link3690 link3691 link3692 link3693 link3694 link3695 link3696 link3697 link3698 link3699 link3700 link3701 link3702 link3703 link3704 link3705 link3706 link3707 link3708 link3709 link3710 link3711 link3712 link3713 link3714 link3715 link3716 link3717 link3718 link3719 link3720 link3721 link3722 link3723 link3724 link3725 link3726 link3727 link3728 link3729 link3730 link3731 link3732 link3733 link3734 link3735 link3736 link3737 link3738 link3739 link3740 link3741 link3742 link3743 link3744 link3745 link3746 link3747 link3748 link3749 link3750 link3751 link3752 link3753 link3754 link3755 link3756 link3757 link3758 link3759 link3760 link3761 link3762 link3763 link3764 link3765 link3766 link3767 link3768 link3769 link3770 link3771 link3772 link3773 link3774 link3775 link3776 link3777 link3778 link3779 link3780 link3781 link3782 link3783 link3784 link3785 link3786 link3787 link3788 link3789 link3790 link3791 link3792 link3793 link3794 link3795 link3796 link3797 link3798 link3799 link3800 link3801 link3802 link3803 link3804 link3805 link3806 link3807 link3808 link3809 link3810 link3811 link3812
Ольга Николаевна
Должность:Редактор
Группа:Команда портала
Страна:
Регион:не указан
АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА ҚОЛДАНУ

Казахстан, Мангистауская область, г. Актау

ГУ "Общеобразовательная средняя школа №5 с гимназическими классами"

Учитель математики

Калекеш Айнагуль Абайкызы

Қазақстан Республикасында қабылданған білім ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламалары еліміздің біртұтас дүниежүзілік білім кеңістігіне ену мүмкіндіктерімен байланысты білім беру сапасын ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз етудің жаңа сатылық жүйесін жасауға бағытталған. Бағдарламаның жүзеге асуы білім мекемелерін компьютерлендіруге ғана емес, білім беруді ақпараттандыруды қамтамасыз ету әдістемесіне, ғылым мен тәжірибенің өзара тәрбиеленуі байланысына да тәуелді. Қазіргі кездегі компьютерлік технологияның даму деңгейі жаңа дәуірдің мультимедиялық, телекоммуникациялық мүмкіндіктері мен артықшылықтарын көрсететін, толыққанды сапалы, нақты алғы шарттар болып табылады. Мұндай мүмкіндіктерді жүзеге асыру үшін білім саласында да, сондай-ақ қазіргі кездегі ақпараттық коммуникациялық технологияны дамыту саласында да мамандарды біріктіруге күш салуда.

Бүгінгі таңда мектеп пәндерін компьютер көмегімен оқыту нәтижелілігін зерттеудегі ғылыми проблемаларды шешу ең басты орын алды. Зерттеу нәтижелері көрсетіп отырғандай, мектеп пәндерін оқыту процесінде компьютерді қолдану мұғалім мен оқушы қарым қатынасы жүйесін, олардың іс-әрекеттерінің мазмұнына, құрылымына өзгеріс әкеледі, түрлендіреді.

Демек, оқыту процесінде компьютерді қолдану білім мен біліктілікке қоятын талаптарды қайта қарап, жетілдіріп жүйелеуді талап етеді.

Қазіргі замандағы ақпараттық технологиялар әрбір оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға айқын мүмкіндіктер береді. Сондай-ақ оқушының танымдық іс-әрекеттері күшейіп, өзіндік жұмыстарды тез орындау мүмкіндіктері артады. Дыбыстық, графикалық, бейне, мультимедия, гипер-текстік элементтермен қашықтан компьютерлік оқытудың мүмкіндігі пайда болды. Осылайша оқыту құралдарының бірі — электрондық оқулық. Ол оқушыларды

даралай оқытуда жаңа ақпараттарды жеткізуге, сондай-ақ игерілген білім мен біліктерді тестік бақылауға арналған программалық құрал.

Оқу процесінде жаңа ақпараттық технологияларды енгізу ісі де математикамен тығыз байланысты өткізіледі. Сондықтан математика пәні мұғалімдері компьютерлік техниканы меңгеріп қана қоймай, оны өз пәндерінде кеңінен қолдануда.

Математикадан сабақ беру әдістемесі педагогикалық ғылымдар жүйесінің бір бөлігі болып табылады. Пән ерекшелігіне қарай математика курсын толығынан компьютерлік негізде ауыстыруға болмайды. Мысалы, аксиома, теорема, оларды дәлелдеулер жолымен оқушылардың абстрактылық ойлау қабілетін дамыту істері бұрынғы тәсілдермен жүргізілуі тиіс. Тек кейбір тақырыптар мен тарауларды оқып үйренуді ғана компьтерлік технологияға жүктеу керек.

Оқушылардың пәнді жақсы игеруінің басты шарты мұғалімнің осы сабаққа деген қызығушылықты тудыра білуінен басталады. Ақпараттық технологиялар — педагогтың мүмкіндігін күшейтетін құрал, бірақ ол мұғалімді алмастыра алмайды. Сабақты компьютермен сүйемелдеу ісін жүзеге асыру, оны негіздеу мына негізден қарастырылуы тиіс:

- математикада компьютерді пайдалану арқылы оқу сапасының артуы мен

оқыту аймағының кеңеюіне байланысты қоғамның әлеуметтік талабына сай болуы;

- компьютерлік технологияның бұрынғы дәстүрлі пәндерге, оның ішінде

математикаға араласуы, енгізілуі;

- оқушыларды әртүрлі компьютерлік техникалық құралдарды игеріп, соларды

тұтыну тәсілдерінің қалыптасуы, яғни оларды игеру оқушыларды жаңа білім ортасына жылдам енгізеді.

Компьютермен оқытудың өз мақсаты, мазмұны, формасы және ерекше өткізу

тәсілі бар екені белгілі.

Осындай сабақтар жасаудың мынадай негізгі кезеңдері:

- оқыту мақсатын анықтау;

- өтілетін тақырыптың, бөлімнің материалдарын талдау, керектілерін таңдап

алу және оның тиісті құрылымын жасау;

- оқыту тәсілін таңдау;

- сабақты жобалау, яғни оның жоспарын құрастыру;

- оқу процесінде компьютерлік сүйемелдеуі бар сабақтарды кіргізу.

Компьютерлік сүйемелдеуі бар сабақтарды жасаудың алғашқы кезеңі таңдап

алынған тақырып бойынша оқыту мақсаттарын анықтаудан басталады.

Білім беру мақсатын жүзеге асыру нәтижесінде оқушылар оқу материал-

дарының жаңа көлемін игереді, оның сапасын арттырады, деңгейін өсіреді.

Оқу материалының мазмұнын талдау және таңдап алу кезеңінде алдымен пән бағдарламасына сәйкес оқушылардың игеруге тиісті теориялық сұрақтарын, білімдерін анықтап қарап шығып, оған арналған сағаттар санына да көңіл бөлу керек. Бағдарламаны талдау кезінде пәнаралық байланысты есепке алып отыру ұмытылмауы тиіс. Материалды таңдап алу кезінде сыныптың дайындығы, алдыңғы тақырыптарды игеру нәтижелері есепке алынады.

Көбінесе компьютердегі EXCEL бағдарламасының мүмкіндіктерін пайдаланған өте ыңғайлы және тиімді. Өйткені EXCEL — кестелік процессор, мұнда кестелермен, формулалармен жұмыс жасау мүмкіндіктері мол.

Қазіргі уақытта компьютерді математика сабағында тек қана иллюстрация, тестілеу үшін ғана қолдану жеткілікті емес. Компьютер оқу үрдісінің барлық кезеңдерінде қолдану қажет: жаңа тақырыпты түсіндіруде, бекітуде, қайталауда, білімді, дағдыны, іскерлікті тексеруде.

Компьютерді мынадай тақырыптарға қолдануға болады:

- арифметикалық (геометриялық) прогрессияның n- ші мүшесін және қосындысын табу;

- квадраттық функциялардың графиктерін тұрғызу;

- n- ші дәрежелі теңдеулерді шешу;

- %-ке берілген есептерді шешу;

- амалдарды орындап, өрнектің мәнін табу және т.б.

Ақпараттық технологиялардың тағы бір түрі — қашықтан оқыту спутниктік арнасы, оның педагогикалық мүмкіндіктері қашықтан оқыту жүйесі ұсынатын мынадай шарттарды неғұрлым толық пайдалануға жол ашады:

- оқушы мен мұғалімнің оқу мақсатында өзара белсенді қарым-қатынас

жасауына мүмкіндік беретін ұйымдық техникалық және технологиялық деңгей, әсіресе бейне және дыбыстық конференцияларды ұйымдастыру кезінде;

- оқушыларды әр түрлі шығармашылық әрекетке тартатын және сан

- қырлы педагогикалық функцияларын жүзеге асыратын оқу жұмысы бағдарламасын жасау.

Соңғы кездегі осы технологияның жаңа түрі мектептерде беріліп жүрген ONLINE (ОНЛАЙН) сабақтары болып табылады. Бұл технология да әр мұғалімге өзінің сабақтарын, сабақтан тыс жұмыстарын желі арқылы көрсету, тарату, пікір алмасу мүмкіндіктерін береді.

Қазіргі заман талабына сай кеңінен пайдалануға мүмкіндік беріліп жатқан ақпараттық технология — интерактивті тақта. Бұл технологияның мүмкіндіктері мол және оны барлық сабақтарға қолдануға болады. Енді осы тақтамен жұмыс жасау үшін АCTIVstudio бағдарламасын қолданамыз.Мұнда материалдарды құруға, көрсетуге арналған жұмыс алаңы- флипчарт ашу қажет. Ол көп парағы бар кітап түріндегі флипчарттың электронды версиясы.

АCTIVstudio-да 4 флипчартты қатар ашуға болады. Ол беттер саны компьютердің техникалық мүмкіндігіне тәуелді.

Флипчарт беттерінде төмендегі әрекеттерді орындауға болады:

  • Фондық кескіндер қоюға болады;
  • Ескертпелер мен түсініктемелер жазуға болады;
  • Суреттер салуға немесе кітапханалар ресурсынан дайын суреттерді пайдалануға;
  • Кескін, суреттерді басқа қосымшалардан импорттауға;
  • Фильм мен ойындар қоюға болады.

АCTIVstudio- мен терең танысу арқылы басқа да мүмкіндіктерін табуға болады.

Осы тақтаның мүмкіндіктерін математика сабағына да қолдануға әбден болады. Әр сыныптағы сәйкес келетін тақырыптарға қолдану арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, ынтасын арттыруға болады.

Мысалы, амалдарды орындау, өрнектің мәнін табу, геометриялық фигуралар туралы түсінік, пропорция және оның қасиеті, теңдеу және оның түбірлері, қосу мен көбейтудің қасиеттері, қысқаша көбейту формулалары, арифметикалық (геометриялық) прогрессия т.б. көптеген тақырыптарға қолдануға болады.

«Қазақстан Республикасы ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамыту» мемлекеттік бағдарламасы компьютерлік технологияларды білім саласында кең қолдану ісін дамытуға көп көңіл бөліп отыр. Ендігі бағыт- сол компьютерлік техниканы тұрақты жұмыс істейтін күйде ұстап, білім саласындағы жаңа технологияларды пайдаланып, пән мұғалімдерін электрондық оқу құралдарын даярлау, қолдану ісіне жұмылдыру ісімен жалғасуы тиіс.

Білім жүйесін ақпараттандыру ісін әрі қарай дамыту барлық пәндер бойынша ақпараттық технологияларды кеңінен оқу процесіне енгізу арқылы оқу жүйесін жаңа сатыға көтеру болып табылады.

Сонда ғана білімді ақпараттандыру ісі нақты экономикалық тиімділікке қол жеткізуге мүмкіндік алады.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности