link13440 link13441 link13442 link13443 link13444 link13445 link13446 link13447 link13448 link13449 link13450 link13451 link13452 link13453 link13454 link13455 link13456 link13457 link13458 link13459 link13460 link13461 link13462 link13463 link13464 link13465 link13466 link13467 link13468 link13469 link13470 link13471 link13472 link13473 link13474 link13475 link13476 link13477 link13478 link13479 link13480 link13481 link13482 link13483 link13484 link13485 link13486 link13487 link13488 link13489 link13490 link13491 link13492 link13493 link13494 link13495 link13496 link13497 link13498 link13499 link13500 link13501 link13502 link13503 link13504 link13505 link13506 link13507 link13508 link13509 link13510 link13511 link13512 link13513 link13514 link13515 link13516 link13517 link13518 link13519 link13520 link13521 link13522 link13523 link13524 link13525 link13526 link13527 link13528 link13529 link13530 link13531 link13532 link13533 link13534 link13535 link13536 link13537 link13538 link13539 link13540 link13541 link13542 link13543 link13544 link13545 link13546 link13547 link13548 link13549 link13550 link13551 link13552 link13553 link13554 link13555 link13556 link13557 link13558 link13559
Ольга Николаевна
Должность:Редактор
Группа:Команда портала
Страна:
Регион:не указан
Білім беру саласы: «Қатынас»

Казахстан, Актюбинская область, г.Актобе

Дошкольная организация "Еркемай"

Воспитатель

Курмангалиева Рыстыгул Базаркуловна

Білім беру саласы: «Қатынас»

Оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту.

Мақсаты: 1.Балаларды өз Отанын сүюге,Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздердің нышандарының қойылуы себебі жайында толық мәлімет беру, отаншылдыққа тәрбиелеу.

2. Балалардың сөзік қорын молайту, байланыстыра сөйлеуді қалыптастыру, есте сақтау қабілетін дамыту, көңіл-күйлерін көтеру.

3. Балалардың халқына, ұлтына деген сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін тәрбиелеу. Туған жеріне, табиғатқа қамқорлықпен, құрметпен қарауға баулу, ою-өрнек жапсыруға үйрету.

Сабақтың көрнекілігі: ҚР рәміздері, қазақтың ою-өрнектері, торсық.
Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Билингивальді компонент: Отан-Родина

Ту-Флаг

Елтаңба-Герб

Гимн-Гимн

Ою-өрнек- орнамент

Ұйымдастырушылық-ізденушілік.

Қазақстан Республикасының Гимні орындалады.

Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық сәт.

- Кәне балалар,сәлемдесіп алайықшы.

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты,

Жарқырайды күніміз,

Жарқырайды даламыз,

Қайырлы таң ,балалар,

Қайырлы таң ,қонақтар!

- Ал, енді балалар, бір-бірімізге тілектер тілейік .

Балалар бір-біріне жүрек жылуын сыйлап, сабағамызды бастадық.

- Балалар , бүгінгі тіл дамыту сабағының тақырыбы: « Байтақ елім- Ұлы Отан». Балалар, айтыңдаршы Отан дегеніміз не?Иә, Бұл біз тұратын жер, туған үйлеріміз, халқымыз.

- Біздің Отанымыз-Қазақстан.

- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері тудың авторы Ш.Ниязбеков.

- Тудың көгілдір түсі бұлтсыз ашық аспанды, бейбітшілікті білдіреді. Бүркіт тәуелсіздіктің белгісі. Ою-өрнек — халықтың көркемдік талғамын білдіреді.

- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасының авторлары: Ш.Уалиханов, Ж.Мәлібеков.

- Шаңырақ- ошақтың амандығын білдіреді. Тұлпар- батырлық, қажырлық нышаны. Жұлдыз-жарықты білдіреді.

Гимннің авторлары:

Сөзді жазғандар: Н.Ә:Назарбаев,Ж.Нәжмединов.

Әнін жазған: Ш.Қалдаяқов.

Гимн салтанатты жиындарда, мемлекеттік іс-шараларды айтылады.

- Балалар, кім Отан туралы мақал-мәтелдер біледі?

Тосын сәт.

( Әскер кіріп, хат береді. Қоштасып, Отанын қорғауға кетеді.)

«Ойлан,тап»ойыны.

Шарты: Сұрақтарға жауап беру арқылы ұлттыұ бұйымды (торсықты) жинау.

Сергіту сәті.

Кел балалар, кел бері

Қыздырайық денені.

Орнымызда тұрып-ақ,

Жүгірейік бір уақ.

Бір-екі-үш

Бір-екі-үш!

Екпіндей түс.

Аяқты оңға созайық,

Тік көтеріп қозғайық.

Оңға, солға қарайық

Орнымызды табайық!

Балалар орындарына отырады.

- Балалар, ою-өрнектердің сан түрлісінің бірі «Қошқар мүйіз» оюын

жапсырайық. (Ою жапсыру сәтінде үнтаспадан әуен қойылады.)

Қорытынды.

«Байтақ елім –Ұлы Отан» тақырыбында өзіміздің еліміз Қазақстан туралы білдік. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерімен таныстық. Сабағымыздың соңында Отанымызға қандай тілектер айтар едіңіздер.

Балалар:

- Отанымыз тыныш болсын!

- Аспанымыз ашық болсын!

- Соғыс болмасын!

- Туымыз биікте желбіреп тұрсын!

- Қазақстан Республикасы жасара берсін!

- Күніміз Жарқырап тұрсын!

- Бейбітшілік болсын!

Рефлекстік түзету.

Балалар «Қошқар мүйіз» оюын өздері қиып жапсыра біледі.

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Қазақстан Республикасының рәміздерін.

Болу керек: Балалардың халқына, ұлтына деген сүйіспеншілігі.

Үйрену керек: Отан туралы мақал-мәтелдерді.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности