link3024 link3025 link3026 link3027 link3028 link3029 link3030 link3031 link3032 link3033 link3034 link3035 link3036 link3037 link3038 link3039 link3040 link3041 link3042 link3043 link3044 link3045 link3046 link3047 link3048 link3049 link3050 link3051 link3052 link3053 link3054 link3055 link3056 link3057 link3058 link3059 link3060 link3061 link3062 link3063 link3064 link3065 link3066 link3067 link3068 link3069 link3070 link3071 link3072 link3073 link3074 link3075 link3076 link3077 link3078 link3079 link3080 link3081 link3082 link3083 link3084 link3085 link3086 link3087 link3088 link3089 link3090 link3091 link3092 link3093 link3094 link3095 link3096 link3097 link3098 link3099 link3100 link3101 link3102 link3103 link3104 link3105 link3106 link3107 link3108 link3109 link3110 link3111 link3112 link3113 link3114 link3115 link3116 link3117 link3118 link3119 link3120 link3121 link3122 link3123 link3124 link3125 link3126 link3127 link3128 link3129 link3130 link3131 link3132 link3133 link3134 link3135 link3136 link3137 link3138 link3139 link3140 link3141 link3142 link3143 link3144 link3145 link3146 link3147 link3148 link3149
Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Санкт-Петербург
Жалқы және жалпы есім

Қазақстан,Қызылорда қаласы

№257 орта мектеп

Бастауыш сынып мұғалімі

Абдыкалыкова Алуа Ертаевна

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Зат есім жайында берілген білімді еске түсіріп, жаттығу жұмыстары орындау барысында жалқы және жалпы есіммен таныстыру.
Дамытушылығы: дамыта оқытудың тиімді әдіс — тәсілдерін пайдалана отырып, оқушыларды сауатты, көркем жазуға дағдыландыру, оқушылардың
сөздік қорын, сөйлеу мәдениетін дамыту.
Тәрбиелігі:
оқушыларды ұқыптылыққа, тазалыққа, сауаттылыққа тәрбиелеу.
Түрі: жаңа сабақ.
Әдіс — тәсілі: сын тұрғысынан ойлау.
Көрнекілігі: суреттер, слайд,
1 Топқа бөлу 1 — топ — Зат есім
2 — топ — Сын есім
3 — топ — Сан есім
4 — топ — Етістік
2 Психологиялық дайындық.
Сендерді өмірде не таңғалдырады? Таңғалатын жайттар бізге жиі кездеседі.
Ал мен күнге таңғаламын. Өйткені ол нағыз сиқыршы сияқты, жылы әрі мейіріммен сәлемдесе біледі. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік қолдары сияқты аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады. Барлығы тақтадағы күнге қарап өлеңді оқиды.
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан - жағым.
- Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.

3 Қызығушылықты ояту
Ертегі: Ертеде Зат есім деген сөз табының Жалқы және Жалпы есім деген ұлы болыпты. Жалқы есім өзімшіл тек қана өз атын айта беріпті. Ал Жалпы есім көпшіл жалпылама ұғымды білдіріпті. Зат есім болса екі ұлының да мінезін біліп, олармен тіл табысып екеуін де орынды жұмсай біліпті. Олар даәкелерін сыйлапты. Ендеше, біз де осы сабақта бір — бірімізді сыйлап, тыңдап Жалқы және Жалпы есім туралы білетін боламыз.
4 Мағынаны тану
Мына суреттегі заттарға назар аударайық. Суреттер көрсетіледі

Ыбырай Алтынсарин ағаш

аққулар Аққу

Сөздердің бірі кіші әріппен, бірі үлкен әріппен жазылған. Не себепті деп ойлайсыңдар.
Қорытынды: Ереже. Кісінің аты — жөні, жер — су аттары, жан — жануарға қойылған атаулар жалқы есім деп аталады. Жалқы есімдер әр уақытта бас әріппен жазылады: Сәуле, Тараз, Ақтөс.
Жалқы есімдерден басқа зат есімдерді жалпы есімдер дейміз:өзен, аққу, оқытушы

Оқулықпен жұмыс

1-жаттығу

1Мәтінді оқы.

2Алдымен бұйымдардың,содан кейін ыдыс атауларын теріп жаз.

3Бұйым мен ыдыс атаулары жалпы есім мен жалқы есімнің

қайсысына жатады.

2-жаттығу

1Сөздер тобын толықтырып жаз.

2 Адамның аты-жөні: Оразұлы,......

Жер аттары: Сарыарқа, …,....

Өзен-көл аттары: Балқаш,…,....

Тау аттары: Қаратау,…,....

Қала аттары: Жаркент,....

3 Бұл сөздер неге бас әріппен жазылады?

Тағы да қандай сөздер бас әріппен жазылады?

Бас әріппен жазылатын сөздер қалай аталады

5-жаттығу. Ертегіні аяқта

Бір күні Қоян орманда Қасқырға кез болыпты.

-Мен ашпын,қазір сені жеймін!- депті Қасқыр.

Аңдардың аты неге бас әріппен жазылғанын түсіндір

Топпен Жұмыс

1-топ

Сөздер Жекеше Көпше

Астана

Құлындар

Жайық

Көлдер

Парта

2- топ

Суреттегі заттардың атын жаз, сөйлем құрастыр

Фартук, жұмыртқа, балық

3- топ

Сөздер Зат есім Сан есім Сын есім Етістік

Келді

Бес

Сұлу

алма

отыр

4-топ Сөздерге көптік жалғауды сызық арқылы жалға

Дүкен су толқын тер лар

Дер кеме көйлек дар лер

5 Ой толғаныс

Сөздер ішінен жалқы, жалпы есімді табу

Дәптер, айгүл, ұшқыш, құс, ертіс, мектеп, бурабай, ана, сабақ, абай, сынып

6 Өзін-өзі бағалау

7 Үйге тапсырма 4- жаттығу

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности