Илья Гашек
Должность:Системный редактор
Группа:Команда портала
Страна:Россия
Регион:Москва
Сөйлесе білу де өнер

Казахстан, Западно-Казахстанская область, Теректинский район, г. Уральск, п. Новая Жизнь
Чаганская СОШ

Учитель самопознания

Куанышкалиева Ф.А.

Мақсаты: Балалардың “сөз”, “сөз құдіреті”,”тіл табысу” ұғымдары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

-сөзді түсіне білу,сөйлеу дағдыларын қалыптастыру:

-адамдармен жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту:

-өзара сыйластыққа тәрбиелеу:

Сабақ барысы:

Шаттық шеңбері.

“Сәлем-сөздің анасы” демекші шеңберге тұрып,амандасамыз.Бір-бірімізге жылы лебіздерімізді айтып шығамыз.

Әңгімелесу.

  • Ø Сөйлесу неден басталады?
  • Ø Сөйлесу не үшін керек?
  • Ø Адамдармен қалай тез тіл табысуға болады?
  • Ø Бейтаныс адамдармен жолыққанда сөзді қалай бастап,қалай аяқтаған жөн деп ойлайсыңдар?
  • Ø Жақындарың мен достарың сені түсіне ме?
  • Ø Өзіңді ешкім түсінбеген жағдайда қалай сезінесің?

Жаңа ақпарат.

Тыңдай білетін және өзіңді түсіне алатын адаммен сөйлесу адам жанына қуат береді, жағымды әсер етеді.Адам сөзді есту,тыңдау арқылы шебер болады.Сөйлеген кезде шындыққа сүйеніп,туралықты айту адам жанының тазалығын көрсетеді. Мәдениетті адам не айту керектігін алдын ала ойланып алады.

Мәтінмен жұмыс.

«Не айтатыныңды ойлап ал.» Үнді аңызы

Талдау сұрақтар.

  • Ø Данышпан әйел адамға қандай тәлім берді?
  • Ø Сендер әйел адамның сұрағына қалай жауап берер едіңдер?
  • Ø Неліктен біреу туралы ғайбат сөз /өсек/ айтуға болмайды?

Шығармашылық жұмыс.

Сөйлеу ережелерін құрастыр.

Дәйексөз.

“Сөз қадірін білмеген өз қадірін білмейді” Халық мақалы.

Тыныштық сәті.

Сахналау.

Мен мектептемін” тақырыбында сахналау.

Мақсаты: Сөйлеу әдептерін,ережелерін қолданып сөйлесу.

Дәптермен жұмыс.

2-тапсырманы орындайсыздар.

Жүректен жүрекке.

Балалар шеңберге тұрып,мына өлең жолдарын хормен айтып,сабақты аяқтаймыз.

Адамдар бар жөн-жосықсыз сөзге құмар,

Айтарыңды алдымен ойланып ал.

Асығыс іс істеме,сөз сөйлеме,

Мінездің көк суын төк,қаймағын ал.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности