Казахстан, ВКО,Жарминский район, с. Калбатау
КГУ «Средняя школа им.Маяковского»
Воспитатель
Сейтханова Айтолкын Мешетхановна
Мақсаты: 1.Балаларды с дыбысы және әрпімен таныстыру.
2. С дыбысына сөз , сөйлем құрастыру арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.Ауызекі сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. С әрпінің баспа түрін жазуға үйрете отырып,таза, сауатты жазуға үйрету.
3.Балалардың оқуға,білімге деген қызығушылығын қалыптастыру,дүниетанымын кеңейту,адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: ойын,көрнекілік,талдау,сұрақ-жауап.
Сабақтың түрі:Жаңа сабақ
Көрнекілігі: әріптер , түрлі-түсті суреттер, әліпби, DVD , текшелер, слайд, «Сауат ашу» - әліппе дәптері.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі.
-Балалар, бүгін біздің сабағымыз ерекше болмақ, өйткені бізге қонақтар келіп отыр.
Шаттық шеңбері:
Біз әдепті баламыз
Біз ерекше боламыз.
Қонақтарды көргенде
Сәлеметсіздер ме! деп
Сәлемдесіп аламыз .
-Балалар ,бүгін бізде сауат ашу сабағы.
Сауат ашу сабағында С дыбысымен және әрпімен танысамыз.
Ал бүгінгі сабағымызда біз сауат ашу әлеміне саяхатқа барамыз.
Саяхатқа шықпас бұрын біз өткен сабағымызды есімізге түсірейік.
Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?
-Б дыбысымен.
-Б дыбысы қандай дыбыс?
-Дауыссыз дыбыс .
-Б дыбысына байланысты қандай тақпақ жаттадық?
-Қане кім айтады?
II.Негізгі бөлім.
-Жақсы балалар, енді саяхатқа шығуымызға болады.
-Балалар, ненің дыбысын естіп тұрсыңдар.
Балалардың жауабы.
Ал енді көзімізді жұмайық.
-Ендеше,саяхатқа немен барамыз деп ойлайсыңдар?
-Балалардың жауабы
-Ал баратын жерлерімізді тез табу үшін бізге не қажет?
-Карта.
Балаларды картамен таныстырамын.
1.Дыбыстар елі.
2. Суреттер елі
3.Сиқырлы сөздер елі.
4.Жазу елі.
Ал балалар ендеше «Білім»әлеміне саяхатымызға аттанайық.
-Балалар біз дыбыстар еліне келіп жеттік.
Бірақ біз дыбыстар еліне кіре алмай тұрмыз.
Ол үшін біз мына жұмбақты шешуіміз қажет.
Сақинаны,сағызды,
Сарымсақты,сәбізді
Бастап тұрған қай әріп
Сапсыз орақ тәрізді? (С)
-Балалар, қане с дыбысын айтып көрейік.
-С қандай дыбыс?
-Дауыссыз дыбыс
-Қандай текшемен белгілейміз?
Ал балалар дыбыстар елімен қоштасып, суреттер еліне барайық.
-Балалар, біз суреттер еліне келдік.
Мына суреттерге назар аударайық.
Сағат, мысық, автобус,сандық, т.б
-Ендеше с дыбысы сөздің басында,ортасында,соңында кездеседі екен.
-Жақсы балалар,саяхатымызды ары қарай жалғастырайық.
-Ал балалар сиқырлы сөздер еліне де келіп жеттік.
-Балалар,қараңдаршы бізді дельфиндер өткізбей тұр.
Бізге мына буындарды,сөздерді оқи аласыңдарма, оқысаңдар өтесіңдер дейді.
-ас, -са, -со, тас, са-на, со-на.
«Адасқан әріптер» дид. ойыны.
Шарты: әріптерді тауып сөз құрау, текшемен жазып дыбыстық талдау жасау.Сол сөзге сөйлем құрайды.
-Балалар,ары қарай жолға шығайық.
Біз тағы бір елге жақындап қалдық.
Бұл «Жазу» елі екен. Ал енді с дыбысының әріп таңбасымен танысайық.
Ауада жазып көрсетемін.
Тақтада әріпті жазамын С с .
-Балалар әріпті қайтеміз көреміз,жазамыз,ал дыбысты естиміз , айтамыз.
Сергіту сәті:
Сағаттың тіліндей
Иіліп оңға бір.
Сағаттың тіліндей
Иіліп солға бір
Оң аяқ,сол аяқ
Жаттығу оңай-ақ.
III .Дәптермен жұмыс.
С дыбысының баспа түрін жазу.
IV.Бекіту
Жаздай інге тығылып,
Жатқан қызыл түлкіні.
Құйрығымен суырып,
Әкелді әжем бір күні. (Сәбіз)
V.Қорытындылау.
-Балалар сабақ ұнады ма?
-Қандай дыбыспен таныстық.
VI.Бағалау.