link9324 link9325 link9326 link9327 link9328 link9329 link9330 link9331 link9332 link9333 link9334 link9335 link9336 link9337 link9338 link9339 link9340 link9341 link9342 link9343 link9344 link9345 link9346 link9347 link9348 link9349 link9350 link9351 link9352 link9353 link9354 link9355 link9356 link9357 link9358 link9359 link9360 link9361 link9362 link9363 link9364 link9365 link9366 link9367 link9368 link9369 link9370 link9371 link9372 link9373 link9374 link9375 link9376 link9377 link9378 link9379 link9380 link9381 link9382 link9383 link9384 link9385 link9386 link9387 link9388 link9389 link9390 link9391 link9392 link9393 link9394 link9395 link9396 link9397 link9398 link9399 link9400 link9401 link9402 link9403 link9404 link9405 link9406 link9407 link9408 link9409 link9410 link9411 link9412 link9413 link9414 link9415 link9416 link9417 link9418 link9419 link9420 link9421 link9422 link9423 link9424 link9425 link9426 link9427 link9428 link9429 link9430 link9431 link9432 link9433 link9434 link9435 link9436 link9437 link9438 link9439 link9440 link9441 link9442 link9443 link9444 link9445 link9446 link9447 link9448 link9449
Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Санкт-Петербург
Нота сауаттылығымен және клавиатурамен таныстыру

Қазақстан Республикасы,Батыс Қазақстан облысы,Шыңғырлау ауданы

Балалар саз мектебінің

Фортепиано класының мұғалімі
Жармаганбетова Зауреш Ерболовна

Тақырыбы: Нота сауаттылығымен және клавиатурамен таныстыру.

Мақсаты:

  • Клавиатурамен таныстыру;
  • Ноталардың орналасуын көрсету;
  • Ноталардың созылу белгілерін көрсету;

Көрнекілігі: Плакаттар, суреттермен нота әдебиеттер.

Барысы:

І. Ойнау арқылы балаға түсіндіру.

Бала ойнау арқылы музыка сауатын үйренеді.

ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

1. -Камилла, барлық басқыштарды атауларымен айтып шық. Әрбір сегізіші басқышта қандай дыбыс қайталанады?

-До.

-Дұрыс.

-До мажор гамманы жоғары қарай ойна.

-до, ре, ми, фа, соль, ля, си. Жоғарыдан төмен қарай ойна.

-До, си, ля, соль, фа, ми, ре.

-Өте жақсы!

-Екі қара басқыштың сол жағындағы басқыш қандай?

-До

-Үш қара басқыштың сол жағындағы басқыш қандай?

-фа

-Барлық клавиатуралардан көрсете қой.

-Жақсы!

2.-Камилла, бүгін сабақты жалғастыра отыра клавиатурамен танысамыз. Егерде ми нотаны ойнап кейін до ойнасақ. «Чи- жик» деп шақырғандайсың. Ән осылай басталады. Енді Камилла, өзің ойнай ғой ми- до. Осылай «Чи- жик» -ті бүкіл клавиатурадан ойнауға болады. Өзің ойнап және санап қарашы «Чи- жик» -ті неше рет шақырдың?

-Жеті рет

-Қарашы, «Чи- жик» -ті сол жақтан шақыруға болады. Бұл жақта төмен дауыс- бас деп айтамыз. «Чи- жик» -ті оң жақтан жіңішке дауыс шығарады. Ең жіңішке дауысты құстың дауысына теңеуге болады. Оң жақтағы «Чи- жик» дауысы жіңішке, ал сол жақтағы «Чи- жик» даусы жуан.

-Енді еске түсірейік, фа дыбысы қандай жерде тұр?

-Үш қара басқынтың сол жағында. Фа-дан кейін соль дыбысы болады. «Ва-соль» енді клавиатурадан неше рет «фа-соль» кездеседі?

-«фа-сол»-да 7рет. «Чи- жик» -те 7 рет.

-Сен білесің до-дан бастап жеті дыбыс ақ клавиатурамен келесі до-ға дейін ойнасаң, до- дыбысы жағы қайталанады. Сол себептен до мен келесі до дыбыстың аралығын октава деп айтамыз. Бүкіл жіңішке дыбыстар «скрипка»елінде , ал барлық жуан дыбыстар «бас» елінде. Әрбір елдің аумағы бес сызықпен жазылған, ноталарда осы бес сызықта тұрады және сызықтар арасында (сызықтар үстінде және сызықтар астында) тұрады. Осы ноталардың үйлері кілттеулі, оларды ашу үшін әр елдің кілттері бар. Олар: скипка-елі-скипка-кілті

Бас елі-бас-кілті.

-Қане Камилла, енді скипка кілтін жазайық. Скрипка кілті екінші сызықтан бастап жазылады.

-Камилла, айта қойшы, кемпірқосақ неше түстен тұрады?

-жеті

-Дұрыс, ендеше ноталардың қайда тұратынын әр түстермен бояп жазайық.

До- қызыл

Ре-сарғыш

Ми — сары

Фа — жасыл

Соль –көкшіл

Ля –көк

Си –сиякөк

-Камилла, дыбыстарды жоғары және төменгі деп бөлеміз. Сол сияқты дыбыстарды ұзақ және қысқа деп атаймыз. Ең ұзақ дыбыс- бүтін, әрі қарай жарты, төрттік, сегіздік және он алтылық болады. Әр дыбыстың ұзақтылығын есте сақтау үшін, мынандай ойынды көзіміздің алдына елестетейік. Сен жанұяңмен әжең, мамаң, папаң, сен және итің баспалдақпен жоғары көтеріліп келесің. Әжең әр баспалдаққа төрт рет демалады (бүтін нота), ала мамаң әр баспалдаққа екі рет демалады (жарты нотамен), папаң әр баспалдаққа бір рет демалады (төрттік нота), ал сен әр баспалдаққа екі рет демаласың (сегіздікпен), ал сендермен итің төрт баспалдаққа бір рет демалады( он алтылық). Енді түсінікті ме, қай нота ұзақ, қай нота қысқа екенін?

ІІІ. Сабақты қорытындылау.

-Бүгін сабақта қандай тақырыппен таныстық?

-Клавиатурада қанша «Чи-жик» бар?

-Қанша фа- соль бар?

-Октава дегеніміз не?

-Ноталар қайда жазылады?

-Ноталар ұзақтылығын қалай санаймыз?

Бағалау.

Үйге тапсырма беру:

-Срипка кілтінде І октавадағы ноталарды жаттау.

-Ноталардың ұзақтылығын жаттау.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности