link13734 link13735 link13736 link13737 link13738 link13739 link13740 link13741 link13742 link13743 link13744 link13745 link13746 link13747 link13748 link13749 link13750 link13751 link13752 link13753 link13754 link13755 link13756 link13757 link13758 link13759 link13760 link13761 link13762 link13763 link13764 link13765 link13766 link13767 link13768 link13769 link13770 link13771 link13772 link13773 link13774 link13775 link13776 link13777 link13778 link13779 link13780 link13781 link13782 link13783 link13784 link13785 link13786 link13787 link13788 link13789 link13790 link13791 link13792 link13793 link13794 link13795 link13796 link13797 link13798 link13799 link13800 link13801 link13802 link13803 link13804 link13805 link13806 link13807 link13808 link13809 link13810 link13811 link13812 link13813 link13814 link13815 link13816 link13817 link13818 link13819 link13820 link13821 link13822 link13823 link13824 link13825 link13826 link13827 link13828 link13829 link13830 link13831 link13832 link13833 link13834 link13835 link13836 link13837 link13838 link13839 link13840 link13841 link13842 link13843 link13844 link13845 link13846 link13847 link13848 link13849 link13850 link13851 link13852 link13853 link13854 link13855 link13856 link13857 link13858 link13859
Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Санкт-Петербург
Жалқы және жалпы есім

Қазақстан,Қызылорда қаласы

№138 Абай атындағы орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі

Ералина Орынкул Алмасовна

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Зат есім жайында берілген білімді еске түсіріп, жаттығу жұмыстары орындау барысында жалқы және жалпы есіммен таныстыру.
Дамытушылығы: дамыта оқытудың тиімді әдіс — тәсілдерін пайдалана отырып, оқушыларды сауатты, көркем жазуға дағдыландыру, оқушылардың
сөздік қорын, сөйлеу мәдениетін дамыту.
Тәрбиелігі:
оқушыларды ұқыптылыққа, тазалыққа, сауаттылыққа тәрбиелеу.
Түрі: жаңа сабақ.
Әдіс — тәсілі: сын тұрғысынан ойлау.
Көрнекілігі: суреттер, слайд,
1 Топқа бөлу 1 — топ — Зат есім
2 — топ — Сын есім
3 — топ — Сан есім
4 — топ — Етістік
2 Психологиялық дайындық.
Сендерді өмірде не таңғалдырады? Таңғалатын жайттар бізге жиі кездеседі.
Ал мен күнге таңғаламын. Өйткені ол нағыз сиқыршы сияқты, жылы әрі мейіріммен сәлемдесе біледі. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік қолдары сияқты аялайды, сипалайды, жылытады. Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады. Барлығы тақтадағы күнге қарап өлеңді оқиды.
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан - жағым.
- Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.

3 Қызығушылықты ояту
Ертегі: Ертеде Зат есім деген сөз табының Жалқы және Жалпы есім деген ұлы болыпты. Жалқы есім өзімшіл тек қана өз атын айта беріпті. Ал Жалпы есім көпшіл жалпылама ұғымды білдіріпті. Зат есім болса екі ұлының да мінезін біліп, олармен тіл табысып екеуін де орынды жұмсай біліпті. Олар да әкелерін сыйлапты. Ендеше, біз де осы сабақта бір — бірімізді сыйлап, тыңдап Жалқы және Жалпы есім туралы білетін боламыз.
4 Мағынаны тану
Мына суреттегі заттарға назар аударайық. Суреттер көрсетіледі

Ыбырай Алтынсарин ағаш

аққулар Аққу

Сөздердің бірі кіші әріппен, бірі үлкен әріппен жазылған. Не себепті деп ойлайсыңдар.
Қорытынды: Ереже. Кісінің аты — жөні, жер — су аттары, жан — жануарға қойылған атаулар жалқы есім деп аталады. Жалқы есімдер әр уақытта бас
әріппен жазылады: Сәуле, Тараз, Ақтөс.
Жалқы есімдерден басқа зат есімдерді жалпы есімдер дейміз:өзен, аққу, оқытушы

Оқулықпен жұмыс

1-жаттығу

1Мәтінді оқы.

2Алдымен бұйымдардың,содан кейін ыдыс атауларын теріп жаз.

3Бұйым мен ыдыс атаулары жалпы есім мен жалқы есімнің

қайсысына жатады.

2-жаттығу

1Сөздер тобын толықтырып жаз.

2 Адамның аты-жөні: Оразұлы,......

Жер аттары: Сарыарқа, …,....

Өзен-көл аттары: Балқаш,…,....

Тау аттары: Қаратау,…,....

Қала аттары: Жаркент,....

3 Бұл сөздер неге бас әріппен жазылады?

Тағы да қандай сөздер бас әріппен жазылады?

Бас әріппен жазылатын сөздер қалай аталады

5-жаттығу. Ертегіні аяқта

Бір күні Қоян орманда Қасқырға кез болыпты.

-Мен ашпын,қазір сені жеймін!- депті Қасқыр.

Аңдардың аты неге бас әріппен жазылғанын түсіндір

Топпен Жұмыс

1-топ

Сөздер Жекеше Көпше

Астана

Құлындар

Жайық

Көлдер

Парта

2- топ

Суреттегі заттардың атын жаз, сөйлем құрастыр

Фартук, жұмыртқа, балық

3- топ

Сөздер Зат есім Сан есім Сын есім Етістік

Келді

Бес

Сұлу

алма

отыр

4-топ Сөздерге көптік жалғауды сызық арқылы жалға

Дүкен су толқын тер лар

Дер кеме көйлек дар лер

5 Ой толғаныс

Сөздер ішінен жалқы, жалпы есімді табу

Дәптер, айгүл, ұшқыш, құс, ертіс, мектеп, бурабай, ана, сабақ, абай, сынып

6 Өзін-өзі бағалау

7 Үйге тапсырма 4- жаттығу

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности