link15120 link15121 link15122 link15123 link15124 link15125 link15126 link15127 link15128 link15129 link15130 link15131 link15132 link15133 link15134 link15135 link15136 link15137 link15138 link15139 link15140 link15141 link15142 link15143 link15144 link15145 link15146 link15147 link15148 link15149 link15150 link15151 link15152 link15153 link15154 link15155 link15156 link15157 link15158 link15159 link15160 link15161 link15162 link15163 link15164 link15165 link15166 link15167 link15168 link15169 link15170 link15171 link15172 link15173 link15174 link15175 link15176 link15177 link15178 link15179 link15180 link15181 link15182 link15183 link15184 link15185 link15186 link15187 link15188 link15189 link15190 link15191 link15192 link15193 link15194 link15195 link15196 link15197 link15198 link15199 link15200 link15201 link15202 link15203 link15204 link15205 link15206 link15207 link15208 link15209 link15210 link15211 link15212 link15213 link15214 link15215 link15216 link15217 link15218 link15219 link15220 link15221 link15222 link15223 link15224 link15225 link15226 link15227 link15228 link15229 link15230 link15231 link15232 link15233 link15234 link15235 link15236 link15237 link15238 link15239
Абдулхаликова Елена Владимировна
Должность:Учитель-методист
Группа:Команда портала
Страна:Россия
Регион:Ижевск
«Ер есімі-ел есінде…»

Камай Бердаулет, студент,

Макатский технологический колледж нефти и газа,

поселок Доссор, Макатский район, Атырауская область, Казахстан

Қазақстан, Атырау облысы, Мақат ауданы, Доссор поселкесі,

Мақат мұнай және газ технологиялық колледжі

Қатысушы: Қамай Бердәулет Қамайұлы

«Мұнай және газ кен орындарын пайдалану» мамандығының І курс студенті

Жетекшісі: Байтубетова Карылгаш Каримжановна

тарих пәні оқытушысы

«Өзі үшін, біздер үшін құрбан болғандар

жөнінде мәліметтер жинай беріңіздер.

..Естеріңізде болсын: аты-жөні белгісіз

батырлар болған жоқ, әрқайсысының

өз есімі, өз келбеті, өз арманы мен

үміті бар адамдар болды.»

Юлиус Фучик

Мақсаты: Өлкеміздің мақтанышы, Ұлы Отан соғысының қаһарлы жылдарында жеңіс сағатын жақындату жолында айтарлықтай үлес қосқан Кеңес Одағының батыры Мұса Баймұхановтың өмір мұрасын, оның өшпес ерлігін, адамгершілік, ұлтжандылық қасиеттерін тереңірек зерттеу, батыр есімін ұрпақ жадында мәңгі өшпестей етіп есте қалдыру.

Елбасымыздың «Нұрлы жол — болашаққа бастау жол» атты жолдауында «2015 жыл - ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы» деп атап өткен болатын. Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын ерекше атап өткен болатын. Ұлы Жеңіске биыл 70 жыл толып отыр. Осы сұрапыл соғыста Отан үшін отқа түскен қазақ жауынгерлерінің өшпес ерлігі, батырлығы, жеңісті жақындата түскен әрбір күні ұмытылмайды. Ата-бабаларымыздың рухына тағзым ретінде олардың ерен ерліктерін, жер, Отан, біздердің жарқын болашағымыз үшін жасаған ерліктерін мәңгілікке есте сақтап, жадымызда ұстаймыз. Қанша жылдар өтседе, бұл соғыста ерлікпен қаза тапқан әрбір батырларымыз тарих төрінен орын алып, ұрпақтары мәңгі жеңіс алауын сөндірмей, әрқашанда жүрек түпкірінде ұстайды. Ұлы жеңіске біздің жерлестеріміз де үлкен үлес қосты. Өз өлкемізден шыққан мақтанышымыздың бірі Зейнолла Қабдолов: «Мұнайлы өлкенің құдай маңдайына берген мақтанышы бар. Ол –осы өңірдің қаһарман ұлы Мұса батыр» деп айтқандай, Ұлы Отан соғысына үлкен үлес қосқан мұнайлы аймақтың ұл-қыздарының бірі - жерлесіміз Мұса Баймұханов. Жерлес батыр атамыздың дүниеден озғанына биыл 70 жыл болды. Жауға қарсы шыққан батырға жеңісті көру бұйырмаған. Мұса Баймұханов 9 мамыр Жеңіс күніне жете алмай, елі үшін, халқы үшін жан аямай, жауға қарсы ұрыста қаза болған.

Мұса Баймұханов 1910 жылы Қызылқоға ауданының Саркөл ауылындағы кедей шаруа Төретаев Баймұханның семьясында дүниеге келген. Мұса өзінің еңбек жолын 15 жасында Доссор мұнай кәсіпшілігінде үйренуші болып бастады. Доссор аудандық Комитетінің жолдамасымен 1928 жылы Алматыдағы жұмысшылар факультетін ойдағыдай бітіріп, 1932-1938 жылдар аралығында мұнайшылар кәсіподағының Доссор аудандық комитетінде жұмыс жасайды. Кейін Мұса үш айдай Сағыз мұнай кәсіпшілігінде жұмыс істейді. Гитлершіл фашизм опасыздықпен шабуыл жасаған сын сағатты өз еркімен 1941 жылдың шілде айында елін қорғауға атанды.

Мұса Ленинградты қорғауға қатысып, үлкен ерлік көрсетті.Ол Прибалтика мен Беларуссия майдандарында болғанда табандылық пен тапқырлықтың ерлік үлгісін көрсетіп, сонымен бірге поляк қалаларын, селоларын басқыншылардан азат етуде де алғы сапта болды. Соғыс кезінде Мұса командирлік курстан өтіп, кіші лейтенант атағын алды. Мұса жаумен шайқаста әлденеше рет жараланды. Бірақ мұның бәрін де семьясына хабарлаған емес. Польша жерін фашист басқыншыларынан азат етудегі қанды шайқаста Мұса ерекше ерлік көрсетті.

Ол басқарған взвод германияның Одер өзені үшін болған шайқаста немістің 25 солдаты мен 2 офицерін жойып жіберді. Мұсаның өзі 9 немісті жайратады. Осы ерлігі үшін оған Кеңес Одағының Батыры атағы беріледі. КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1945 жылғы 16 сәуіріндегі Жарлығы бойынша Одер үшін болған соғыстардағы қаһармандық істері үшін жоғары бағаланып, Кеңестер Одағының батыры атағы берілген. Ленин орденімен, «Алтын Жұлдыз» медалімен, І дәрежелі Отан соғысы ордендерімен марапатталған. Мұса Баймұхановтың есімі Атырау қаласындағы және Мақат кентіндегі көшелердің біріне, Мақат кентіндегі орта мектепке берілген.

Мұса елдегі хабарларды радио, газет, хат арқылы біліп, тылдағы еңбек майданындағы жерлестерінің табыстарына олармен бірге қуанды, ел-жұртының Кеңес жауынгерлеріне деген қамқорлығына дән риза болды.

Жауынгер хаттарының арасында өзінің тебіренген көңіл-күйін білдіріп, сүйікті екі қызына арнаған өлең жолдары кездеседі:

«Қарағым Айман-Шолпан екі балам,

Сағынған және болар ата-анам.

Ішінде бір жетінің екі рет,

«Сағындық папа» деген хатыңды алам». Бұл шумақтан әкенің балаларына деген терең әкелік махаббатын, тамаша азаматтық қасиеттерін байқаймыз.

Батыр есімін жаттап өскен кейінгі ұрпақ үшін 10 сәуірді-елінің нағыз патриот ұлының есіміне батыр атағы берілген күн ретінде есте сақтаса, 18 наурызды батырдың бұл фәни дүниемен қоштасқан күні ретінде жадында сақтайды. Осындай Отаны үшін жандарын қиған аталарымызды әрқашан да мақтан етеміз.олардың өз Отанына деген шексіз сүйіспеншіліктері бізге мақтан тұтарлық үлгі. Ер есімі - ел есінде мәңгі сақталады. Кейінгі ұрпақ өз батырларының жеңіске жету ісіне қосқан үлестерін ешқашан ұмытпайды. Батыр ардагерлерін ардақтап, құрметтейді.

интернет йота модем тарифы безлимитный интернет для ноутбука цена. стоимость планшета ipad pro.

Мұса Баймұханов - елі үшін ерен ерлік жасаған, өнегесі ұрпаққа үлгі болатын ұлы тұлға. «Соғыс зор апат. Сондықтан дүниежүзіндегі барлық ізгі ниетті адам бейбітшілік болуын тілейді…»- деп Кеңес Одағының Батыры Қасым Қайсенов атамыз айтқандай, Ұлы Жеңісті тойлатқан ата-бабаларымыздың алдында әрқашан қарыздармыз, олардың ерен ерліктерін ешқашан ұмытпай, туған елінің бақыты үшін күрескен қаһарман перзенттерін халқы шексіз сүйіп, өнегесін үлгі құрмет тұтады, мәңгілік есте сақтайды.

Кеңес Одағының батыры Мұса Баймұханов

Мүсінші Ғ.Әбілов кескіндеген мүсінтас

Батырдың әкесі Баймұхан, анасы Жаңыл, зайыбы Зейнеп

Батырдың қызы Шолпан, зайыбы Зейнеп

Батыр атына жолданған Грамота

«Сәлем саған майданнан, Қазақстан!» Орыс және қазақ тілдерінде шыққан осы кітапта Мұсаның отбасына жазған соңғы хаты жарияланған

Батыр есімі берілген Мақат ауданындағы мектеп

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Боздақтар жинақтама том Алматы; «Қазақстан» баспасы, 1995 жыл, 53-бет

2. Б.Демегенов, А.Елеусінов, С.Сағытжанов Ерлікке ескерткіш А; «Жалын» баспасы, 1995 жыл 3 бет

3. «Мақат тынысы» газеті 17 сәуір, 2014 жыл

4. Айбосын Елеусінов зерттеулері

5. Ғаламтор желісі

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности