Абдулхаликова Елена Владимировна
Должность:Учитель-методист
Группа:Команда портала
Страна:Россия
Регион:Ижевск
Эссе: «Отбасылық альбомның кейіпкері»

Сагидуллина Даригуль Саиновна

«Аққұдық орта мектебі»КММ,

Хромтау ауданы,Ақтөбе облысы,Қазақстан Республикасы

Отан соғысының ізінде әлі де ашылмай жатқан ақиқаттар, еленбей қалған ерліктер, елеусіз жатқан ерлер қаншама?… Оны ашып анықтау белгісіз болып жатқан тағдырларды тауып елге танытып, лайықты атаққа ие болғызу, оларға қамқорлық жасау - бүгінгі ұрпақ, біздің, қасиетті парызымыз.
Біздің бүгінгі сөз ететін тұлғамыз елеусіз қалған ер болмақ.
Әбілтай Сарсеков… Төл тарихымыздан ойып алар орны болса да есімі ескерусіз жатқан ерлердің бірі. Оның есімі кешегі қанды қырғын соғыстағы жеңіс тарихымен біте қайнасып жатыр. Жеңіс күнін жақындатуға жол салған десе де болады. Өйткені, «Империя кеңсесі» атанған Ратушаға алғаш ту қадаған кім еді десе, мен мақтанышпен біздің жерлесіміз, менің үлкен қайынатам Әбілтай атамыз дер едім.
Бар ғұмырын Отан үшін сарп еткен ерге Қазақстан тарихы беттерінен лайықты орын алуына аз да болса үлес қосу. Бұл эссемен танысқан адам бастан - аяқ болмағанмен Әбілтай Сарсеков өмірінің кейбір қырларынан мағлұмат алады.
Бұл тұлғаны алғаш зерттеуге негіз болған нәрсе менің жанұямның альбомындағы ескі суреттер,соғысқа қатысқан куәлігі мен медаль куәліктері . (1 қосымша)
Сөйтіп жүргенде әскери билетін атамнан алып, ішін зерттедім.(2 қосымша) Бұл кім, маған қалай туысқан екен деп сұрастырдым. Қолымдағы көптеген деректерді үлкен баласы (менің қайынатам) Әбілқайырдың берген деректері. Әрине құжаттар ескі болғандықтан олқылықтар да жоқ емес. Кейбір медальдарының куәліктерін таба алмадым. Бірақ әйтеуір зерттеуге қажетті материалдардың аз да болса қолыма тигеніне қуанып отырмын. Жоғары да аталған деректерден Әбілтай Сарсековтың өмір жолына тоқталайын:
Қазақстанның батыс өңірі Ақтөбе облысы Новоросей ауданы Қопа ауылында1907 жылы 12 ақпанда Әбілтай атты ұл бала дүниеге келген.

Оның балалық шағы тарихымыздың қиын - қыстау күндерінде өтті. Білімі 6 кластық,Ойсылқара ауылында 1926 жылы мектепті бітірген. Мектепті бітіріп , өз еліне, өз туған жеріне деген сүйіспеншілігін еңбегімен дәлелдеуге тырысқан атамыз, жылқышының көмекшісі болып еңбек жолын бастаған. 34 жасында қарғыс атқыр соғыс деген пәлекет басталды. Атамыз 1941 жылдың 19 шілдесінде 51- атқыштар дивизиясының қатарында соғысқа аттанды. 1943 жылы тамыз айында 43- зениттік арттелериялық полкке ауыстырған, осы жылдың қараша айында 37- зениттік арттелериялық полкке ауыстырылған.Ол полкте бір жыл көлемінде жүріп, 1944 жылы шілде айында 1387 — зениттік арттелериялық полкке ауыстырған.Осы полкпен бірге Берлинге жетіп ту тіккендер қатарында болған. Осы 5 жыл сұрапыл соғыс кезінде атамыз 1943 жылдың 26 қыркүйегінде екі аяғынан жеңіл жарақат алған.Госпитальда жатып, қайта соғысқа аттанған.Сол госпиталден қайтып бара жатқанында Мәскеу қаласында вокзалда қыруар солдат ішінен өз туған балдызы Сарсенбайды танып қалып, Сарсенбай — деп дауыс еткен.Соғыстағы ерліктері үшін «За Оборону Лениграда» медалін 1942 жылы 22 желтоқсанда,«За боевые заслуги» медалін 1944 жылы 1шілдеде, «За победу над Германией» медалін 1945 жылы 9 мамырда омырауына таққан.(2,3 қосымша)

1945 жыл, 9 - мамыр… Жеңіс Күні… Әбілтай Сарсековтың жасы небәрі 39 - да, бірақ оның иығында атқыш ретінде бай тәжірибесі, екі жарақаты, кеудесінде ерлік үшін 3 медаль, Жоғары әскери басшылықтан алғыс хаты болды. Қазақ даласының бір түкпіріндегі Қопа ауылының түлегі Әбілтай атамыз Берлиндегі Жеңіс күнін қарсы алам деп ойлап па еді?
Әбілтай атам елге қайтты. 1945 жылы күзде Қопадағы үйіне келгенде Әбілтай атамның омырауы медальдарға толы болатын. Әбілтай атамыз соғыстан кейін де елінің, туған халқының артқан сенімін адалдықпен атқарды.
1946 - 49 жылдары өз туған өңірінде жылқышы болып жұмыс істеді.

Соғыстан келгеннен кейін 1946 жылы тұңғыш ұлы Әбілқайыр,1952 жылы екінші ұлы Дүйсембек,1955 жылы кенже ұлы Қайыржан есімді перзенттері дүниеге келген.Әбілтай осы ұлдарын өсіріп,жеткізіп,ұядан ұшырған.Үлкен ұлы Әбілқайырдан 1971 жылы дүниеге,менің әкем-Бауыржан келген.Ал,мен Айдос, сол Бауыржанның екінші ұлы боламын. Міне,сондықтан да Әбілтай атамның өмірі мен ерлігі мені өте қызықтыра түсті.Сол себепті ол атамыз туралы осы кісілерден сұрап,естіп жазған болатынмын.
Әбілтай атамыз 1949 жылдан бастап Қарасу деген өңірге қоңыс аударып,сол жерде 38 жыл бойына аға жылқышы болып қызмет етті. Халықтың айтуынша атамыз осы жылдар бойы аттың құлағында ойнаған ақсақалдардың бірі болған. Сарсеков Әбілтай азаматтық міндетін адал орындаудың үлгілерін көрсетті, қарапайым, қайырымды, адал адам болған.

Соғыстан кейін де атамыз бірнеше марапатқа ие болған (4 қосымша ):

1975 жылы сұрапыл соғыстың аяқталуына 30 жыл толуына байланысты «30 лет победы в Великой Отечественной войне,1941-1945гг.» атты медалімен , 1978 жылы «60 лет Вооруженных сил СССР» медалімен,

1985 жылы сұрапыл соғыстың аяқталуына 30 жыл толуына байланысты «Отечественная война 1 степени» орденімен марапатталған.

Әбілтай Сарсеков жасқа қараған шағында 1987 жылдың 30 сәуір айында Қарасу ауылында дүниеден озды.
Әбілтай Сарсековтың соғыс кезінде де, еңбек қызметінде де бар өмірі ерлік пен Отанға деген сүйіспеншілікке толы болды.
Сөз соңында айтарым, мен туған өлкемізде осындай батыр рухты қазақтың бар болғанын мақтан етемін. Алайда Қазақстан тарихы беттерінен лайықты орын алса, халық Рақымжан Қошқарбаевты қалай таныса Әбілтай Сарсековтіде солай таныса деймін. Әлі де болса іздестіріп өмірінің әрбір сәтін жүйелеймін. Алайда Әбілтай атаның Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерліктерінің өзі үлкен бағаға ие болуы керек деп ойлаймын. Өйткені «Атаға қарап ұл өсер» дегендей жас ұрпақ аға буынға қарап сап түзейді емес пе? Бүгінгі күннің жас ұрпағы атынан менің ұсынысым ел ағалары ол ерлікті бағалап Әбілтай атаның ел тарихында елеулі орын алуына, Ақтөбе энциклопедиясына атын енуіне септігін тигізсе ата - бабамыздың аруағы бір аунап қалар ма еді?!

(Қосымша 1,2,3,4)

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности