link12852 link12853 link12854 link12855 link12856 link12857 link12858 link12859 link12860 link12861 link12862 link12863 link12864 link12865 link12866 link12867 link12868 link12869 link12870 link12871 link12872 link12873 link12874 link12875 link12876 link12877 link12878 link12879 link12880 link12881 link12882 link12883 link12884 link12885 link12886 link12887 link12888 link12889 link12890 link12891 link12892 link12893 link12894 link12895 link12896 link12897 link12898 link12899 link12900 link12901 link12902 link12903 link12904 link12905 link12906 link12907 link12908 link12909 link12910 link12911 link12912 link12913 link12914 link12915 link12916 link12917 link12918 link12919 link12920 link12921 link12922 link12923 link12924 link12925 link12926 link12927 link12928 link12929 link12930 link12931 link12932 link12933 link12934 link12935 link12936 link12937 link12938 link12939 link12940 link12941 link12942 link12943 link12944 link12945 link12946 link12947 link12948 link12949 link12950 link12951 link12952 link12953 link12954 link12955 link12956 link12957 link12958 link12959 link12960 link12961 link12962 link12963 link12964 link12965 link12966 link12967 link12968 link12969 link12970 link12971 link12972 link12973 link12974 link12975 link12976 link12977
Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Санкт-Петербург
Қызықты математикалық ойындар: "Сиқырлы сандар сырына саяхат"

Қазақстан Республикаcы,Шымкент қаласы

№74 негізгі орта мектеп

Математика пәні мұғалімі

Алтынбекова Гулнар

Тақырыбы:

Қызықты математикалық ойындар: "Сиқырлы сандар сырына саяхат"

Мақсаты:

Білімділік: оқушылардың математикалық білімге деген қызығушылығын, ынтасын арттыру, оқушылардың ойлау қаілетін, білімін тереңдету, оқушылардың практикалық ойлау дағдысын дамыту, шығармашылық қабілетін арттыру.

Дамытушылық: оқушылардың жан-жақты ойлау қабілетін, есте сақтау, көру, сезіну, сөйлеу тілін, логикалық ойлау қабілетін, белсенді ой-өрісін, сөздік қорын дамыту.

Тәрбиелік: оқушыларды өз пікірін еркін айтуға, ауызбіршілікке, ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа, жылдамдыққа тәрбиелеу.

Жоспары:

  • Математикалық фокустар
  • Математикалық ребустар және сөзжұмбақтар
  • Көңілді санау "Кім жылдам"
  • Жылдам есептеу сырлары
  • Ойын "Еселік ойыны". "Бір сөзден құралған ойын"
  • Сіріңке шырпысы қолданылатын ойындар
  • Өнер
  • Жеңімпаздарды марапаттау
  • Әділ қазы алқаларымен таныстыру:
  • 1. МИФ әдістеме бірлестік жетекшісі: Ш.Оракбаева
  • 2. Химия - биология пәнінің мұғалімі: М.Айтқұлова
  • 3. Физика пәнінің мұғалімі: М.Ахылбекова

І. Математикалық фокустар

1. Фокусты 8 а сынып оқушысы Әділбек Диана қағаз бетіне төмендегі жазбаны жазып көрсетеді.

1000

30

1000

40

1000

20

1000

10

Барлық сандарды қағазбен жауып жоғарыдан төмен қарай кезек кезегіне аша отырып, оқушыдан жылдам қосуды сұрау керек, сонда оқушы жауабын айтады. Оқушы дұрыс есептей алды ма?

( Нәтижесі: көбінесе оқушылар 5000 деп айтады, ал шындығында жауабы: 4100) (5-9 сыныптар)

2. Фокусшы 8 а сынып оқушысы Кенджабаева Аружан .

Фокус: "Ойлаған санды табу" (7-9 сыныптар )

Оқушыға екі таңбалы санды ойла деңіз. Сол ойлаған екі таңбалы санның, ондық разрядта тұрған цифрын екі есе көбейтіп, алынған көбейтіндіге 5 бірлікті қосып, бұл қосындыны 5 есе көбейтіп, оған 10 бірлікті және де ойлаған санның бірлігін қосуды айтыңыз. Содан келіп алынған жауабын сұраңыз.

( Құпиясы: сіз ойлаған саннан 35-ті азайтып, оқушының ойлаған санын айта аласыз)

3. Фокусшы 8 а сынып оқушысы Асахаева Несібелі

Фокус: "Мен ойлаған сан" (5-6)

  • бір сан ойла
  • ойлаған саннан бірді азайт
  • айырманы 2-ге көбейт
  • шыққан санға ойлаған санды қос
  • шыққан санды ата

(Құпиясы: шыққан нәтижеге 2-ні қосып, қосындыны 3-ке бөлу керек, сонда ойлаған сан шығады)

ІІ. Математикалық ребустар

1. Әрбір әріптен бір цифрды белгілейді

  • АВ * А = CCC Жауабы: 37*3 = 111
  • МННН - ККК = М Жауабы: 1000-999 = 1
  • эстафета, концерт,жихаз, ел іші алтын бесік
  • тіл қылыштан өткір, өтірік сөз өрге бастайды.
  • елу жылда ел жаңа, жаздың бір күні қыстың мың күнін асырайды.
  • малыңа сүйенбе, арыңа сүйен.

ІІІ. Көңілді санау "Кім жылдам" ойыны

Ойынды жүргізу әдісі: таблицадағы сандарды тез санауға оқушыларды шығарады. Оқушының таблицадағы сандарды ретімен көрсетіп оларды тауып, айтып шығу уақытын есептеп отырады. Ең аз уақыт ішінде, сандарды айтып шыққан оқушы жеңіс иесі болады.

1 таблица: 5 сыныптар үшін

2 таблица: 6-7 сыныптар үшін

3 таблица: 8-9 сыныптар үшін

ІV. "Жылдам есептеу сырлары"

  • "Екі тетелес сандарды көбейту" 9 а сынып оқушысы Орынбасар Арсланбек

Шарты: екі тетелес сандарды көбейту үшін біріншіден ондықтарды көбейту керек, содан кейін ондық разрядты тұрған цифрдан ондықты бірліктердің қосындысына көбейту керек, үшіншіден бірліктерді көбейтіп, алынған көбейтінділердің қосындысын аламыз.

13*14 = 182 17* 18 = 206

1*1 =1 жүздік 1*1 = 1 жүздік

1* (3+4) = 7 ондық 1* (7+8) = 15 ондық

3*4 = 12 7*8 56

Нәтиже: 182 Нәтиже: 206

  • "200-ден үлкен сандарды көбейту" 9 а сынып оқушысы Серков Тимур

203 * 204 =41412 407 * 408 = 166056

2*2 =4 он мыңдық 4*4 = 16 он мыңдық

2 * ( 03+04) = 14 жүздік 4 * (07+08) = 60 жүздік

3 * 4 = 12 7 * 8 = 56

Нәтиже: 41412 Нәтиже: 166056

  • "5 цифрымен аяқталатын сандардың квадратын табу" 8 а сынып оқушысы Асахаева Н

152 = (1*2) жүздік +25 = 225

852 = (8*9) жүздік +25 = 7225

352 = (3*4) жүздік +25 = 1225

452 = (4*5) жүздік +25 = 2025

  • "1 мен аяқталатын сандарды көбейту" 9 а сынып Тұржанов Нурдаулет

81 * 31 = 2511 21 * 91 =1911

8 * 3= 24 жүздік 2 * 9 = 18 жүздік

8 + 3 = 11 ондық 2 + 9 = 11 ондық

1 * 1 = 1 1 * 1 = 1

Нәтиже: 2511 Нәтиже: 1911

  • " Қалаған санды 5-ке көбейту" 8 а сынып оқушысы Әділбек Диана

42*5=42/2*10=210 64*5 = 64/2 * 10 = 320

38 * 5 = 38 / 2 * 10 = 190 36 * 5 = 36 / 2 * 10 = 180

104 * 5 = 104 / 2 * 10 = 520 96 * 5 = 96 / 2 * 10 = 180

Нәтиже: Қалаған санды 5-ке көбейту үшін осы санның жартысын 10-ға көбейту керек.

  • " Екі таңбалы санды 99 санына көбейту" 8 а сынып оқушысы Әділбек Д

Екі таңбалы сандарды 99-ға көбейту үшін ол саннан бірді шегеріп, шыққан нәтижеге алғашқы көбейткіштің 100-ге жетпей тұрған санын тіркеп жазу керек.

23 * 99 = 2277 ( 23-ден 1-ді шегерсек, 22 болады. 23-тің 100-ге жетпейтін бөлігі: 77)

85 * 99 = 8415

72 * 99 = 7118

63 * 99 = 6234

  • " 125-ке көбейту және бөлу тәсілі" 8 а сынып оқушысы Кенджабаева А

Санды 25-ке көбейту үшін берілген санды 8-ге бөліп, 100-ға көбейту керек.

56* 125 = 56 : 8 * 1000 = 7000

128 * 125 = 128 : 8 * 1000 = 16000

32 * 125 = 32 : 8 * 1000 = 4000

Санды 25-ке бөлу үшін, берілген санды 1000-ға бөліп, 8-ге көбейту керек.

6000: 125 = 6000 : 1000 * 8 = 6 * 8 = 48

3000 : 125 = 3000 : 1000 * 8 = 3 * 8 = 24

9000 : 125 = 9000 : 1000 * 8 = 9 * 8 =72

  • " Екі таңбалы сандарды 101-ге көбейту" 8 а сынып оқушысы Серков Т

33*101=3333 56 * 101 = 5656

47 * 101 = 4747 59 * 101 = 5959

  • " Үш таңбалы сандарды 1001-ге көбейту"

316 * 1001 = 316316

648 * 1001 = 648648

962 * 1001 = 962962

879 * 1001 = 879879

V. Көрермендермен ойын: "Еселік" ойыны

Шарты: 6-7 оқушы шығып шеңбер жасай айнала тұрады. Оқушылар бірден бастап санай береді. Тек 3-ке бөлінетін сандарды атамай "еселік" деп айтулары керек. (1,2,еселік,4,5,еселік,7.........)

Жаңылысқан оқушы ойыннан шығып қалады да, қалған оқушылар жалғастыра береді. Соңында қателеспеген оқушы жеңімпаз атанады.

"Бір сөзден құралған әңгіме" ойыны

Шарты: Оқушылар шеңбер болып тұрады. Мұғалім кез келген бір сөз айту арқылы "Бір сөзден құралған әңгімені" бастайды. Бірінші тұрған оқушы бір сөз айтады. Екінші тұрған оқушы өз сөзін қосады. Бірақ алдыңғы сөздерді қайталамайды. Осылай келесі оқушылар бір-бір сөзден айтады. Сөйлем аяқталса жаңадан сөйлем бастауға болады. Берілген уақыт аяқталғанша әңгіме жалғасады.

Мұғалім: Кеше

1 оқушы: Мен

2 оқушы: көшеде

3 оқушы: үлкен

4 оқушы: қалпақ

5 оқушы: киген

6 оқушы: адамды

7 оқушы: көрдім.

VІ. Сіріңке шырпысы қолданылатын ойындар. 9 а сынып Тұржанов Н

Ойын шарты: Шырпын қолдану арқылы түрлі фигуралар құрастыруға, бір немесе екі шырпының орнын ауыстыру арқылы басқа фигуралар алу.

5 шырпыдан бесбұрыш құрастырылған. Шырпылардың орнын ауыстыру арқылы бір мезгілде үшбұрыш, төртбұрыш, бесбұрыштан фигура алу керек.

  • Теңдік дұрыс емес. Бір шырпыны ауыстыру арқылы дұрыс теңдік шығару. 9 а сынып Серков Т

Х - IV = I Жауабы: V - IV = I

  • Теңдік дұрыс емес. Екі шырпының орнын ауыстыру арқылы теңдікті дұрыс шығару. 9 а сынып Орынбасар А

= II Жауабы: = II

VІ. Өнер Жеңімпаз оқушылар өз өнерлерін көрсетеді.

Білім деген биік шың

Бақытқа сені жеткізер

Білім деген ақылшың

Қиындықтан өткізер - деп кезекті әділ қазылар алқасына береміз.

Жеңімпаздарды марапаттау.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности