link8064 link8065 link8066 link8067 link8068 link8069 link8070 link8071 link8072 link8073 link8074 link8075 link8076 link8077 link8078 link8079 link8080 link8081 link8082 link8083 link8084 link8085 link8086 link8087 link8088 link8089 link8090 link8091 link8092 link8093 link8094 link8095 link8096 link8097 link8098 link8099 link8100 link8101 link8102 link8103 link8104 link8105 link8106 link8107 link8108 link8109 link8110 link8111 link8112 link8113 link8114 link8115 link8116 link8117 link8118 link8119 link8120 link8121 link8122 link8123 link8124 link8125 link8126 link8127 link8128 link8129 link8130 link8131 link8132 link8133 link8134 link8135 link8136 link8137 link8138 link8139 link8140 link8141 link8142 link8143 link8144 link8145 link8146 link8147 link8148 link8149 link8150 link8151 link8152 link8153 link8154 link8155 link8156 link8157 link8158 link8159 link8160 link8161 link8162 link8163 link8164 link8165 link8166 link8167 link8168 link8169 link8170 link8171 link8172 link8173 link8174 link8175 link8176 link8177 link8178 link8179 link8180 link8181 link8182 link8183 link8184 link8185 link8186 link8187 link8188 link8189
Абдулхаликова Елена Владимировна
Должность:Учитель-методист
Группа:Команда портала
Страна:Россия
Регион:Ижевск
Сартаева Назгул Тлеубергеновна, учитель биологии Средней школы №22 города Актобе, Казахстан

Ақтөбе қаласындағы 22 орта мектептің биология пәнінің мұғалімі Сартаева Назгул Тлеубергеновна

Сыныбы: 11 «ә»

Сабақтың тақырыбы: Макроэволюция дәлелдемелері

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Макроэволюция дәлелдемелі жайында жан — жақты түсінік беру

ә) Дамытушылық: Қосымша суреттермен жұмыс жасап, ойлау қабілеттерін арттыра отырып, өз бетінше жұмыс істей білуге дағдыландыру

б) Тәрбиелік: Еліміздің әрбір тіршілік иелеріне келешек ұрпағымыздың оң көзқараспен қарауына ықпал жасай отырып, макроэволюция дәлелдемелерін танытып, оларды қорғауға тәрбиелеу

Сабақ типі: Аралас сабақ

Сабақ әдісі: Түсіндірмелі — көрнекілік, сұрақ-жауап, оқулықпен жұмыс,тест

Көрнекілік: интерактивті тақта, тірек-сызбалар

Пәнаралық байланыс: география, экология

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру

1. Амандасу

2. Ұйымдастыру

3. Оқушылардың назарын сабаққа аударып, даярлау

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

  1. Кестені орындатамын
  2. ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру

Макроэволюция — ірі жүйелік топтардың (тип, класс, отряд) қалыптасу процесі. 1927жылы Ю.А. Филипченко.

Палеонтология — тірі организмдердің қазба қалдықтарын зерттейтін ғылым.

В.О. Ковалевский жылқылардың қаңқасын, тістерін, аяқтарын зерттеді. Ол жылқыларды аяқтарындағы башпай санының біртіндеп өзгеру ретіне қарай орналастырды.

1.Эогиппус (эоценде тіршілік еткен) — биіктігі 30см, алдыңғы аяқтарында 4 башпай, артқы аяқтарында 3 башпай. Ол бұдан 58-54 млн жыл бұрын тіршілік еткен.

2.Миогиппус (олигоценде тіршілік еткен) — ортаңғы башпайы өте жақсы жетілген, 2-4 башпайлары қысқа. Ол бұдан 37-25 млн жыл бұрын тіршілік еткен.

3.Мерикгиппус (миоценде тіршілік еткен) — ортаңғы башпайы жерге тиген, 2-4 башпайлары өте қысқа. Ол бұдан 16-9 млн жыл бұрын тіршілік еткен.

4.Осы заманғы жылқы (плейстоценде тіршілік еткен). Оның арғы тегі бұдан 9-3 млн жыл бұрын тіршілік еткен.

Бірін — бірі біртіндеп ауыстырып, дамып, эволюциялық процестің барына көз жеткізген қатарды филогенетикалық қатар дейді.

Ұрық бастамасынан дамитын құрылысы мен шығу тегі бірдей, ал атқаратын қызметі әртүрлі мүшелерді гомологтік мүшелер дейді.

Жарғанаттың қанаты мен көртышқанның алдыңғы аяғы жануарлардағы гомологтік мүшелеріне мысалы.

Өсімдіктердегі гомологтік мүшелер жапырақтың гомологиясына сарыағаш (бөріқарақат), кактус, итмұрынның тікенектері мен асбұршақтың мұртшасы жатады.

Құрылысы мен шығу тегі әртүрлі, бірақ ұқсас қызмет атқаратын мүшелерді аналогтік мүшелер дейді.

Аралық форма. Ірі жүйелеу топтарының арасында органикалық дүниенің біртұтас екендігін көрсететін аралық формалары болады. Мысалы, төменгі сатыдағы сүтқоректілер — үйректұмсық пен түрпінің жұмыстқа салып көбеюі, клоакасының болуы бауырымен жорғалаушыларға ұқсастығын дәлелдейді.

Органикалық дүниенің шығу жолын толық түсіну үшін жүйелеу топтарының қазіргі кезде тіршілік ететін түрлерінің құрылысын зерттеу қажет.

Эволюциялық салыстырмалы эмбриологиялық (онтогенетикалық) дәлелдемелері.

ХIХ ғасырдың екінші жартысында неміс ғалымдары Ф.Мюллер мен Э. Геккель биогенетикалық заңды ашты.Бұ заңның негізгі қағидасы: әрбір дара өзінің жеке дамуы кезінде өз түрінің тарихи дамуын қысқаша қайталайды.

Эволюцияның молекулалық — генетикалық дәлелдемелері. Соңғы жылдардағы генетика және биохимия ғылымдарының жетістіктерін бір — бірімен салыстыру арқылы туыстық жақын организмдердің ДНҚ молекулаларының ұқсас болатыны анықталды. Мысалы, адамтектес маймылдар мен адамның жасуа құрамындағы аминқышқылдарының және гемоглобиндерінің молекулалық құрамы ұқсас.

ІV. Бекіту 1.Макроэволюция қандай процесс, микроэволюциядан қандай айырмашылығы бар?

2.Палеонтология нені зертейтін ғылым?

3.Жылқы эволюциясында болған өзгерістерді сызбанұсқа арқылы сипаттаңдар

4.Гомологтік және аналогтік мүшелерге анықтама беріңдер және мысалдар

5.Биогенетикалық заңның негізгі қағидасы

V. Үйге тапсырма§18,19,20 оқу

VІ. Қорытынды .

VІІ. Бағалау Жақсы қатысқан оқушыларды бағалаймын.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности