Тақырыбы: «Біржан мен Сара айтысы»
Сабақтың мақсаты :
1. Білімділік: Оқушылардың ой — өрісі дамыта отырып, «Біржан мен Сара» айтысының негізгі өзекті, сипаты жайлы түсіндіру.
2. Дамытушылық. Ауызекі сөйлеу дағдыларын, есте сақтау қабілеттерін дамыту, ойлап білуге дағдыландыру.
3. Тәрбиелік : шешендікке, алғырлыққа, еңбексүйгіштіке баулу.
Сабақтың көрнектлігі : АКТ-ны пайдалану, сызбалар, портреттер.
Сабақтың әдісі : Түсіндіру, талдау, сұрақ-жауа, ой тоқтату, іздену, баяндау.
Сабақтың типі : Жаңа сабақты меңгеру.
Сабақтың барысы :
1. Ұйымдастыру
Психологиялық ахуал «Аспаптар әлемі»
Қазақ ұлттық аспаптарын үні арқылы ажырату.
Топтарға бөлу:
Топтан бір оқушы шығып, өздеріне ұнаған ұлттық аспаптың біреуін таңдап алады. Сол аспаптарда топтың атаулары жазылған. («Біржан» ауылы, «Сара» ауылы, «Жамбыл»ауылы, «Сүйінбай» ауылы)
1-деңгей : Әр топ белгіленген айтыскерлер туралы қысқаша мәлімет айтады.
2. Үй жұмысын тексеру
1) Ауруды көшіру үшін топтасып орындайтын айтыс қалай аталады ? (Бәдік айтысы)
2) Айтыс дегеніміз не ? (Айтыс- қазақтың халық ауыз әдебиетінің бір түрі, яғни әдеби жанр түрі)
3) Бір құс бар қанат жайса дөп-дөңгелек,
Адамнан еш уақытта жүрмес бөлек,
Ұшырса, қондырса да еркі адамда
Шықпайды панаңыздан көлеңкелеп… айтыстың қай түріне жатады ? (Жұмбақ айтысы)
4) Қазақ айтыстары жанрлық сипаты жағынан неше түрге бөлінеді ? (Түре айтысы, Сүре айтысы)
5) Шолақ сиыр, көзіңді ояйын ба?
Биылғы жыл соғымға сояйын ба?
Биылғы жыл соғымға сойып алып,
Танабайға жаяңды қояйын ба? … айтыстың қай түріне жатады ? (адам мен жануардың айтысы)
6) Салт айтысы нешеге бөлінеді ? (2-ге ақындар айтысы, қыз бен жігіт айтысы)
7) қазіргі кездегі айтыскерлерді ата. (Ринат Зайытов, Айнұр Тұрсынбаева, Балғынбек Имашев
т.б)
8) Ерте заманда қызды ұзатар алдында айтылатын айтыс түрі . (жар-жар айтысы)
9) Айтыстың өзіне тән ерекшеліктерін ата. (жаттама өлеңдер аз болады, өлеңді табан астында шығарады, тосыннан айтысады,ақырыбы белгісіз, тосын сұрауларға тап болады т.б)
10) Айтыстың көркемдік ерекшелігін ата. (сөздері анықтық, тазалық, дәлдік жағынан , көркемдік, сұлулығы)
Жаңа сабақ :
Видео көрсетіледі
«Біржан мен Сара» айтысынан үзінді
«Біржан мен Сара айтысы»
«Біржан мен Сара» айтысы — өзінің құрылысы жағынан болсын, көркемдігі жағынан болсын, қазақтың ақындар айтысының ішіндегі үздігі.
«Біржан мен Сара» айтысы айтыстің екі түрінің (қыз бен жігіт айтысы, ақындар айтысы) екеуінде толық қамтиды. Бір жағынан, бұл өнер таластырған сақлақ ақын жігіт пен шешен ақын қыздырдың дарынды айтысы болсы, екінші жағынан, ру атынан сөйлейтін екі ақындардың да айтыстың үлгісі болып табылады. Бір жағынан, бұл өнер таластырған айтыс болса, екінші жағынан, ру атынан сөйлейтін екі ақындардың да айтысының үлгісі болып табылады.
«Біржан мен Сара» айтысының негізгі өзегі. (үзінділер айтылады)
Айтыстағы Біржан мен Сараның сипаттары Біржан да, Сара да — үздік өмір иесі. Бір — бірінің өнеріне сүйсінеді, бағалайды. Екі ақын да ә дегеннен — ақ жүйріктік, ірілік таныта бастайды. (мұғалім теренірек түсіндіреді)
(Оқушылар теңеу, метофорларды, Сара өз тұлғасын қалай суреттегіні жайлы айтып береді. Айтыстын Біржанның қолданған теңеулері)
2 — деңгей
«Біржан» ауылы — «Біржан мен Сара» айтысындағы теңеулерді табу.
«Сара» ауылы - «Біржан мен Сара» айтысындағы метафораны табу.
«Жамбыл»ауылы - «Біржан мен Сара» айтысындағы сарказм мен иронияны табу.
«Сүйінбай» ауылы - «Біржан мен Сара» өлеңге талдау жасау.
Біржан мен Сара айтысы
1. Түрі: айтыс
2. Тақырыбы: қазақ әйелінің бас бостандығы
3. Әдеби жанры: поэзия, айтыс
4. Басты кейіпкерлері: Біржан, Сара
5. Сараның жеңілу себебі: Жиенқұлға айттырылуы, бас бостандығының болмауы
Мысалы :
Дәптермен жұмыс
Эпитеттік метафора
Ақиық, мұзбалықпын жерге түспес, Кең қолтық арғымақпын алқымы іспес,-
Ирония, сарказмды табу
Сөйлемнің сыртқы құрылысы көркем, асыра мақтау, ал іші Жиенқұлдың шын суреті Сарказм — ашық суреттеу
Теңеу : Ақ тұйғын, тоты құс, арғымақ, наркескен
Мысалы: Қонжиып мінер Құла жорға барса
3 — деңгей
Біржан мен Сара айтысы 1. Әйел бостандығы, феодалдық салтқа қарсы шықты. |
Ұқсас 1. Көркемдік ерекшеліктері, сөз шеберліктері. |
Осы күнгі айтыстар |
4 — деңгей
«Айтыс — киелі өнер» шағын жазу. (Әр топтан бір оқушы)
Қорытынды :
Тест. (таймер 5 минут слайдта көрсетіледі. )
1. Айтысқа түсетін ақынның бірден бастырмалатып, қарсыласының апшысын қуыра, сескендіре сөйлейтінінің себебін көрсетіңіз.
A) Елдің көңілін аудару амалы.
B) Айтыстың бір шарты.
C) Шабыт шақыру мақсаты.
D) Қарсыласын жеңіп кетудің амалы.
E) Асқақ ақын екенін дәріптеу жолы.
2. ’’Жар-жар’’ өнердіңқайтүрінежататынынтабыңыз.
A) Жыраулық.
B) Шешендікөнер.
C) Күйшілік.
D) Термелік.
E) Айтыс.
3. Айтыс дегеніміз не?
A)қазақтың халық ауыз әдебиетінің бір түрі, яғни әдеби жанр.
B) оқиғаны қара сөзбен баяндайтын шағын көркем шығарма жанры
C) фольклор жанры
D) күрделі сюжетті, көбіне қара сөзбен, кейде өлеңмен жазылған кең көлемді эпикалық түр
E) әдебиеттің эпикалық тегімен байланысты, лирикалық проза немесе прозалық өлеңдер кездеседі
4.ХІХ ғасырда кең таралған айтыс .
A) қыз бен жігіт айтысы
B) жар –жар айтысы
C) жұмбақ айтыс
E) ақындар айтысы
5. Біржан сал Қожағұлұлы қай жер туып өскен?
A) Көкшетау өңірінде
B) Қарағанды өңірінді
C) Тараз қаласы
E) Бурабай өңірі
D) Баянауыл өңірі
1) Д
2)Е
3) А
4)Е
5)А
Бағалау:
Оқушылар смайликтер арқылы бүгінгі сабақтан алған әсерлерін білдіреді.
Үй тапсырмасы :
«Біржан мен Сара» айтысын толық оқып, қосымша мәліметтер жинау.