link9792 link9793 link9794 link9795 link9796 link9797 link9798 link9799 link9800 link9801 link9802 link9803 link9804 link9805 link9806 link9807 link9808 link9809 link9810 link9811 link9812 link9813 link9814 link9815 link9816 link9817 link9818 link9819 link9820 link9821 link9822 link9823 link9824 link9825 link9826 link9827 link9828 link9829 link9830 link9831 link9832 link9833 link9834 link9835 link9836 link9837 link9838 link9839 link9840 link9841 link9842 link9843 link9844 link9845 link9846 link9847 link9848 link9849 link9850 link9851 link9852 link9853 link9854 link9855 link9856 link9857 link9858 link9859 link9860 link9861 link9862 link9863 link9864 link9865 link9866 link9867 link9868 link9869 link9870 link9871 link9872 link9873 link9874 link9875 link9876 link9877 link9878 link9879 link9880 link9881 link9882 link9883 link9884 link9885 link9886 link9887 link9888 link9889 link9890 link9891 link9892 link9893 link9894 link9895 link9896 link9897 link9898 link9899 link9900 link9901 link9902 link9903 link9904 link9905 link9906 link9907 link9908 link9909 link9910 link9911 link9912 link9913 link9914 link9915 link9916 link9917 link9918 link9919 link9920 link9921 link9922 link9923 link9924 link9925 link9926 link9927
Зинуллина Асель Абилсейтовна
Должность:бастауыш сынып мұғалімі
Группа:Посетители
Страна:казахстан
Регион:Қазақстан Республикасы. Атырау облысы. Құрманғазы ауданы. Ганюшкино селосы
Ашық сабақ "5 санын қосу және азайту"

Жеңістің 70 жылдық мерекесіне арналған математика сабағы

Сабақтың тақырыбы: 5 санын қосу және азайту
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды 5 санын қосу және азайту ережесімен таныстыру.
Білімділік: 5 санын қосу және азайту тәсілдерімен қосудың және азайтудың кестелік жағдайларын, екі амалдан тұратын есептеулермен таныстыру. Ұлы Отан соғысы жайында мағлұматтар бере отырып, білімін тереңдету.
Дамытушылық: Оқушылардың ізденуін, ойлауын оқығанын іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру. Ойын есептер арқылы оқушылардың логикалық ой - өрісін ойлау қабілеттерін дамыту. Ойлау қабілеттерін дамыта отырып, ауызша, жазбаша есептеу дағдыларын жетілдіру.

Тәрбиелік: Оқушыларды отансүйгіштікке, еңбекшілдікке, ұқыптылыққа, шапшаң ойлап есептей білуге дағдыландыра отырып, нәтижеге жете білуге, Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы Жеңіс туралы мағұлмат беру. Отан үшін жан қиған ардагерлеріміздің ерлігін үлгі ете отырып, оларды құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ — жауап, түсіндіру, топтық жұмыс, фронтальды сұрақ
Сабақтың көрнекілігі: мультимедия, кеспе қағаздары, Ұлы Жеңіс күніне арналған суреттер.

Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың сабаққа қатысымын тексеру.

Оқушыларды соғыс кезінде қолданылған қару — жарақтардың түрлері бейнеленген пазлдардың көмегімен 3 топқа бөлемін.
Психологиялық дайындық.

Балалар, біздің құрастырған пазлдарымыздан нені байқап отырсындар. Бұл нелердің бейнесі , әрине бұл соғыста қолданылған қару — жарақ түрлері. Ал биыл осы Ұлы Отан соғысының неше жылдық мерекесін тойлағалы отырмыз. (Балалардың жауабы)

- Әрине әрқайсымыз үшін жақын әрі қымбат мереке Жеңіс күні. Олай болса бүгінгі математика сабағымыз Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесіне арналады. Жеңіске жету жолында қазақстандықтардың асқан ерлігі мен әскери жанқиярлығы Отан соғысы тарихындағы жарқын беттерге айналды. Сондықтан бұл күннің маңызы өте жоғары. Жеңіс үшін шыбын жандарын құрбан еткен бірнеше миллиондаған адамдардың есімдерін есте сақтап, 1418 азапты күн мен түнді болашақ үшін ерен еңбекпен, қайсар ерлікпен өткізгендерін ұмытуға болмайды. Төрт жыл бойғы қанды қырғыннан кейін, қырық бестің көктемінде дүние жүзі халқы бостандық алды. Халық Отан ұғымын терең сезіне түсті. Ерлік пен еңбек жеңіп шықты. «Ешкім де ұмытылмайды, ештеңе де ұмыт қалған жоқ». Осынау сөздер Жеңіс күнін мерекелеу кезінде жиі айтылады. Осынау сөздер соғыстан қаза тапқандар ескерткішіне де қашалып жазылған. Ендеше, бүгінгі сабағымызды

«Ер есімі — ел есінде»деген ұранмен бастағым келіп отыр.
Өткен сабақты еске түсіре отырып, жаңа сабаққа дайындық жасау.
- Олай болса балалар жаңа құрастырған пазлдарыңның әрқайсысына түрлі тапсырмалар берілген екен. Сол тапасырмаларды орындап, бірінші болған топтар өз жауаптарын бері тиіс. Белсенділік пен шапшаңдық танытқан топтарды мен мынадай медальдармен марапаттап отырамын. Бұндай медальдар соғыс кезінде «Ерлігі үшін» берілсе, бүгінгі сабақта мен бұл медальдарды «Жақсы білімі үшін» беретін боламын.

«Миға шабуыл» стратегиясы

1) Геомертиялық фигуралар көрсетіледі оқушылар атауын айтуы тиіс.

а) нукте, сәуле

ә) бұрыш, түзу сызық

б) кесінді, қисық сызықтар

2) сандардың құрамын толықтыру

а) 6

ә) 7

б) 8

3) Мәндері бірдей өрнектерді оқы

10 8 5 2

4-2

3+5

10-5

6+4

7-5

10-2

4+4

3+2

Жаңа сабақ

- Балалар біздер мына жұлдызшаны көріп отырмыз . Жұлдыздың неше бұрышы бар? Жұлдызшамыздың айналасындағы фигуралар жай фигуралар емес, әрбір фигурада бес- бестен он тапсырма бар. Осы тапсырмаларды қатесіз орындасақ шеңбер пішіндес фигураның артында «Ұлы тұлғалардың » портреттерін көреміз. Ал мына шеңбердің ішінде тұрған қызыл жұлдызды соғыс кезінде әскер қатарында болған, соғысқа қатысқан, соғыс кезінде тылда қызмет еткен адамдар таққан екен. «Қызыл жұлдыз» ол — қарапайым еңбек адамдарын қорғаушы Қызыл Әскердің белгісі болған. Оның ортасындағы балға мен орақтың суреті қарапайым ауылдың шаруа адамымен , қаладағы еңбек қолының өз Отанын, жерін, еркі мен бостандығын сақтап қалуда қасық қанын аямай қорғауы үшін одақтасуы дегенді білдіреді.

- Олай болса осы санының таңбасын әдемі көркем етіп жазайық. Себебі бүгінгі сабағымыздағы тапсырмалардан мүддірмей өту үшін осы бес санының таңбасын жиі қолданатын боламыз.

Көркем жазу минуты

Қолға қалам аламыз,
Әдемі етіп жазамыз 5 (дәптерге орындау).

- Олардың кім екенін білгілерің келсе бірінші тапсырмадан бастап орындайық.

1) 1+5=6

2) 2+5=7

3) 3+5=8

4) 4+5=9

5) 5+5=10

1) 10-5=5

2) 9-5=4

3) 8-5=3

4) 7-5=2

5) 6-5=1

1 тұлға.Қазақ арасында осы соғыста ерекше қаһармандық танытқан батырдың бірі әрі бірегейі – Бауыржан Момышұлы. Б.Момышұлы соғыс кезінде 207 рет шайқасқа қатысып, 2 рет ауыр жараланды. Басшалық тарапынан бірнеше рет Кеңес Одағы батыры атағына ұсынылады. Бірақ, атақ кешіктіріле береді. Еңбекқор Б.Момышұлы мойыған жоқ. Ол 37 дәптер күнделік жазған батыр, бейбіт өмірдің қаруы қаламды алып қазақ және орыс тілдерінде көптеген кітаптар жазады. «Артымызда Москва» кітабы Кубаның бүкіл әлемге белгілі басшысы Фидель Кастроның сүйіп оқитын кітабына айналды. Бауыржан Момышұлының Ұлы Отан соғысында ұрыс жүргізу әдістері үлгі ретінде қабылданып, Кубаның әскери академиясында оқытылды.

2 тұлға. Қазақстандықтар Брест қамалын қорғады, Мәскеу түбінде де өлімге бастарын тікті. Сталинград, Курск доғасындағы шайқастарда ерекше көзге түсті. Берлинге шабуыл жасады, Рейхстагқа қазақ жігіті Рақымжан Қошқарбаев Жеңіс туын 1945 жылдың 30 сәуірде тікті.

3 тұлға. Ата-анасынан ерте айрылған Мәншүк жастық шағын да тәрк етті. Алматы медициналық институтында оқып жүрген шағында жау жақтан ескен соғыстың ызғарлы желі жас қайыңның жапырағындай жайқалған бойжеткенді жұлып түсіреді. Халқына төніп тұрған қауіпке жаны шыдамай, дамыл таппастан әскерге өзі сұранып, жоғарыға мынадай өтініш жазады: «Фашистерді жою үшін майданға жіберетін менің ағайым да, апайым да жоқ, сондықтан өзімді жіберіңіз». Ел үшін қан төгіп, жан беріп жатқан отандастарына қалай да өз жәрдемін бергісі келген ниетпен, 1942 жылдың тамыз айында «Қызыл армия» қатарына алынды.

4 тұлға.1942 жылы Әлия өз еркімен майданға аттанып, мергендер мектебін үздік бітірді. Бірақ біраз уақытқа дейін оның алғы шептегі атыс-шабыс алаңында білім-білігін іс жүзінде көрсетуіне рұқсат етпеді. Бірақ жас қазақ қызы алға ұмтылды, жауға қарсы оқ жаудыруға асықты. Бір хатында ол өз құрбылары мен достары үшін фашистерден кек алуды қалайтынын жазады. Өзі оқыған қаласының құрсауда қалғаны оны қатты алаңдататын еді.

1943 жылы Снайперлер дайындау орталық әйелдер мектебін аяқтайды. 1943 жылдан бастап, 54-ші арнайы атқыштар бригадасы 4-батальонының снайпері болған (22-ші әскер, 2-ші Балтық жағалауы фронты).

5 тұлға. Хиуаз Қайырқызы Доспанова 1922 жылы мамырдың 15 Ганюшкин ауылында (қазір Атырау облысы) дүниеге келген. Әкесi Қайыр — балықшы, анасы Меруерт — мұғалiм болып еңбек еткен.

Ұшқыштық өмір жолын Оралдың аэроклубында бастап, кейін әйгілі ұшқыш Марина Раскова басқарған 46-гвардиялық полкінің құрамында 300-ден астам әуе шайқастарына қатысқан Хиуаз Доспанова сол кездің өзінде теңдессіз ерлігі үшін «қанатты қыз» атанған еді. Әлия, Мәншүк, Хиуаз… Олардың есімдерін тек Қазақстан ғана емес, кезіндегі КСРО халықтары да жақсы біледі. Соғыстан кейін лауазымды қызметтер атқарған Хиуаз Доспановаға Елбасының Жарлығымен Халық қаһарманы атағы берілген болатын.2008 жылы мамырдың 21 Алматы қаласында 86 жасында дүниеден озды.

- -Балалар мына өрнектерден не байқадыңдар?

- -Қосынды мен айырманың мәні неге тең болды?

- -Олай болса, бүгін біз 5 санын қосу және азайтуға тоқталамыз.

- -2-ні қосқанда бір сан

- -3-ті қосқанда екі сан

- -4-ті қосқанда үш сан аттап қосамыз.

- -5-ті қосқанда төрт сан

- 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10

- Жарайсындар балалар! Елі үшін жанын аямай, қасық қаны тамғанша Отанын қорғаған аға- апаларымыз туралы көптеген мағлұматтарды біле отырып 5 санын қосып және азайтып үйрендік.

Оқулықпен жұмыс

Деңгейлік тапсырмалар.

1 деңгей

№1.Қосылғыштардың бірі 5 болатын қосындыларды жаз және мәндерін тап.

+5=5 +5=6 +5=7 +5=8 +5=9 +5=10

Азайтқышы 5 болатын айырманы жаз және мәндерін тап.

-5=0 +5=1 -5=2 -5=3 -5=4 -5=5

5-ті қосқанда 4 сан аттай отырып қосады. Ауызша түсіндіріледі.

3. 0,5,10,

0,5,0

2 деңгей Жасыл және көк кесінділердің ұзындықтарының айырмасын қызыл кесіндінің ұзындығымен салыстыр

Шешуі:9см-3см =6см

5см>4см

3 деңгей 5 есеп 126 бет

Айда 9 оюдың суретін салды. Олардың 5 бояды. Ол тағы неше оюды бояуы керек.

Шарты:

Салды:9

Бояды 5

Сұрағы: бояуы керек?

Шешуі: 9-5=4

Жауабы: 4 ою бояуы керек

Сергіту сәті:

- Олай болса сол ызғарлы да суық соғыс заманында сарбаздардың рухын көтеріп, жандарына жылулық сыйлаған әндер көп болды. Сонын бірі «Бейбіт күн тілегі» әнін бәріміз бірге орындайық.

Ой тұжырым

1)Шығармашылық есеп

Асқар, Талғат және Дәулет бір сыныпта оқиды;Олардың біріншісінің әкесі-дәрігер,екіншісінікі-мұғалім,үшіншісінікі-ұшқыш. Асқардың әкесі ұшқыш емес, Талғаттың әкесі мұғалім де, дәрігер де емес. Дәулеттің әкесі дәрігер емес. Кімнің әкесі қандай қызмет істейді?

Асқардың әкесі- дәрігер

Талғаттың әкесі — ұшқыш

Дәулеттің әкесі –мұғалім

Қорыту:

«Кім тапқыр?» ойыны

Алма бағы жайнаған,

Қызыл алма айналам.

Алдым үзіп екеуін,

Тағы да алдым үшеуін

Алдым сонда нешеуін (5 )

Бір-бірімен жарысқан,

Бір аю, бір арыстан.

Екі қоян, үш түлкі,

Бәрі нешеу ойлан сен? (7)

Көлден ұшты жеті қаз
Қайтып қонды екі қаз
Қонбады оның нешеуі
Қане кім тез шешеді (5)

Беспайда бар бес іні
Естайда бар екі іні
Қоссаң 5 пен 2 - ні
Неше екен шешуі (7)

Көлден ұшты 8 қаз

Қайтып қонды 3 қаз

Қонбады оның нешеуі

Кәне, кім тез шешеді? (5)

Үйге тапсырма:

5 саны туралы не білеміз? Шығармашылық тапсырма

Бағалау

Қорытынды:

Оқушылар 5 санын қосу және азайту тәсілдерімен қосудың және азайтудың кестелік жағдайларын, екі амалдан тұратын есептеулермен танысты.Оқушылардың ойлауын оқығанын іс жүзінде қолдана білуге дағдыланды. Ойын есептер арқылы оқушылардың логикалық ой - өрісін ойлау қабілеттері пәнге деген қызығушылығы артты.Ауызша, жазбаша есептеу дағдылары жетілдіру жұмыстары жүргізілді.



Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности