link4800 link4801 link4802 link4803 link4804 link4805 link4806 link4807 link4808 link4809 link4810 link4811 link4812 link4813 link4814 link4815 link4816 link4817 link4818 link4819 link4820 link4821 link4822 link4823 link4824 link4825 link4826 link4827 link4828 link4829 link4830 link4831 link4832 link4833 link4834 link4835 link4836 link4837 link4838 link4839 link4840 link4841 link4842 link4843 link4844 link4845 link4846 link4847 link4848 link4849 link4850 link4851 link4852 link4853 link4854 link4855 link4856 link4857 link4858 link4859 link4860 link4861 link4862 link4863 link4864 link4865 link4866 link4867 link4868 link4869 link4870 link4871 link4872 link4873 link4874 link4875 link4876 link4877 link4878 link4879 link4880 link4881 link4882 link4883 link4884 link4885 link4886 link4887 link4888 link4889 link4890 link4891 link4892 link4893 link4894 link4895 link4896 link4897 link4898 link4899 link4900 link4901 link4902 link4903 link4904 link4905 link4906 link4907 link4908 link4909 link4910 link4911 link4912 link4913 link4914 link4915 link4916 link4917 link4918 link4919
Абдулхаликова Елена Владимировна
Должность:Учитель-методист
Группа:Команда портала
Страна:Россия
Регион:Ижевск
Ұлы жеңіс сарбаздары

Ахмедина Майра Канатовна, учитель начальных классов

СОШ имени А. Маргулана села имени академика А.Маргулана

города Экибастуза, Павлодарской области, Казахстан

Тақырып: Ұлы жеңіс сарбаздары.

Сабақтың мақсаты: Ұлы Отан соғысы жайлы оқушыларға

мағлұмат беру. Тарихи танымдарын қалыптастыру. Патриоттык сезімдерін ояту. Отанын, жерін, халқын сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Кеңес Одағы батырлары жайлы түрлі деректер, суреттер. Жерлес ардагерлердің суреттері,соғыс туралы оқушылардың суреттері, жазылған шығармалары. Ак кептерге тізілген түрлі-түсті шарлар.

Әлібек:

Соқ, жас ұлан, соқ қуатпен,

Соқ, солқылдат барабанды.

Жылда есіңе ал шабытпен,

Жеңіс үшін аққан қанды.

Аяулым:

Ұмытпа сен,елімізге,

Бақыт тегін келмеген.

Ұмытпа сен елімізге,

Бакыт тегін келмеген.

Әлібек:

Дәл осынау жадыраңқы жай күні,

Болса дағы қай ғасырдың қай күні.

Ұлы Отаным басымды иіп бір минут,

Есіне алмақ сол бір апат қайғыны. ( 1-минут үнсіздік)

Аяулым:

1941 жылы 22маусым күні таң шапағы жаңа ғана арайланып келе жаткан кезде, елімізге қауіп төнді. Халкымыз адам айткысыз қиын кезеңге душар болды. Фашистик Германия елімізге опасыздықпен басып кірді.

Көрініс:

Левитанның соғыс басталғаны жайлы хабары айтылады. Естіген халық, ауыл ортасына жиналады.

«Священная война» әнінің ырғағымен ана баласын, жары куйеуін, баласы әкесін майданға жылап-сықтап шығарып салып жатқан кезін сахналайды.

Самат:

Бұлт түнеріп аспаннан,

Талай көзден жас тамған.

Тұткиылдан жау тиіп,

Қырғын соғыс басталды.

Нұрай:

Отаным, еркелеймін енді кімге,

Өзіңмен нені болса,көрем бірге.

Қалайша қабырғама батпас менің,

Басыңа қатер күні төнген күнде.

Қыдырбек:

Мәншүк атыс толасында,

Жүр орманның арасында.

«Мені ал, мені ал» деп алуан гүл,

Қ олына оның таласуда.

Алтынай :

Тығылып гүл омырауға.

Сұрағандай жанға дауа,

Ант еткендей тұрды Мәншүк,

Гүлді жауға таптатпауға.

Самат:

Елжіреп тұр, көктемнің жуас көгі.

9- мамыр күні еліміздің,

Үйлеріне келмеді көп әскері.

Мұғалім: Тарихи деректерге қарағанда 1941-1945ж 1млн.196 мың.164 қазақ- стандық майданға аттанып тең жартысы оралмаған. Көптеген жауынгерлеріміз ерлік көрсетті. 518 қазақстандық Кеңес Одағының батыры атағын алды.

Ұлы Отан соғысының батырларын білесіңдер ме? дегенде кімдерді айтар едіңдер.

Дұрыс айтасыңдар.

Қазірде әр халық өз батырларын дәріптеп, қастерлеуде, аттарын асқақтатуда. Олардың атымен қала, көше аттары аталады. Әр батырларга арнайы ескерткіштер қойылған. Олардың ерлігін баяндайтын көптеген әңгімелер мен өлеңдер жазылған.

Көп кой батыр ағалар,

Халық сүйіп бағалар.

Көп қой батыр апалар,

Жаттап алғын балалар.

Нұрдана:

Бақытқа байтақ елді бөлегендер,

Бауыржан,Әлия, Мәншүк,Төлегендер.

Солардың қасиетті ерлігімен,

Құлпырып шешек атып, көгерген жер.

Алтынай:

Батыр ұл есімдері сақталады,

Жыр болып жүректерде жатталады.

Ғасырдан ғасырларға аңыз етіп,

Ұрпағы мәңгі-бақи мақтанады.

Қыдырбек:

Бауыржан Момышұлы - кара басы,

Халықтың болған адам садағасы.

Бауыржан Момышұлы - қазақ деген,

Ғаламат,ұлы елдің баламасы.

Нұрай:

Әлиядай апамыз, Бауыржандай атамыз,

Фашистерден Отанды, қорғап батыр атанды.

Біз еліктеп өсетін батырларың кім? десе,

Әлия, Мәншүк апамыз, Бауыржандай атамыз.

Мұғалім:

Балалар биыл біз Ұлы жеңістің неше жылдығын тойлайын деп отырмыз?

Окушылар: 70жыл.

Интерактивті тақтадан бейнетаспа көреді.

Б. Момышұлы өз дауысымен соғысты есне алады.

Мұғалім:

Қазірде егеменді ел болып, әр халық өз батырларын қастерлеп, дәріптеуде. Осы күні Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагер аталарымыз қазірде қартайып тәуелсіз еліміздің лайыкты құрметіне бөленіп ортырғандар азайып бара жатыр, біздің ауылда ондай адамдар жоқ, бірақ сол соғысты көрген сарбаздардың ұрпақтары бар. Олар өз аталарының ерлігін ешқашан ұмытпас, өйткені «Ер есімі, ел ішінде». Соғыс барлық жанұяларға қасірет әкелді,әр үйдің өз батыры бар. Сондай батыр аталар біздің сыныптастарымыз Әлібек пен Саматтың аталары.

Олар бізді өз аталары туралы жазған шығармаларымен таныстырмақ.

Әлібек:

Менің атам –майдангер.

Атам Сайдалин Қалкен Ахметұлы — Ұлы Отан соғысының ардагері, 1925 жылы Баянауыл ауданында дүниеге келген.
Ол кісі жауынгерлермен бірге елін,жерін қорғау үшін 1943 жылы майданға аттанған.Атам соғыста мерген болған.Сондай-ақ ол «Вена қаласын алудағы ерлігі үшін» деген медальмен марапатталған.Оның осы уақытқа дейін сақталған құжаттарынан қарағанда атам өз еңбегіне адал болған екен.
1947 жылы соғыстан елге аман-есен оралып, халқымызға көп қызмет еткен.Атамды арнаулы мектепке совхоздың басшылық дәрежесіне көтерілу үшін оқуға жіберді.Ол жерде бес жыл бойы Жеңіс колхозының орынбасары болып еңбек еткен ол, нәтижесінде «Қызылту еңбегі», «Тың жерлерді көтеру» ордендерімен марапатталды.
«Атамның жеңісі - менің жеңісім!». Сондықтан ержүрек атамның ел үшін, жер үшін істеген ерліктері біздің есімізде мәңгі сақталады! Мен осындай ержүрек атамды мақтан етіп үлгі тұтамын.

Самат:

Менің атам-батыр.

Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің бірі-атамыз Бұламбаев Әлискар Ыбрайұлы . Ол 1914 жылы Павлодар облысы,Баянауыл ауданында дүниеге келген. Жастайынан білімге құштар болған ол 1925-1929 жылдары төрт сыныпты ойдағыдай аяқтаған.

1932 жылы бухгалтерлік курсын бітірген соң 1933-1935 жылдар есепші қызметін атқарады. 1936-1938 жылдары Майқайың кетнінін бірінші хатшысы болып қызмет етеді де Баянауылға хатшысы болып ауысады сол өңірде 1944 жылдың тамызына дейін жұмыс істейді. 1944 жылдың тамыз айында НКГБ мектебіне №355 әскерий бөлімінің курсанты болып Горький қаласына жіберіледі. Соғыстан кейінгі жылдары атам көп жылдар милиция басқармасында жұмыс істеп жүріп , жарақат алады да 1958 жылдан ауылда кадрлар басқаратын бөлімінде ерең еңбек етіп 1978 зейнетке шығады.

Ол 5 ұл, 4 қыз тәрбиеледі. Көзі тірісінде 24 немересін көрді.1991 желтоқсан айында қайтыс болды.

Жеңіс — біздің ата-бабаларымыздың батырлығы. Ешқашан да олардың ерліктері ұмытылмайды.

Ұлы Жеңіс күні құтты болсын баршаға!

Нұрай.

Сүйінші елім, сүйінші

Арылтып жаудан жерімді.

Табанға жаншып өлімді,

Жеңіспен желпіп өмірді.

Оралды ерлер көңілді,

Десеңдер бұл қай күні?

9 мамыр күні.

Хор: « Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген»

Оқушылар шарларға ілінген ақ кептерлерді тілек айтып ұшырады.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности