link14544 link14545 link14546 link14547 link14548 link14549 link14550 link14551 link14552 link14553 link14554 link14555 link14556 link14557 link14558 link14559 link14560 link14561 link14562 link14563 link14564 link14565 link14566 link14567 link14568 link14569 link14570 link14571 link14572 link14573 link14574 link14575 link14576 link14577 link14578 link14579 link14580 link14581 link14582 link14583 link14584 link14585 link14586 link14587 link14588 link14589 link14590 link14591 link14592 link14593 link14594 link14595 link14596 link14597 link14598 link14599 link14600 link14601 link14602 link14603 link14604 link14605 link14606 link14607 link14608 link14609 link14610 link14611 link14612 link14613 link14614 link14615 link14616 link14617 link14618 link14619 link14620 link14621 link14622 link14623 link14624 link14625 link14626 link14627 link14628 link14629 link14630 link14631 link14632 link14633 link14634 link14635 link14636 link14637 link14638 link14639 link14640 link14641 link14642 link14643 link14644 link14645 link14646 link14647 link14648 link14649 link14650 link14651 link14652 link14653 link14654 link14655 link14656 link14657 link14658 link14659 link14660 link14661 link14662 link14663 link14664 link14665 link14666 link14667 link14668 link14669 link14670 link14671 link14672 link14673 link14674 link14675 link14676 link14677 link14678 link14679 link14680 link14681 link14682 link14683 link14684 link14685 link14686 link14687
Айжан Кенжебаева
Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:
Регион:не указан
Ою-өрнек — ұлттық тәрбиенің қайнар бастауы.

Тақырыбы:

Ою-өрнек — ұлттық тәрбиенің қайнар бастауы.

Міндеті:

· Қазақ ұлттық ою - өрнектері туралы жалпы мағлұматтар жинау.

· Қазақ ұлттық ою - өрнектің тарихын зерттеп білу.

· Қазақ ұлттық ою - өрнектердің мән- мағынасын білу.

· Қазақ ұлттық ою - өрнектері арқылы жас ұрпақты әдемілікке, патриоттыққа тәрбиелеу.

· Оқушыларды мектептегі технология кабинеті және технология пәнінің мұғалімімен кездестіру арқылы мамандыққа деген қызығушылықты ояту.

· Оқушыларға ұлттық ою-өрнектерді таныстыру;

· Оқушылардың ұлттық ою-өрнек жайлы білімін дамыту;

· Оқушыларды әдемілікті танып-білуге үйрету;

· Оқушыларды ұлттық құндылықтарды біліп, сақтап, келешекке апаруына жол ашу.

Өзектілігі:

· Жас ұрпақтың көзін ұлттық ою - өрнектің жоғалмайтынына жеткізу.

· Ұлттық ою - өрнектердің қазіргі заман талабына сай қолдану мен оларды күннен — күнге одан әрі дамып, ерекшеленіп, әртүрлі салаларда қолдану тәсілдерімен оларды тарихын зерттеу.

Гипотеза: Егер бастауыш мектеп оқушыларын қазақтың ұлттық қол өнері, ою-өрнегі арқылы дамытатын болсақ, онда жас ұрпаққа эстетикалық тәрбие мен көркем білім беруге жол ашылып, танымдық-шығармашылық потенциялы қалыптасады.

Зерттеу нысаны: Сынып оқушыларының тәрбиелік дамуы.

Зерттеу пәні: Ұлттық ою-өрнек өнері

Жобаның мақсаты:

· Оқушыларды ұлттық дәстүрді сақтай білетін патриот етіп тәрбиелеу;

· Балаларға қазақ ұлттық ою - өрнектердің тәрбиелік мәнін түсіндіру.

Күтілетін нәтиже:

Бастауыш сынып оқушыларын өз Отанының тарихын, мәдениетін, оның ішінде ерекше көзге түсетін көне мұратымыз ою - өрнектерін бағалауға, ою - өрнектердің жасалуын танып, осы өнерді жалғастыра білуге, ою - өрнектердің тарихы, олардың қазіргі заманда қолданылуы мен ерекшеліктері мен дамуы қоршаған ортаның сұлулығын тани білуге үйретеді. Қазақ халқының өнерін, шеберлігін қайта жаңғырту жолында оған жаңа мазмұн береді.

Зерттеу әдістері:

· Сауалнама жүргізу

· Сұхбат өткізу

· Бақылау жүргізу

· Шеберлермен кездесу

· Энциклопедиямен жұмыс

Жоспар

I. Кіріспе ...................................................................... 4-7

1. Ою - өрнектердің шежіресі.

2. Қазақ ою - өрнегінің даму тарихы.

II. Негізгі бөлім............................................................... 8-13

1. Ою - өрнегінін атаулары.

2. Ою - өрнектегі көңіл — күй мен сезім терендігі.

3. Ою - өрнектердің актуальдік орны.

4. Мектептегі технология пәнінің оқушыға ою-өрнекті үйретудегі

орны

III. Қорытынды................................................................ 14-15

1. Қазақ ою - өрнегінің мағынасы мен тәрбиелік мәні.

VI. Қолданылған әдебиеттер тізімі............................... 16


І. Кіріспе бөлім.

Ою - өрнектердің шежіресі

І. Ою - өрнек ертеден келе жатқан ою - өрнектерді түрлендіру арқылы мазмұнды ою - өрнектер жасау дәрежесіне көтеруге болады. өнер өлмейді, өнер көнермейді, өнер жеміс ағаштың бұтағындай гүлдеп, жемістене береді. Ою - өрнектермен танысып, олардың дүниетанымы, өз қоршаған орта және сұлулық туралы түсінігі артып, шеберлік қабілеті дамып отырады.

Қазақтың ұлттық ою - өрнектері мен оның атаулары көп. Ғалымдар әзірше 200 — дей түрін ғана анықтады. Біз солардан халық арасында көп тараған мүйіз тектес ою - өрнектерді сөз етпекпіз.

Қазақ ою - өрнегінің даму тарихы.



Қазақ ою - өрнегінің өзіне тән даму жолы мен тарихы бар. Ол тарих сонау көне замандардан, сақ, андронов мәдениетінен басталады. Андронов мәдениеті — б.з.б. екі мыңжылдықтың соңғы жартысы мен бір мыңжылдықтың басында юатыс Сібір мен Қазақстанды мекендеген тайпалар мәдениеті. Ал б.з.б. VIII — III ғасыр ларда сақтар негізінен Оңтүстік Шығыс пен Орталық Қазақстан жерлерін мпекен еткен. Сақ тайпалары туралы құнды тарихи деректер ежелгі заманғы грек жіне парсы тарихшыларының қол жазбаларында кездеседі. Ол жазбаларда грек тарихшылары сақтарды «азиялық скифтер» деп, ал парсы тарихшылары «сақ» деп атаған. Бұған елімізде ұзақ жылдар жүргізген археологиялық зерттеулердің нәтижесінде анықталған ежелгі мәдениеттің үлгілері дәлел бола алады.

Тарихи — ғылыми деректерге жүгінсек, қазақ халқының ою - өрнек өнері ежелгі замандардан бастау алып, қазақ жерін мекен еткен көшпелі тайпалар өнерінің ықпал - әсерімен сан ғасырлар бойы қалыптасып, өзіне тән белгілі бір жүйеге келгенін қапысыз таныр едік.

Бұған дәлел — қазақтың алғашқы ою - өрнек үлгілерінен андронов, сақ, ғұн, үйсін мәдени мұраларын ұшыратқанымызды айтсақ та жеткілікті.

Қазақ ою - өрнегі — ғасырлар бойы дамып келе жатқан өнер туындысы. Халқымыздың қай қолөнер саласын алсақ та, ою - өрнектер өзіндік ерекшеліктерін сақтай отырып, белгілі бір тәртіппен орналасқанын көреміз. Оюлардың ежелден келе жатқан нұсқаларында элементтер құстың, гүлдің, жануарлардың түрін тұспалдап тұратыны белгілі.

Көне түркілердің түсінігі бойынш, құс — көктің, балық — судың, ағаш — жердің белгісі. Бұйымдарда жан — жануарлардың мүйізі, дене мүшесі, тұяғы, құстың тұмсығы, түлкінің басы, бөрінің құлағы немесе иттің құйрығы т.б. және өсімдіктердің түрлері кеңінен белгіленген.

Ою - өрнек өнері — қазақ халқының ауыз әдебиеті секілді мәдени шежіре.

Ою - өрнектің теориясы.

Қолөнер шеберлерін, суретшілер мен сәнгерлерді ұлттық рұхта тәрбиелеуде ою - өрнектің атқаратын рөлі өте зор. Сурет және бейнелеу өнерінде, сондай — ақ қолөнер шеберлері жасаған бұйымдар да ұлттық нақыш анықталып тұруы қажет. Сол ұлттық нақышты айқындап бейнелейтін өнер түрі — қазақтың ою - өрнегі. Қазақ халқының ою - өрнек өнері байырғы ұлттық өнерлердің ішіндегі ең ежелгісі, әрі кең таралған саласы. Бұл ұлтымыздың мәдени дамуының шежіресі, адам жанына ләззат сыйлайтын эстетикалық мәні зор өнер. Бүгінгі танда қазақтың 230 — дай оюының ежелден келе жатқан атаулары бар. Қолөнер шеберлері ертеден ою - өрнек атауларын екі топқа бөліп қарастырған. І — топқа ою - өрнектердің тікелей өзіне, түріне қатысты негізгі атаулар, ІІ — топқа жалпы ою - өрнек қолданылатын бұйымдардың атаулары жатады. Ою - өрнекті теориялық жағынан негіздеу — этнолингвистикалық атаулары лексика — симантикалық топтарға бөлуге қатысты нақты қорытындылар жасауға мүмкіндік береді. Ою - өрнек тарихы халық тарихымен жасалып келе жатқан төл мұрамыз екені белгілі.

Бүгінгі танда ою - өрнектің практикалық маңызы артып отыр. «Ою», «өрнек» сөздері бір мағынаны білдіреді. Бедері түсірілген үлгіні ойып, кесіп, қиып немесе екі затты оя кесіп, қиюластыру «Ою» деп аталады. Ал киім — кешекке, түскиізге және т.б. қолөнер бұйымдарына кестелеп бейнеленетін бедер, сол сияқты тоқылатын алашаға, бақұрға және қоржынға түсірілетін түрі. Геометриялық бедерлерді «Өрнек» дейді. өрнекті тасқа, ағашқы күйдіріп, қашап, бояп түсіруге болады. Қазақ ою - өрнегін көне тәсілмен жасау кезінде шеберлер оның дәлме — дәлдігін сақтамай –ақ, көзбен мөлшерлеп қиып, ою - өрнектің тең пропорциясын жасай білген. Мұны бізге мұра болып қалған көне ескерткіштерден айқын көруге болады. Оюлардың өзіндік көркемдік мәні және сюжеті болады, дегенмен, өрнектегі барлық элементтер ырғаққа бағынады. Ою - өрнек элементтерінде формальді түрде бейнеленетін элемент жоқ, олардың барлығының мазмұны бар.

Ою - өрнек өнері мүсін немесе сұңғат сияқты өз бетімен өмір сүре алмайды, әрқашан қосалқы роль атқарады.

Өрнектердің пайда болуы

ІІ. Негізгі бөлім

Қазақ халқының ою - өрнектерінің атаулары

Ою-өрнектің көне атаулары — халықтың тарихы мен мәдениетінен, ұлттық ерекшелігінен, ертедегі дүниетанымынан мол мағлұмат беретін құндылық. Олар — халықтың өткен тарихы рухани, мәдени — материалдық өмірінң айнасы. Қазақтың «ою» және «өрнек» деген сөзі бірігіп келіп латынша «орнамент» деген ұғымды білдіреді. Бұл сөз көп халықтың тіліне сінген термин, мағынасы — сәндеу, әсемдеу.

Қазақ ою - өрнегі әлі түбегейлі, жан — жақты толық зерттеле қойған жоқ, дегенмен, бұл өнер саласын белгілі бір жүйеге келтіруге этнограф, өнертанушы Садық Қасимов пен архитектор — ғалым Тілеутай Бәсенов ою туралы біраз деректер қалдырды. Ою - өрнек саласын зерттеп жүрген ғалымдар оларды бір жүйеге түсіріп, мынадай топтарға бөлген.

1. Өсімдік типтес ою - өрнек («жапырақ», «үш жапырақ», «шиыршық», «ағаш»);

2. Зооморфтық - ою — өрнек (жан — жануарлардың табиға және мифтік бейнелері) «қошқармүйіз», және оның түрлі нұсқалары «қосмүйыз», «сынық мүйіз», «қырықмүйіз», сондай — ақ «өркеш», «табан», «ботамойын», «құсқанаты».

2. Космогониялық өрнек («дөңгелек», «ирек», «шимай», «торкөз»)

Бүгінгі таңда халқымыздың мәдени өзекті бір саласы — ою — өрнек өнері

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности