ҒЫЛЫМИ ЖОБА
ТАҚЫРЫБЫ: «Ертіс өзені бойындағы өсімдіктер жамылғысы мен экологиясы»
ЖЕТЕКШІ: Мальгельдинова Қизат Айдархановна.
ЖОБА АВТОРЫ: Сатыбалды Қанат.
Мазмұны
I. Кіріспе :
Өсімдіктердің тірі ағзалар ішіндегі алатын орны....................... 6
II. Негізгі бөлім:
- Ертіс туралы мағлұмат.............................................................8
- Ертіс өзені бойындағы өсімдіктер
жамылғысы мен экологиясы......................................................9
III. Қорытынды:
- Өсімдіктерді сақтау, қорғау- келешек ұрпақ міндеті....... 26
ІV. Қолданылған әдебиеттер тізімі.............................................. 28
Түйін
Ғылыми — зерттеу жұмысы Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтің «Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасы аясында және «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты республика халқына жолдауында көрсетілгендей «Жасыл ел» бағдарламасына сай жүргізілген.
Жас жеткіншектерге тиянақты білім беру жолдарының бірі — жергілікті материалдарды сабаққа қолдану болып табылады. Соның ішінде өсімдіктердің тірі ағзалар ішіндегі алатын орны биологиялық жағынан ерекше сипатталып, халық медицинасындағы маңызы аталып көрсетілген. Оқушы өз еңбегінде экологиялық жағынан да білімдарлығын көрсете білген. Бұл жұмыс болашақта оқушының дәрігер болуына жол ашары сөзсіз.
Аннотация
Научно-исследовательская работа велась на стратегической программе
Казакстан - 2030, проводимой Президентом РК Н.Назарбаевым, а так же по программе «Жасыл ел»,тесно связанной с посланием «Народу Казахстана на пути экономического, социального и политического обновления».
Одним из главных задач обучения является обучение на местном материале. Здесь особо показана роль растительности, место занимаемое в среде живых организмов, подробное биологическое описание и применение в народной медицине. Ученик в своей работе смог показать свои знания и по экологии. Я уверенна, что данная работа поможет в будущем стать хорошим работником в сфере медицины.
Annotation
This scientific research work has been done according to the strategic program “Kazakhstan 2030” is being done by the President of the Republic of Kasakhstan N. Nazarbaev,and the program “Zhasil el”.These programms are closely connected with his message “To people of Kazakhstan on the way of economic,social and political reneival.
Education becomes more effective if it is based on the local material.Among them special attention is paid to the role of plants,their place among living things.Besides this, work presents biological description of plants and their use in folk medicine.In addition to this,the pupil was able to show this ecological knowledge.No doubt this work will be of great use for him in future
Тақырыбы: “Ертіс өзені бойындағы өсімдіктер жамылғысы мен экологиясы”
Ұраны: «Табиғатым-тағдырым»
<!-- [if gte vml 1]> <!-- [if !vml]-->
Белгісі:
Мақсаты:
Туған ауылымыздың іргесіндегі өсетін өсімдіктер және олардың экологиясымен танысу барысында іздену, шығармашылық ойлау, зерттеу қабілеттерімді айғақтау, ғылыми-ізденіс жолында байқампаздық қабілеттерімді дамыту барысында ғылыми көзқарасымды қалыптастыру.Жобаның негізгі мақсатына сай төмендегідей міндеттерді жоспарладым.
- Жергілікті жеріміздің табиғат байлықтарына қамқорлық жасап, табиғаттың біртұтастығын, оған ұқыпты көзқарас керектігін ұғынып,өсімдіктер дүниесін зерттеу, көбейту және санын сақтау.
- Туған өлкені сүюге, табиғи ортаны аялап, жанашырлық сезіммен қарауға үйрену, табиғат байлықтарын қорғауға деген сезімді қалыптастыруға машықтану.
- Қоршаған ортаны бақылау, жергілікті материалдарды пайдалану жолында экологиялық саналылығымды тәрбиелеу.
- Жергілікті экологиялық проблемаларды шеше білуге дағдылану.
- Табиғатты сақтау және қорғау туралы заңды және адамгершілік нормаларын, құқық пен міндеттерді білу және мүлтіксіз жүзеге асыру, немқұрайлыққа қарсы күресе білу.
- Айналадағы жақсарту іс-әрекетінің барлық түріне белсене қатысу, табиғатты қорғау қажеттілігін тұжырымдау.
- Өсімдіктердің халық медицинасында одан әрі қолданылуын насихаттау.
Әдістері: Табиғи жинама материалдарды, кеппешөп даналарын және биологиялық таратпа материалдарды қолдану арқылы саралау, зерттеу, сипаттау әдістерін жүзеге асыру.
Жобаның өзектілігі.
Жас жеткіншектерге тиянақты білім беру жолдарының бірі — жергілікті материалдарды пайдалану. Бұл ұстаным, әсіресе, ауыл мектептері жағдайында қажет-ақ.
Ауылда өсіп, табиғатпен, қоршаған ортамен етене жақын болған біздер үшін маңайдағы заттар, жануарлар мен өсімдіктер, жер бедерін, ондағы құбылыстарды күнделікті көре өсу, ол туралы өзіндік білім қоры болары сөзсіз. Осы білімді мектепте ғылыммен ұштастыра білсек есімізде ұзақ уақыт сақталады.
Өсімдік — табиғат қазынасы, халықтың байлығы. Өсімдіксіз жер бетінде тіршіліктің болуы да мүмкін емес. Олай дейтін себебіміз, ол — тіршілікке қажетті органикалық зат пен оттегінің қайнар көзі, өсімдікте түзілген органикалық заттарды бүкіл тірі организмдер пайдаланады. Тірі организмдер тұтынатын және қоректенетін азықтардың негізі осы өсімдіктерден алынады, өсімдіктерден тұрады.
“Өсімдіктер дүниесі — табиғаттың өндіргіш күші іспеттес”-деп, ғалым М.И.Галенкин тегін айтпаса керек. Олар үнемі өсіп-өніп, молығып тұрады. Табиғаттағы тағамдық, техникалық, мал азықтық, дәрілік қасиеттері бар өсімдіктердің өзі біздің табиғи ресурстардың негізгі қорын құрайды. Сондықтан да олар өндірісте, ауыл шаруашылығында, медицинада кеңінен қолданылады, ауыл мен қалаларды көгалдандыруға, топырақты құнарландыруға пайдаланылады. Өсімдіктердің көбі азық-түліктің қайнар көзі, халықтың байлығы болып табылады.
Қазақстан Республикасының территориясындағы өсімдіктер жамылғысын зерттеу, шөптесін өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктерін толық біліп, тіршілік формаларына ғылыми тұрғыдан сипаттама беру үшін олардың белгілі бір жағдайдағы онтогенездік морфогенезін білу өте қажетті, өзекті мәселе.
Жалпы алғанда өсімдіктердің ішінде қажетке жарамсызы жоқ, улы өсімдіктердің өзі де шикізаттың қайнар көзі болып отыр. Соған байланысты ауылымыз Боранның табиғатын қорғау үшін, онда өсетін өсімдіктердің тіршілігі мен маңызын тереңірек түсіну барысында әсем, сұлу табиғатымыздың аясындағы Ертіс өзені бойындағы өсімдіктерге ғылыми-зерттеу жұмысын жүргіздім.
Жобаның ғылыми жаңалығы.
Жергілікті жердің өсімдіктерін зерттей келе, олардың биологиялық ерекшеліктерін біліп, медициналық тұрғыдан да білімімді тереңдете жетілдіре түстім. Өз бетіммен қажетті нәрсені іздеуге бағытталдым. Бұл биология ғылымы үшін аз да болса қосқан ұлы ісім!
Ғылыми жобаның практикалық негізі ретінде белгілі ғалымдардың еңбектеріндегі фактілері, өзге баспасөз бетінде жарияланған биология саласындағы ғылыми-практикалық және публицистикалық материалдар алынды.
Жұмыстың құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, зерттеу бөлімінен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен, фотосуреттерден, табиғи нақты деректерден тұрады. Зерттеу жұмысының көлемі 29 бет.
Кіріспе
Өсімдіктердің тірі ағзалар ішіндегі алатын орны
Жер шарында өсімдіктердің 500 млн. астам түрлері бар. Өсімдік — жер шарының «өкпесі» деп бекер айтылмаған. Тіршілік атаулыны өсімдіксіз елестетуге болмайды. Қазақстан жері ұлан-байтақ. Осындай байтақ өлкенің табиғи жағдайы біркелкі емес, соған байланысты әр аймақтың өзіне ғана тән өсімдігі бар.
Адамдар мен жануарларға оттегі қажет. Жылына бір адам тыныс алу үшін 173 мың литр оттегін қабылдайтыны анықталған. Өсімдіктер ауа қабатына оттегін бөліп шығарады, ауаны шаң мен улы газдан тазартады және ауаға ауру тудыратын бактерияларды жоятын ерекше зат бөліп шығарады.
Өсімдік айналадағы ортаны жақсартады: ауа райын салқындатып, қатты желге тосқауыл болады; аптап ыстықты қайтарып, қысқы суықтың ызғарын бәсеңдетеді.
Адам мен жануарлардың тіршілігі өсімдіктер әлемімен тығыз байланысты. Тірі адамдар тұтынатын және қоректенетін азықтардың негізгі бөлігі өсімдіктер болып саналады.
Өсімдіктер әлемінен органикалық заттар өте көп өндірілуде, бірақ халықтың саны жедел өсіп барады. Сондықтан табиғи өсімдіктерден алынатын өнімдерді молайтып, халықты тағаммен, өнеркәсіптік шикізатпен, малды жемшөппен қамтамасыз ету мәселесі барған сайын маңызды бола түсуде.
Өсімдіктердің медицинада алатын орны да орасан зор. Өсімдіктің 150-ден астам түрлерінен дәрі жасалады. Оларды адам сәндік үшін де өсіріп, эстетикалық ләззат алып, рақаттанады.
Ауаны, суды, топырақты тазартуға да өсімдіктің әсері мол. Елімізде барынша кең таралған кәдімгі теректің газ бен түтінге өте шыдамды екені анықталды.
1 га жердегі жас теректердің жапырақтарын жаз бойы 300 килограмнан артық шаң басады. Терек ауадағы көмірқышқыл газын сіңіру жағынан қалған ағаштардың қай-қайсынан да алда тұр. Теректің жапырақтары мен бүршіктерінде ауадағы зиянды микробтарды өлтіретін ұшқыш зат болады, олар ұдайы ауаға таралады. Осылай өсімдіктердің тірі ағзалар ішінде алатын орны ерекше болып саналады.
Негізгі бөлім
Ертіс туралы мағлұмат
<!-- [if gte vml 1]> <!-- [if !vml]-->Ертіс-Солтүстік Мұзды мұхит алабының басты өзені. Оның ұзындығы 4248 км, тек 1700 км-ге жуық бөлігі ғана Қазақстанда Қара Ертіс деп аталып, Зайсан көліне келіп құяды. Көлден ағып шыққанда өзен Ақ Ертіс деп аталады да, Ресей аумағындағы Обь өзеніне барып құяды. Ертіс алғашқыда белесті-төбелі жазықпен ағып, Алтайдың Нарын, Қалба жоталары т.б тау сілемдерінің аралығындағы тар шатқалдармен Өскемен қаласына дейін ағады. Оған Семей мен Өскемен қаласының аралығында көптеген салалар келіп құяды. Өскеменнен төмен қарай Ертіс кең аңғармен ағады, оның оң жағында — Кенді Алтай, сол жағында — Сарыарқа жатыр. Аңғардың жағалауы едәуір биік әрі тік құламалы, кей жерлері жартасты. Ертіс Семей қаласы тұсында нағыз жазықтағы өзенге айналады. Бұл жерде өзен арнасы ирелеңдеп келеді де, кей жерде тарамдалып кетеді. Ертіс аралас қоректенетін өзендер қатарына жатады. Салаларының біразы Алтайдың биік тауларынан басталады да, мәңгілік қар мен мұздықтардың еріген суымен толығады. Басқа салалары жер асты суы, жауын-шашынмен қоректенеді. Ертіс өзенінің деңгейі бүкіл жыл бойы едәуір жоғары болып тұрады. Оның суы сәуір-мамыр айларында және маусымда молаяды.
Ертіс өзені бойындағы өсімдіктер жамылғысы мен экологиясы.
Табиғат — адам бойына қуат, көңіліне шабыт, шапағат ұялататын әсемпаз сұлулық пен өсімдік әлемі. Бүгінгі таңда барлық адамзат алдында ең күрделі мәселе тұр. Ол өзіміз тіршілік етіп отырған қоршаған ортамызды келешек ұрпаққа бүлдірмей, ластамай өсімдіктері мен жануарларына зиян келтірмей жеткізу болып табылады.
Қазіргі таңда жер бетіндегі бүкіл адам баласын ерекше толғандырып отырған ең басты мәселе ғаламдық деңгейдегі экологиялық мәселелер болып отыр. Сондықтан да, әрбір мемлекет бұл мәселелерді негізгі мемлекеттік міндеттердің бірі деп қарастырады. Осыған орай, елімізде қордаланған экологиялық жағдайларды жақсарту шараларына айрықша мән беріліп, 2007 жылдың басында Қазақстан Республикасының экологиялық кодексі туралы заң қабылданды.
Елімізде қабылданған бұл экологиялық кодекстің 7-ші бөлімі “Қоршаған ортаны қорғау саласындағы экологиялық білім беру мен ағарту, ғылыми зерттеулер және халықаралық ынтымақтастық” деп аталады.
Қазіргі кездегі өнеркәсіптің өркендеуі, халық санының артуы, тұрғындардың ірі қалалардың маңына шоғырлануы экологиялық жағдайлардың күннен күнге шиеленісе түсуіне әсер етуде. Әсіресе ауа райының ғаламдық деңгейде жылынуы, озон қабатының жұқаруы, әлемдік мұхиттардың ластануы, тропикалық ормандардың қарқынды түрде қырқылуы, тірі организмдердің түр санының азаюы және т.б. жағдайлар бүкіл адамзатты алаңдатып отырғаны да ақиқат. Жер шарының көп аймақтарында ауыз судың тапшылығы шектен тыс құрғақшылық, өте күшті су тасқындары, сұрапыл дауылдар, орасан көлемдегі өрттердің бәрі де ғаламшардың ғаламдық деңгейде жылынуының әсерінен болуда деген пікір қалыптасып отыр.
Табиғат-өзара байланысты құбылыстардың тұтас, өте күрделі комплексі. Адамның өзі Табиғат пен Жер — Ананың перзенті, оны аялау — адамның азаматтық борышы. Ол табиғатпен үздіксіз бірлесе әрекет жасайды. Демек,өзіне қажетті ауа, су, тамақ және өндірістік шикізаттарды адам табиғаттан алады.
Біздің планетамызда өсімдіктер және жануарлар әлемі биосфераның маңызды бір бөлігіболып саналады.Егер өсімдіктер тамыры арқылы топырақтан, күн сәулесі есебінен органикалық емес заттардан әр түрлі химиялық элементтерді пайдаланып органикалық заттар түзсе, жануарлар өсімдіктерді жеп, ондағы химиялық элементтерді өз денесіне сіңіреді.Сөйтіп, тірі организм табиғаттың дамуы мен тіршілігінде орасан зор және алуан түрлі роль атқарады.
Атам заманнан-ақ адамзат табиғат тамашаларына еліктеп келеді. Ежелгі мақсаты ізденіске негізделген адам табиғаттан тәлім алып, күнделікті тұрмысына қажеттісін пайдалануымен бірге, алақанға салып аялауды, оның асыл мұрасын қадір тұтып, мол байлығын қорғай білуді де естен шығарып көрген емес.
Адам баласы көп уақытқа дейін планетамыздағы мекендейтін жануарлар және өсімдіктер әлемін табиғаттың таусылмас қоры деп қарады. Олар “табиғатты бағындыру” дегенді желеу етіп, ормандағы ағашты балтамен шапты, құнарлы жерді темір тісті қарапайым құралдармен берекесіз қопарып, табиғатқа қиянат жасаған кездері де болды.
Қазақ халқы табиғаттың тынысын жүрегімен тани білген. Осы ата-бабамыздан мирас болып қалған қасиетімізді біздер, яғни жас ұрпақтар санамызға құя білуіміз керек. Адамның табиғатқа сарқылмас байлық деп қарауы табиғи ортадағы тепе-теңдіктің бұзылуына жол береді. Мұның келеңсіз әсері соңғы жылдарда күшейді, сондықтан адамзат баласы экологиялық мәселелерді шешуді белсенді түрде қолға алуы керек.
“Жасыл ел” бағдарламасын басшылыққа ала отырып, Халық Мұғалімі Құмаш Нұрғалиев гимназиясының бір топ оқушыларымен және пән ұстаздарымен бірігіп, ауылымыз Боранның іргесінде ағып жатқан Ертіс өзені бойындағы (7-8 шақырымдай жеріне) өсімдіктерге және оның экологиялық жағдайларына ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргіздім.
Табиғат байлықтарының бір тобы жасыл желекті орман-тоғайлы алқап.Орман-тоғайдың, жайылымға қажетті өсімдіктердің де жеке түрлерінің қадір-қасиетін халқымыз жақсы білген. Тіпті, жаһан түзде өсіп тұрған жалғыз ағаштың өзін “әулие-ағаш” деп, дәріптеп, оны кесуге мүлде рұқсат етілмеген бұл бабаларымыздың жазылмаған заңы болған.Әсіресе мал шаруашылығына қажетті жайылымдарды дұрыс пайдалануға ерекше көңіл бөлген екен. Асыл сөздің шебері Саққұлақ шешеннің мына айтқан сөзін мысалға келтірейін: «Орман тоғай — жер сыны, бетеге — жусан — бел сыны, көкорай шалғын — көл сыны, ебелек -ермен — шөл сыны». Мұнда бабамыз әрбір жердің табиғатында өзіне тән өсімдіктер тобы болатындығын атап көрсеткен.Осы айтылған ойды басшылыққа ала отырып, Ертіс өзенінің орман-тоғайлы алқабында өсетін біраз өсімдіктерімен таныстырып өтейін:
Биологиялық ерекшелігі: Биіктігі 30-150 сантиметрге дейін жететін көп жылдық шөптектес өсімдік, тамырлары өте тереңге кетеді. Негізгі тамырдан таралған жанама тамырлары топыраққа көлбей де, тік те таралады. Сабағы жұмыр, қызыл-қоңыр түсті, сыртын қысқа, жабысқақ безді түтіктер басқан. Жапырағы тақ қауырсын тәрізді күрделі, ұзындығы 8-20 см, әр жапырағында 7-ден 17-ге дейін қасқа сағақты қандауыр немесе эллипс тәрізді жапырақшалары бар. Жапырақшаларының астыңғы жағы жабысқақ, шайырлы. Гүлдері шашақ шоғырын құрайды. Жеке бір гүлінде түбі кіріккен 5 тостағанша жапырақша, ақшыл-күлгін түсті 5 күлте, 10 аталық (9-ы біріккен, біреуі жеке), 1 аналық болады. Жемісі сәл иіліп келген сыртында жабысқақ тікенектері бар ұзынша (ұзындығы 2-3,5 см) бұршаққап. Тұқымының саны 2-ден 7-ге дейін, домалақ пішінді, қоңыр сұрғылт жасылдау, ұзындығы 2-2,5 мм, ені 2 мм болады. Маусым, тамыз айларында гүлдейді.
Қолданылуы: Мемлекеттік фармакопеяда сулы тұнбасы