Илья Гашек
Должность:Системный редактор
Группа:Команда портала
Страна:Россия
Регион:Москва
Ағаш-биік өсімдік

Казахстан, Алматинская область, Енбекшиказахский район, с. Шелек

ГККП Д/С №38 «Гулдер»

Воспитатель младшей группы

Жусанбаева Д.К.

Мақсаты: Табиғаттың күз мезгіліндегі өзгерістері, күз туралы түсінік беру.

Балаларды өсімдіктер әлемі-үйеңкі ағашымен таныстыру.

Күз мезгіліне байланысты ортаның өзгеруін бақылай білу дағдыларын

дамыту. Күзгі табиғаттың әсемдігін сезіне білуге және оны қорғауға

тәрбиелеу.

Серуеннің барысы:

Қане, кімнің бойы ұзын?

Паровозы ол пойыздың.

Қатар-қатар тұрайық,

Паровозды құрайық.

Пш-пш-пш, бас алға,

Қарап қалма, аспанға.

Пш-пш-пш,пш-пш-пш.

- Балалар, біздің пойызымыз ұзын ба, әлде қысқа ма?

- Біз осы пойызбен қазір ағаштар аялдамасына барамыз.

- Балалар, сендер таңертең ұйқыдан оянғанда терезеден нені көресіңдер?

- Күнді.

- Күннің нұрын көргенде сендер қалай қуанасыңдар?

- Алақай деп қуанамыз! (Қол шапалақтау).

- Күн бізге не береді?

- Күн бізге жылу береді.

- Қазір жылдың қай мезгілі екен?

- Қазір жылдың күз мезгілі.

- Күз мезгілінде ауа райы қандай болады?

- Ауа райы салқындайды, жиі-жиі жаңбыр жауады.

- Мынау не?

- Ағаш.

- Дұрыс. Бұл балалар үйеңкі ағашы.Үйеңкі ағашы-биік өсімдік, ұшар басы

цилиндр формалы, бұтақтары жұптаса орналасқан, діңі ашық сұр қабықты.

Жапырақтары ірі, қалақшаланған, ұштары үшкірленген, жазда ашық жасыл, күзде сарғыш қызыл түсті.

- Оның тамыры жердің астында, тереңде жатады сондықтан көрінбейді.

- Ағаштар тірі: олар дем алады, қоректенеді, өсіп-өнеді.Ағаштар ауаны тазартады, одан жиһаз бен қағаз жасайды, жазда күннен, ыстықтан қорғап, көлеңке болады.

Оларды қорғау керек.

- Ағаштар әртүрлі болады, оның жапырақтары да әр түрлі.

- Сары, сарғыш қызғылт, жасыл,қоңыр,қызғыл түсті.

- Пішіндері де әр түрлі.

- Дөңгеленіп жүрек сияқты,жұмыртқа сияқты сопақша,қалақшаланған ұштары үшкірленген.

- Күзде ағаштардың жапырақтары түсіп қалады.

Бой жазу:

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай ағаштар,

Үп-үлкен боп өседі.

- Балалар, ағаштар үлкен бе, әлде кішкентай ма?

- Биік пе, әлде аласа ма?

- Жапырақтар, бұтақтар.

Еңбек:

- Ал енді балалар, барлығымыз жапырақ жинайық.Кім көп жапырақ жинар екен?

Сұрақ-жауап. Қортындылау.

«Мысық» өлеңін айтып қимылмен көрсетеді.

Ойын: «Мысық пен тышқан».

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности