link3780 link3781 link3782 link3783 link3784 link3785 link3786 link3787 link3788 link3789 link3790 link3791 link3792 link3793 link3794 link3795 link3796 link3797 link3798 link3799 link3800 link3801 link3802 link3803 link3804 link3805 link3806 link3807 link3808 link3809 link3810 link3811 link3812 link3813 link3814 link3815 link3816 link3817 link3818 link3819 link3820 link3821 link3822 link3823 link3824 link3825 link3826 link3827 link3828 link3829 link3830 link3831 link3832 link3833 link3834 link3835 link3836 link3837 link3838 link3839 link3840 link3841 link3842 link3843 link3844 link3845 link3846 link3847 link3848 link3849 link3850 link3851 link3852 link3853 link3854 link3855 link3856 link3857 link3858 link3859 link3860 link3861 link3862 link3863 link3864 link3865 link3866 link3867 link3868 link3869 link3870 link3871 link3872 link3873 link3874 link3875 link3876 link3877 link3878 link3879 link3880 link3881 link3882 link3883 link3884 link3885 link3886 link3887 link3888 link3889 link3890 link3891 link3892 link3893 link3894 link3895 link3896 link3897 link3898 link3899 link3900 link3901 link3902 link3903 link3904 link3905
Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Санкт-Петербург
Қазақтың ою-өрнектері

Қазақстан,Қызылорда қаласы,Тасбөгет кенті

№257 орта мектебі

Технология пәні мұғалімі

Абдикайрова Гулзада Икласовна

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: оқушыларға қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің түрлері, шығу тарихы, мағынасы жайлы түсінік беру, өрнектерді ою әдістерін үйрету.

ә) Дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін кеңейту, шығармашылық қабілетін дамыту, сабаққа қызығушылығын арттыру.

б) Тәрбиелік: ою-өрнек үлгілері арқылы әсемдікке, сұлулыққа, ұлттық өнерді құрметтеуге тәрбиелеу; эстетикалық талғамға сай жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.

3. Сабақ типі: жаңа оқу материалын меңгерту.

4. Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру.

5. Сабақ көрнекілігі: ою-өрнек үлгілері, слайдтар

6. Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды сабаққа даярлау.

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарын түгендеп, жұмыс орнын ұйымдастыру.

2. Жаңа сабақ.

Сабақ тақырыбын баяндау.

Ою-өрнек — қайталанатын ритмикалық элементтерден тұратын нақыш. Қазақтың «ою» және «өрнек» деген екі сөзі біріге келіп, латынша «орнамент» деген ұғымды білдіреді. Орнаменттің мағынасы — сәндеу, әсемдеу. Ою-өрнек бір затты ою, кесу, тілу, қию тәсілдері арқылы жүзеге асады. Ойылған, кесіоген, қиылған оюды екінші бір затқа кіріктіріп, жапсырып, желімдеп әшекейлейді, әсемдейді, түрлендіреді. Ою күнделікті тұрмыста үй жиһаздарын — сырмақ, текемет, көрпеше, кілем, сандық, кебеже, жұкаяқ беттерін киім-кешектерді, ыдыс-аяқтарды, қару-жарақ, зергерлік бұйымдарды т.б. безендіруде, сондай-ақ сәулет өнерінде кеңінен қолданылады.

Нүкте, сызық, ирек түріндегі қарапайым өрнектер ерте кезден пайда болған. Ою-өрнектің тарихын зерттеумен көптеген ғалымдар айналысқан. Бұған шетелдік (В. Куррер, Ф. Т. Куглер), кеңестік (С. В. Иванов, В. В. Стасов), қазақ ғалымдарының (Ә. Марғұлан, Т. Бәсенов, Е. Масанов және т.б.) зерттеу материалдарын айтсақ та жеткілікті. Бұлар ою-өрнектердің түрлері, атаулары, шығу тарихы туралы көптеген құнды еңбектер жазып, деректер келтіреді.

Ұлттық ою-өрнектер.

Қазақтың осы күнгі ою-өрнектерін қарт шеберлер екіге бөліп қарайды. Біріншісі, қазақ халқының өзіне тән ертеден келе жатқан ұлттық оюлары. Екіншісі, басқа халықтардан ауысқан және интернацоиналды ою-өрнектер. Ертедегі қазақ оюларын мазмұн жағынан іріктесек, негізінен үш түрлі ұғымды бейнелейді. Олар біріншіден мал өсіру мен аңшылықты, екіншіден жер-су, көшіп-қону көріністерін, үшіншіден күнделікті өмірде кездесетін әртүрлі заттардың сыртқы бейнесін береді. Қазақтың ұлттық ою-өрнегіндегі бір ерекшелік — осы түрлі ұғымның қайсысын бейнелегенде де, ұлттық ою-өрнектің негізі болған мүйіз оюы үнемі араласып отырады.

Ою-өрнектің классификациясы төңірегінде арнайы қабылданған жүйе жоқ. Әдетте ою-өрнек жануарлық (зооморфтық), өсімдіктік (көкөрістік) және геометриялық деп бөлінеді. Бірақ бұл классификация толық емес. Бұған космогониялық, астральдық, ғарыштық деп аталатын төртінші топты қосу жүйесі бар. Келесі бір ғалымдар тобы барлық ою-өрнектерді физикоморфтық және биоморфтық деп екі топқа бөліп қарастырады.

Қазіргі кезде ою-өрнек атаулары мағынасына қарай мынадай топтарға жіктелген:

  1. Ай-күн, жұлдыздарға — көк әлеміне байланысты ою-өрнектер;
  2. Малға, малдың денесіне, ізіне байланысты ою-өрнектер;
  3. Аңға, аңның денесіне, ізіне байланысты ою-өрнектер;
  4. Құрт-құмырсқаларға байланысты ою-өрнектер;
  5. Құстарға байланысты ою-өрнектер;
  6. Жер, су, өсімдік гүл, топырақ, жапырақ бейнелі ою-өрнектер;
  7. Қару-құралдарға байланысты ою-өрнектер;
  8. Геометриялық фигуралар тектес ою-өрнектер.

Қазақ ою-өрнегі дамып, өзгеріске ұшырады, жетілді. Қазір оның 200-ден астам түрі мен атауы бар.

Солардың ішінде мүйіз тектес ою-өрнектер халық арасында көп тараған. Ою-өрнектердің бұл тобын, қазақ халқының ою-өрнектерінің төркіні деуге болады. Өйткені барлық жаңа өрнектер осының негізінде жасалып, тек атаулары ғана өзгеріп отырған. Мысалы қошқар мүйіз, арқар мүйіз, бұғы мүйіз, қырық мүйіз, қос мүйіз, сыңар мүйіз, сынық мүйіз, төртқұлақ, түйе табан, құс қанаты, қаз табан т.б. ою-өрнектердің негізгі арқауы. Осы элементтерден ою-өрнек композициясы жасалады.Қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің басты мәнері, ең көп түрі және әр түрлі мәнер жасауда жиі қолданылатыны «мүйіз» тектес ою-өрнектер. Ғалымдардың анықтауынша, ол ежелгі өрнек, сондықтан онда көбінесе мал шаруашылығы мен көшпенді өмір салты бейнеленген.

Мүйіз тектес ою-өрнектер кейде өте ұсақ, кейде өте ірі болып келеді. Ұсағы зергерлік, кесте тігу, ағаш, сүйек, мүйіз ұқсату сияқты нәзік істерге қолданылса, ірісі кілем, алаша, терме алаша, текемет, сырмақ, ши орау, қоржын, киім-кешек, құрылысқа қолданылады.

Әрбір ою-өрнектің тақырыптық мағынасы, композициясы, симметриясы мен ассиметриясы, колориті мен ритмі болуы керек.

Композиция дегеніміз латынның ою-өрнекті бір заттың бетіне реттеп орналастыру дгене сөзі. Мысал ою-өрнек кесеге салынатын болса, ол үлкен де, кіші де болмай, асқан дәлдікпен жарасым табу керек.

Өрнек үшін симметрияның да маңызы зор. Оның екі жағының бірдей болуы — симметрия заңы. Симметрия кез келген ою-өрнекте болады.

Мүйіз тектес ою-өрнек үлгілерін көрсету.

3. Өзіндік жұмыс.

Тапсырма — түрлі-түсті қағаздан мүйіз тектес ою-өрнек түрлерін қиып композиция жасау.

4. Сабақты қорытындылау.

Балалар сабағымызды сұрақтармен қорытындылайық.

  1. Ою-өрнек дегеніміз не?
  2. Орнамент деген сөз нені білдіреді?
  3. Қандай ою-өрнек түрлерін білесіңдер?
  4. Композиция деген не?
  5. Симметрия деген не?

Бүгінгі сабақта ою-өрнек туралы мағлұматтар алдық. Ою-өрнек өнері қазақ халқында ертеден-ақ өнердің бар түріне арқау болып, ғасырлар бойы халықпен бірге жасасып, мәдени асыл қазынаның өзекті бір саласына айналған. «Өнер - өшпес мұра» дейді халық даналығы. Өнер өлмейді, көнермейді, өнер жеміс ағашының бұтағындай гүлдеп, жемістене береді.

5. Үйге тапсырма.

Өз ойларынан ою композициясын құрастырып жасау.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности