік алқаптарын дуал қабырғамен орап берген".
Ал- Белазури
6. "Исфиджаб–Сайрам көкеніс, жеміс-жидектерімен, егістік алқаптарымен белгілі болған қала".
Ал-Истахри
7. "Сайрам - сулы-нурлы, жемісті, жасыл бай қала".
Сюан Цзян
Руханият пен білім беру салаларын дамытудың аса маңызды құрамдас бөлігі ретінде бір қатар ауқымды жобалардың басын қосатын «Мәдени мұра» арнаулы бағдарламасын әзірлеп, іске асыруға кірісуді ұсынамын. Оның мақсаты халықтың орасан мол мәдени мұрасын, соның ішінде осы заманғы ұлттық мәдениеттің фольклорын, дәстүрлер мен салттарын зерделеудің біртұтас жұйесін жазу.
Н.Ә.Назарбаев
ҚазақстанРеспубликасының Президенті
Кіріспе. Көне заманнан бізге жетіп келген мұралар, елмен жердің тарихи атауларын бүгінгі ұрпаққа таныстыру мақсатында осы ғылыми жүмысты зерттеуді мақсат еттім. Әсіресе Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Мәдени мұра» бағдарламасын орындауда Сайрам тарихын, бабаларымыздың мұралары туралы мағлұмат беретін жұмысты бастауға ниет еттім. Сайрам ежелгі қалалардың бірі болып, сан мыңдаған жылдық тарихқа ие.
Сайрам қазақ хаңдықтары кезінде.
Ұрпаққа өнеге боларлық өзбек пен қазақ достығы беттері Сайрам тарихында аз емес. Сайрамдықтар қалмақ пен орыс шапқыншылықтары кезіндегі қазақ батырларымен бірге ерлік көрсетті. Жоңғар басқыншылығы кезінде айлакерлікпен Қарамұрт қақпасын ашып, қамалға лап қояды. Жау шапқыншылары барлық жерді өртеп, жермен жексен қылады, байлықтарын талан-таражға салады, ғажайып құрылыстарды, кесенелерді бұзып, қастерлі әрі құнды кітаптарды өртеп, Сайрамды ойранға айналдырады, әлемдегі саяхатшылардың қызығушылығын туғызған, саудагерлер үшін кен орны болған Сайрамның күлі көкке ұшты, талқандалды. Жоңғарлардың жауыздық іс-әрекеттерін жазуға адам жаны түршігеді. Соңғы ғасырларда Сайрам өркендеп, Аққала (Мадинат-ул Байза) атын алған болатын. Сол ғасырда өте көп ғұлама, әулиелер өмір сүрді. Сайрамда көп зәулім ғимараттар салынды, жер асты жолы қазылды (Яқут Хамауи), мешіт, медресе, моншалар қүрылды.
Мәдениет өркендеді: осы ғасырларда дүниеге келген ғалым, әулие, ғұламалар — Ибрахим Шайх, Лутфулла Сареми, Қожа Ахмет Ясауи, Қазы Байзауи, Маликшах, Насриддин Сареми, Қутбитдин Байзауи және тағы басқалар өмір сүрді. Ғылымның әр түрлі саласында жетік ғалымдар болды.
Топонимика және гидротопонимика түралы түсінік.
Топонимика гректің сөзі болып ("топос" - жер, жергілікті, "ономо" - атау) жер атаулары деген мағынаны білдіреді. Топонимика географиялық атаулардың немесе жер-су аттарының шығуын, дамуын, қазіргі жағдайын зерттейді. Топонимикалық атаулардың ең негізгі қасиеті олардың тұрақтылығы, сол үшін де мұндай атаулар адамзат тарихы, мәдениеті және тілі жөнінде көне де ғылыми мәліметтер береді. Топонимика мақсаты — жер атауларының пайда болуы, олардың зандылықтары, жылдық жаратылысы, олардың мән мағынасы туралы мәлімет, білім береді. («Қазақ совет энциклопедиясы II том, 102 бет 1977 жыл Алматы)
Сайрам гидротопонимикасы және оның тарихы.
Туған өлкенің жер-су, қала, елді мекендерге байланысты географиялық атаулардың әр жылдары әр түрлі өзгерістерге ұшырағаны бізге тарихтан жақсы белгілі. Ал егер сол географиялық атаулардың (топонимдердің) о бастағы түпкі мазмұнына үңілсек, онда үлкен, терең сыр жатқанын аңғару тіпті қиын емес. Өйткені ертеде адамдар табиғатты да, жер-суды, тау-тасты, ағашты, өсімдіктерді де жанды нәрсе деп есептеп, оларға айрықша ықыласпен қараған. Көптеген атаулар сол кездегі тарихи оқиғалармен, халықтың мұрат-мақсатымен байланыстырылып отырған.
Сайрам ауылында орналасқан өзен, көлдер, су арналарының аттары туралы.
Сайрам жерін мысалға алып қарайтын болсақ, онда да көптеген гидронимдерге, олардың тарихы (атауының келіп шығуы) жайында мәлімет аламыз. Атап айтар болсақ: Ақсу, Сайрамсу, Бадам, Арыс өзендері, Қызылсу, Қарасу, Үлы арық, Сай арық, Сексен тіллә, Тассай.
Ақсу. Оңтүстік Қазақстан облысындағы Ақсу өзені Алатаудан бастау алып, Арыс өзеніне барып құятын үзындығы 133 км өзен болып есептеледі.
Көктемде суы тасып, ластанады, ағарып ағады. Жаз, күз мезгілдерінде суы азаяды. Суы ақтастарды шайып, жылдам ағатындықтан суының түсі ақ болады. Сол себепті бұл өзен Ақсу деп аталады.
Бадам. Ұзындығы 141 км. Қоржан тауынан басталып, Арыс өзеніне құяды. Бадам өзенінің бойында 6 үлкен, 23 кішігірім каналдар бар. Ол өзен жағасындағы территориялар Бадам елдімекені немесе Бадам ауылы деп аталады. Кейбір деректерде бұл атаудың шығу себебін өзен бойында жағалай Бадам ағаштарының өскендігімен түсіндіреді.
Тассай. Сайрамның солтүстігінде орналасқан әрі үлкен, әрі кең алқап. Алатаудан көптеген сулар ағып келіп, жер бетіндегі жеңіл, жұмсақ жыныстарды, топырақтарды ағызып кеткен. Сөйтіп оның жоғарғы қабатының барлық жері таспен қапталған. Сол себептен бұл жердегі үлкен сулар шығыстан батысқа қарай ағып жатыр. Басқыншылық кезінде судың жолын, бағытын басқа бағытқа бұрып жіберген деген деректер бар. Тассай қазір де өзен арнасына ұқсас. Өзен ағып өтетін жерді яғни сол аумақты Тассай деп атаған.
Ұлы арық. Сайрамның ортасынан ағып өтетін бұл арықтың келеміне қарай ауылдағы барша халықтар, диқандар егістік алқаптарын суғаратын бірден бір су көзі болғандықтан сондай атауға ие болған болса керек. Ұлы арық бойында көптеген әулиелер, қабірлер (Қазы Байзави, Лайхор ата) және кесенелер бар. Сондықтан арықтың атауы соған да байланысты болуы мүмкін. “Ұлы” сөзі “Қасиетті” деген мағынаны білдіреді.
Қызылсу. Сайрам мен Қызылтау аралығындағы ауыл атауы. Сайрам қаласының маңында шағын өзен ағып жатады. Бүл өзеннің бір ерекшелігі — ол тек көктем мезгілінде ағады, басқа уақытта жоқ болып кетеді. Кітаптарда Ақсудан арық арқылы ағып келетін су жұмсақ қызыл топырақ үстінен ағып өтеді, сонда судың түсі қызыл секілді көрінеді. Сондықтан бұл арықтың аты да, арық ағып өтетін ауыл да Қызылсу деп аталған.
Қарасу. Сайрамның солтүстігінде орналасқан елдімекен. Бұл ауыл да сол жердегі арық суының атымен аталған. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, сол жердегі бұлақ суының қаралау болғандығы себепті Қарасу деп аталған деген пікір бар. Кейбіреулер “Қара” деген сөз «күшті, үлкен, көп, құдіретті» деген мағынада қолданылып, сол жердегі бұлақтардың ішіндегі ең үлкені болғандықтан солай аталған деген ойды айтады. Ертеде Қарасу өте мол, әрі қатты екпінмен күшті ағыста ағатын болған.
Сексентіллә. Бүл жер Сайрам жерінің шығыс жағында орналасқан елдімекен. Қарттардың айтуынша, егіншілікпен шұғылданатын Сайрамдықтар ұшін жазда су жеткілікті болмайды, сондай кездерде суға талас болып екі адамның біреуі қаза болады. Қазының шешімі бойынша өлген адамның құнына сексен тіллә (алтын) төлеткізген. Сондықтан бұл өңір Сексен тіллә деп аталып кеткен.
Сайрамсу. Оңтүстік Қазақстан облысы (Шымкент) Ленгір ауданында орналасқан өзен. Ұзындығы 76км, алқабы 1060км2. Угам жотасындағы қар жиынтығынан басталып Сайрамсу тұсындағы Бадам өзеніне құяды. Өзеннің жоғарғы бөлігінің арнасы тау аралығындағы тар шатқалмен ағады. Суы мол, ағыны қатты. Жылдық орташа су шығыны 7,51м3/ сек.
Бәңгі құдық. Бәңгі құдық, Қала құдық, Үлкен құдық сияқтыларды халық киелі есептеп келген. Бәңгі құдықтың көп қасиетті суы Шымкенттегі Қашқар ата бұлағынан шығады екен. Бүл жайында біздің жерлесіміз Әкімшиков Қорғанбай дейтін геологпен әңгімелескенімізде, Сайрам жерінің түбінде бірнеше суы көп өзендер кездеседі, деп картасын көрсетті.
Табиғат және біз. … Экологиялық проблемалар - ең маңызды өмірлік проблемалардың бірі, өйткені әңгіме адамның өмір сүрген ортасы туралы, болашақ ұрпақтардың өмірі туралы болып отыр, деп айтып өткен Шыңғыс Айтматов.
Әрбір адамзат табиғаттың өз өмірлерімен тығыз байланысты екенін ұғына білуі керек. Айналамызды
қоршаған ортадағы барлық тіршілік иесі табиғат қойнауындағы су, өсімдік әлемдерімен бірге өмір сүріп жатқандығын білуі керек. Халық арасында осы табиғатқа байланысты ауыз әдебиеті үлгілерінде де кеңінен насихатталған. Аңыз әңгімелер, ертегілерді оқып отырсақ, табиғатқа жасалған жауыздық іс-әрекеттердің бәрі қайғылы аяқталатынын баршамыз оқып жүрміз.
Елбасымыз "Еліміздің болашағы жастар қолында" деген еді. Сондықтан елдің ертеңгі тағдырын жалғастырушы біз жастар осы тақырып төңірегінде кеңірек ой қозғап, жұмыс алып бармасақ, бізден келер ұрпақтарымызға не қалады?
Қазіргі таңда экологиялық проблема бүкіл әлемдік деңгейде қозғалып жатыр. Табиғаттың ластануынан жер бетінде түрлі емдеуге болмайтын ауру түрлері көбейіп кетті. Демек экологиялық проблема, адам өмірі жайындағы проблема деген сөз. Келер ұрпақтарының үлесін аманат етіп тапсыру үшін Жер ғаламшарында жасап жатқан әрбір адамзат осы жайлар төңірегінде оң өзгерістерге бет бұруға өз үлестерін қосады деген ойдамын.
Қорытынды. Сайрам халқы ежелден егіншілікпен шұғылданған. Сондықтан қазбалы арықтар, өзендерге үлкен көңіл бөлінген. Қазіргі кезде де аттары аталған өзендер, арықтар қастерленіп сақталады. Су арналары тазартылып, әр көктем мезгілінің басталуында егістік алқаптарға су жіберіледі. Алатаудан бастау алатын сумен еңбекқор халқымыз, егінші, диқан, жергілікті тұрғындар тоқ, әрі бай өмір сүруде. Сан мың жылдық тарихқа ие болған қасиетті Сайрам жері жан-жақтама өркендеген, дамыған құт мекендердің бірі. Қазіргі күнде бүкіл әлемдегі ең ірі экологиялық проблемалардың бірі судың ластануы. Осы проблеманы шешудің алдын алмаса, барлық өзен көлдердің сулары, Арал теңізінің кебін киетіні сөзсіз. Табиғатқа жаны ашымайтын кейбір жандар өзен, көлдерді, бұлақ көздерін қоқыстармен ластауда. Бүған еліміздің заңында да, сондай-ақ исламда да, хадистерде де қатаң тиым салынған теріс әрекеттердің бірі. Киелі Құранда, хадистерде және халықтың ырым, наным, тыйым сөздерінде де «Суға түкірме», «Суға қоқыс тастама», «Бүлақ көрсең көзін аш» деген сөздер айтылған. Заңды бұзушы әрбір адамға қатаң шаралар көріп, су көздерін сақтауымыз қажет.
Ғылыми жүмысты құрастыру барысында елді мекен, жер-су аттарына байланысты ел аузындағы аңыз-әңгімелерді мейлінше молырақ қамтып, бүған дейін жарық көрген ғылыми еңбектерді, зерттеулерді, әдебиеттерді барынша кеңірек пайдалануға тырыстым. Бірақ, әрине, кең-байтақ Сайрам жеріндегі топонимикалық атауларға қатысты барлық әңгімені түгел жинадым деп айтуға әлі ерте. Туған өлкенің толыққанды, нағыз шежіресін жасау келер күннің үлесінде деп білемін.