Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Санкт-Петербург
Отанды сүю отбасынан басталады

Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы
М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының Ақтау көлік колледжі
Техникалық пәндер оқытушысы
Оспанов Ж.М.

Сабақтың тақырыбы: Отан — отбасынан басталады.
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға отбасы туралы ұғым беру. Отбасының мүшелерінің әрқайсысының өзінің орнын түсіндіру.
2. Сөздік қорларын, байланыстырып сөйлеу қабілеттерін, өз ойларын дәл жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру.
3. Өзара сыйластыққа, біріне бірі қамқорлық жасай білуге, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: саяхат
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, көрнекілік, түсіндіру
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, қима қағаз
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Амандасу
2. Психологиялық дайындық
Отан — туған үйіміз.
Отан — туған жеріміз.
Отан — ортақ үйіміз.
Көтеріңкі біздің көңіліміз!
3. Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру

ІІ. Өткен сабақты қайталау
- Балалар назарларымызды тақтаға аударайық? (бейнефильм)
- Ал енді осы бейнефильм бойынша не айтуға болады?
- Дұрыс айтасыңдар, Қазақстанның қалалары. Біз қандай қалада тұрамыз?
- Дұрыс айтасыңдар, ал бүгін бізде ауа райы қандай? Желдің бағыты ше?
- Ал енді басқа қалалармен толығырақ танысу үшін, біз сендермен қалаларға саяхатқа шығамыз. Саяхатқа шығу үшін бізге жолдама керек, ал ол жолдаманы алу үшін үйге берілген тапсырманы орындайық.
- Үйге қандай тапсырма берілді? (3 - 4 оқушыдан сұрау)

ІІІ. Жаңа сабақ
- Ал енді келесі қаламен танысайық. Ол қандай қала екенін білу үшін әліппені еске түсірейік. Ол үшін маған сендердің көмектерің керек. Мені мұқият тыңдап сұраққа жауап бере қойыңдаршы.
Әліпбидің А тұрады басында,
Әрқашанда Ә тұрады қасында.
Байқадың ба Б тұрады үшінші,
Ал осының сыры неде түсінші?
Жауабы: А деген ол аналар ғой ардақты,
Ә деген ол әкелер ғой салмақты.
Б деген ол балалар ғой әдемі,
Алшақ кетпей сондықтан да расында,
Тұрады олар әліпбидің басында

- Енді тағы қандай туыстық белгісі білдіретін сөздерді білесіңдер?
Ана, әке, бала, іні қарындас, аға, сіңлі, жиен

- Сонымен барлығын да бір сөзбен «отбасы» дейміз.
- Отбасы дегеніміз не?
- Отбасы - сыйластық, жарастық орнаған орта, яғни шағын қоғам.
- Сонымен балалар біз қандай келдік, дұрыс айтасыңдар Қостанай қаласы. Қостанай қаласы астықты өлке.
Оқулықпен жұмыс
- Ал енді балалар отбасы жайлы толық мәлімет алу үшін, біз сендермен келесі қалаға аттанамыз. Бұл қандай қала екенін білу үшін оқулықтағы мәтінмен танысайық.
1. Мәтінді түсініп оқу
2. Көзбен оқыту
3. Тізбектеп оқыту
4. 1 оқушыға оқыту.
- Сендердің отбасыларыңда кімдер бар?
- Отбасыңа сенің қандай көмегің тиеді?
- Жаңа мәтінде қамқоршы деген сөз кездесті, оны қалай түсінеміз?
- Қамқоршы — біреудің қамын ойлаушы, біреуге қамқорлық жасаушы.
- Үлкендер саған қандай көмек береді?
- Өте жақсы балалар, сонымен суретке қараңдаршы қандай қала екен? Қарағанды қаласы. Көмір шығару орталығы.
- Ендеше келесі қалаға жол жүрейік, ол қаланы білу үшін біз сендермен кішкене ән айтып демалайық.

Сергіту сәті «Отан»
Ортақ мекен — жер шары,
Төбемізде бір аспан.
Барлық ұлттың баласы,
Достығымыз жарасқан.
- Сонымен бұл қандай қала болды? Дұрыс айтасыңдар Көкшетау қаласы, ол сұлу қала.
- Сонымен біз сендермен саяхатымыз әрі қарай жалғастырамыз. Келесі қала қандай болады екен соны көрейік, келесі тапсырма жағдаяттық сұрақ.
- Әжесі үйге келгенде Сәуле: «Әже, сен маған не әкелдің?» деп сұрайды. Ал Асқар әжесінің алдынан шығып, сырт киімін шешуге көмектеседі де: «Әже, денсаулығың қалай?» деп сұрайды.
- Кімнің сұрағы дұрыс? (Балалар өз ойларын айтады.)
- Сонымен қандай қала, «Ақтау — мұнайшылар қаласы».
- Біз сендермен келесі қаламен танысуға аттанайық. Келесі қаламен танысу үшін үйге сендерге отбасы туралы шағын әңгіме жазып келу берілген, қане соны кім оқып береді?
- Өте жақсы, сонымен қандай қалаға келдік дұрыс «Ел ордасы — Астанаға».
Астана Қазақстан мемлекетінің орталығы.
- Балалар көрдіңдер ме, бүгін біз сендермен көптеген қалалармен таныстық. Ал енді өз қаламызға оралайық. Ол үшін сендердің алдарында ұрпақ ағашы берілген. Енді сендер төменнен бастап өздеріңді, содан кейін әке - анаңды, ата - әжеңді жазасың.

Қорытынды
- Сонымен балалар отбасы дегеніміз не?
- Неге отан отбасынан басталады?
- Балалар сендер әрқайсың бір отбасыларысыңдар, Рудныйда қаншама отбасы бар, Қазақстан бойынша ше? Міне сондықтан да біз «Отан - отбасыдан басталады» дейміз.
Үйге тапсырма. 116 бет оқу, отбасыға байланысты сурет салып келу
Бағалау

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности