link2880 link2881 link2882 link2883 link2884 link2885 link2886 link2887 link2888 link2889 link2890 link2891 link2892 link2893 link2894 link2895 link2896 link2897 link2898 link2899 link2900 link2901 link2902 link2903 link2904 link2905 link2906 link2907 link2908 link2909 link2910 link2911 link2912 link2913 link2914 link2915 link2916 link2917 link2918 link2919 link2920 link2921 link2922 link2923 link2924 link2925 link2926 link2927 link2928 link2929 link2930 link2931 link2932 link2933 link2934 link2935 link2936 link2937 link2938 link2939 link2940 link2941 link2942 link2943 link2944 link2945 link2946 link2947 link2948 link2949 link2950 link2951 link2952 link2953 link2954 link2955 link2956 link2957 link2958 link2959 link2960 link2961 link2962 link2963 link2964 link2965 link2966 link2967 link2968 link2969 link2970 link2971 link2972 link2973 link2974 link2975 link2976 link2977 link2978 link2979 link2980 link2981 link2982 link2983 link2984 link2985 link2986 link2987 link2988 link2989 link2990 link2991 link2992 link2993 link2994 link2995 link2996 link2997 link2998 link2999 link3000 link3001 link3002 link3003 link3004 link3005 link3006 link3007 link3008 link3009 link3010 link3011 link3012 link3013 link3014 link3015 link3016 link3017 link3018 link3019 link3020 link3021 link3022 link3023
Абдулхаликова Елена Владимировна
Должность:Учитель-методист
Группа:Команда портала
Страна:Россия
Регион:Ижевск
Турагулова Балжума Темирбековна, преподаватель специальных дисциплин Рудненского социально-гуманитарного колледжа города Рудный, Костанайской области, Казахстан

Турагулова Б.Т., арнайы пәндер оқытушысы,

Қостанай обысы, Ы.Алтынсарин атындағы

Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжі

Сабақтың тақырыбы: Эстетикалық тәрбиенің мәні мен міндеттері

Сабақтың мақсаты:

1.Білімдік: Эстетика туралы білім беру, эстетикалық тәрбие, сана, көзқарас, талғам, мұрат ұғымдарына сипаттама беру, өткен материалды бекіту, эстетикалық тәрбиемен экологиялық тәрбиені байланыстыру;

2.Тәрбиелік: Әсемділікке, сұлулыққа, ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу;

3.Дамытушылық : Әртүрлі технологияларды қолдану арқылы өз ойларын ашық айтуға, мәселелерді шешуге үйрету, педагогикалық, конструктивті, дидактикалық, қолданбалы қабілеттерін дамыту.

Пән: Педагогика

Топ: Бастауыш білім беру мамандығы ББМ-03

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың түрі: бірін-бірі оқыту сабағы

Пәнаралық байланыс: экология, музыка, валеология, география.

Көрнекілік: интерактивті тақта, плакаттар, үлестірмелі карточкалар, бағалау парағы, плакат, маркер т.б.

Сабақ жоспары

1. Ұйымдастыру кезеңі. 1-слайд-тақырыбы.

2.“Кейс-стади” технологиясы бойынша сабақ мақсатын анықтау

2-слайд.Жоспар.

(топпен жұмыс, жоспарға қарап отырып, сабақтың мақсатын топта анықтау, талдау, әр топтан «өкіл» шығып, бірі –білімдік, екіншісі- тәрбиелік, үшіншісі-дамытушылық мақсаттарын ашады, сарапшы сайланады ).

3-слайд-мақсаттары.

3.“Зымыран сұрақтар ”.Кезекші жүргізеді.

-Экология қай тілден енген сөз?

-Негізін салған кім?

-Экологиялық тәрбие дегеніміз не?

-Оның мақсаты қандай? Т.б. (кезекшімен кері байланыс жасау, сұрақтар қою, карточкада көрсетіледі) «Жасыл ел», 2030 жылдарға дейінгі стратегиялық бағдарлама, экология, валеологиямен байланыс.

4.Үй тапсырмасын тексеру.

-Тестің қандай түрлерін білесіңдер?

-тест (аралас) Тақтада жауабы, өзін-өзі тексеру.

1.”Экология”ұғымын алғаш рет енгізген кім?

А.К.Д.Ушинский

В.Платонов

С.Г еккель Э

Д.Я.А.Каменский

Е.Ю.Бабанский

2.Геккель “экология ”терминін қай жылдары қолданды?

А.1910

В.1912

С.1876

Д.1916

Е.1866

3.”Экология ”қай тіл ден енген сөз

А.грек

В.ағылшын

С.латын

Д.неміс

Е.орыс

4.”Экология”қандай мағынаны білдіреді?

А. ауа

В.табиғат

С. Үй

Д. дала

Е.дұрыс жауап жоқ

5.Алғашқы рет экологиялық проблемалар қай жылы көтерілді?

А.1910

В.1912

С.1876

Д.1916

Е.1866

6.Э.Геккельдің түсінігі бойынша экология нені зерттейді?

А. қоршаған дүниені белсенділік

В. табиғат пен жануарлар өмірін

С.адамдар өмірін

Д. ағзаның бөлшектенуі және көбеюі, жануарлардың әлеуметтенуі мен экономикасы

Е.қоғам мен адамдар өмірін

7.Табиғат туралы В.А.Сухомлинский не деген

А.”Ұшқыр ойдың қайнар бұлағы ”

В.”Адам жанының күзетшісі “

С. “Балалардың мейірімді сезімдері”

Д. дұрыс жауап жоқ

8.Экологиялық тәрбиенің …

Қоршаған ортаға жауапкершіліктерін , қоршаған ортаны қорғауға және жақсартуға тәрбиелеу- экологиялық тәрбиенің ……

9.Экологиялық тәрбиенің …..

Табиғаттың тұтастығы,қоғаммен бірлігі,табиғат туралы ғылыми білім дер жүйесімен қаруландыру., қоғам мен адам үшін табиғаттың құндылығын түсінуге тәрбиелеу, табиғатта тәртіп нормаларымен қаруландыру,табиғатты қорғау үшін практикалық жұмыстарға тарту. табиғатпен қарым-қатынас жасау қажеттіліктерін дамыту.

10.Экологиялық тәрбиенің міндеттерін жүзеге асыру үшін мынадай принциптерге сүйену керек

А.жүйелілік, үздіксіздік, пәнаралық байланыс,балаға ғылыми және эмоциональдық ықпалдың бірлігі

В. Бірізділік пен жүйелілік

С.ынталандыру мен ізгілендіру

Д. көрнекілік

Е.мақсаттылық

11.Экологиялық тәрбие берудің……

оқу процесі , сыныптан тыс жұмыстар , қоғамға пайдалы жұмыс, экскурсия .

12.Экологиялық тәрбие берудің ……

табиғат және адам , табиғат және мәдениет, табиғат және ғылым, табиғат және техника, табиғат және қоғам

13……қызметі-оқушыларда табиғатты қорғау әрекетін ынталандыруды көздейді.

14…..оқушыларға табиғатты адамның өмір сүру ортасы ретінде және экологиялық тұрғыдан жетілуіндегі оның маңызын түсінуге көмектеседі.

15….жануарлар, өсімдіктер, микроорганизмдердің өзара және қоршаған ортамен қарым-қатынасын зерттейтін биологияның құрамдас бөлігі.

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

с

е

а

с

а

е

с

Мақ

саты

Міндет

тері

а

Негізгі жол

дары

Негізгі бағыт

тары

Ұйым

дастыру

шылық

Ағарту

шылық

Эколо

гия

4-слайд-жауабы

-Топпен жұмыс .Тақтада жауаптарын қорғайды.

“Мұғалімдер”- кесте сызып, сол бойынша білім, іскерлік, дағдыларын көрсету;

5--слайд-жауаптарын тексеріп отыру,

6-слайд-картамен жұмыс.

“Оқушылар”- «мұғалімдерге» тақырып бойынша сұрақтар қояды.

“Әдіскерлер”- экологиялық тәрбие мен білім берудің әдістері мен формаларына тоқталады. «Грамматика фантазии» Д.Родари.Бұл не? Не істейміз? Неге? Кіммен? Қашан? деген сұрақтарға жауап бере отырып, сөзбен ойын өткізу.

5. Үй тапсырмасын бекіту. Елбасы Н.Назарбаевтың Жолдауынан «Адам-ел байлығы» мысал келтіріп, қорыту. 8-слайд

Табиғатты- білу парыз

Білу үшін -сүю парыз,

Күзетінде тұру парыз- деп, М.Әлімбаев атамыз айтқандай, қолда бар байлығымызды сақтауға ат салысайық!

6.Жаңа материалмен жұмыс

-Аңыз-әңгіме.Философ пен үш құлдың әңгімесі.Бір күні үш құл арбамен ауыр тастарды сүйреп әкеле жатады.Оларға бір пәлсафашы кездеседі де, бірінші келе жатқан құлдан сұрайды:

-Осынша ауыр тастарды неге тасып жүрсің?-деп.

Құл:

-Бұйрық берген соң тасып жүрмін,-дейді.

Оның артында екінші құл келе жатады, одан:

-Мына ауыр тастарды несіне сүйреп жүрсіз?-дейді.

Құл:

-Нанға ақша табу үшін тасып жүрмін,-дейді.

Үшінші құлға да осы сұрақты қояды,сонда құл былай деп, жауап беріпті:

-Мен өте ғажап, әсем ғимарат салып жатырмын,-депті.Еңбекте әсемдікті көру- қоршаған ортаны жаңғырту.Эстетикалық тәрбиенің ең басты міндеті-эстетикалық түсінік, бағалау, қажеттілік, талғам мен қабілеттілікті қалыптастыру болып табылады.

- “Терминдар сыры” топпен жұмыс, әр жұпқа 1 сөзден беріледі, анықтамасын береді «Эстетика», 15-16 слайд

- «Эстетикалық тәрбие», 17-сл

- «Эстетикалық білім», 18-сл

- «эстетикалық ләззат», 19-сл

- «эстетикалық мұрат», 20-сл

- «эстетикалық сезім», 21-сл

- «эстетикалық қабылдау», 22-сл

- «эстетикалық әсерлену», 23-сл

- «эстетикалық талғам», 24-сл

- «эстетикалық сана», 25-сл

- «эстетикалық көзқарас» 26-сл 2-3 минут

- Дәптермен жұмыс

- Кестемен жұмыс 27-слайд-32-слайд

Эстетикалық тәрбие

Қолдан жасалған әдемілік табиғи әдемілік

«Кластер» стратегиясы бойынша қолдан жасалған әдемілік пен табиғи әдемілікті анықтау. Халықтық педагогикамен байланыстыру (сақина, шолпы туралы айту).

33-42-сл Эстетикалық тәрбиенің құралдары

43-сл-45-сл

(Абай, Мұхтар) әдебиет табиғат өнер ( Ә.Қашаубаев т.б.46-52-сл

7.Топпен жұмыс әр топ құралдарымен жұмыс жасайды (1-4 –сынып оқулықтары)

Абайдың 27-қарасөзін тыңдау, талдау.

8.Бекіту.

-Талдау жасау.

9.Үйге тапсырма: 5 жол өлең стратегиясы бойынша өлең құрастыру.

10.Бағалау.Бағалау парақтарын тапсыру.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности