link9072 link9073 link9074 link9075 link9076 link9077 link9078 link9079 link9080 link9081 link9082 link9083 link9084 link9085 link9086 link9087 link9088 link9089 link9090 link9091 link9092 link9093 link9094 link9095 link9096 link9097 link9098 link9099 link9100 link9101 link9102 link9103 link9104 link9105 link9106 link9107 link9108 link9109 link9110 link9111 link9112 link9113 link9114 link9115 link9116 link9117 link9118 link9119 link9120 link9121 link9122 link9123 link9124 link9125 link9126 link9127 link9128 link9129 link9130 link9131 link9132 link9133 link9134 link9135 link9136 link9137 link9138 link9139 link9140 link9141 link9142 link9143 link9144 link9145 link9146 link9147 link9148 link9149 link9150 link9151 link9152 link9153 link9154 link9155 link9156 link9157 link9158 link9159 link9160 link9161 link9162 link9163 link9164 link9165 link9166 link9167 link9168 link9169 link9170 link9171 link9172 link9173 link9174 link9175 link9176 link9177 link9178 link9179 link9180 link9181 link9182 link9183 link9184 link9185 link9186 link9187 link9188 link9189 link9190 link9191 link9192 link9193 link9194 link9195 link9196 link9197
Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Санкт-Петербург
«Менің Қазақстаным» және «Етістік.Етістіктің жасалуы»

Республика Казахстан,Северо- Казахстанская область,район имени Габита Мусрепова,с.Тахтаброд

КГУ «Тахтабродская средняя школа»
Учитель казахского языка и литературы

Сыздык А.Т.

Сабақтың тақырыбы : Менің Қазақстаным Етістік. Етістіктің жасалуы.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік — Оқушыларды Отанын, жерін, әр халқының тілін құрметтеуге , қазақша сауатты сөйлеуге, Қазақстанның азаматы екенін мақтаныш тұтуға баулу. Етістік. Етістік жасалуын меңгерту.

  1. Дамытушылық – Оқушылардың сөйлеу әрекетін, есте сақтау, қазақша ойлау, қабылдау, сауатты жазу қабілетін дамыту

  1. Тәрбиелік – Балаларды еліміздің білімді, адал да алғыр, туған жерін құрметтей білетін азаматтары мен азаматшалары болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түр¡ : жаңа сабақ

Сабақтың әдісі — тәсілдері : түсіндіру, ойландыру, сүрақ –жауап, іздендіру, тестілеу.

Сабақтың көрнекілігі : Интерактивтік тақта

Сабақтың барысы

Ι. Ұйымдастыру кезеңі — оқушыларды түгелдеп, олардың сабаққа әзірлігін тексеру. Слайд (3)

Ι Ι. Үй тапсырмасын тексеру . Слайд ( 4)

1) ҚР Мемлекеттік Туы туралы сипаттама.

2) ҚР Мемлекеттік Елтаңбасы туралы сипаттама

3) ҚР Әнұраны туралы сипаттама.

4) Фразелогиялық сөздікті пайдалана отырып, берілген тұрақты тіркестердің мағыналарын анықтаңдар. ( 18 б,. 3- тапсырма)

Ι Ι Ι. Жаңа сабақ.

Мұғалім : - Мінекі, балалар , өздерің байқап отырғандарыңдай, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы « Меің Қазақстаным» және « Етістік, Етістіктің жасалуы» деп аталады. Осы сабақта сөздік қорымызды байытып, өз туған жеріміз туралы мағлұматтар алып, ойымызды еркін жеткізіп, ауызша сөйлеуге үйренеміз және грамматикалық тақырыпты меңгереміз.

  1. Сабаққа ден қою. ( ой қозғау)

Барша заттың бір өзімде қимылы,

Сөз тобының күрделісі , қиыны.

Сабақты, салт, есімше, көсемше боп,

Шақ, рай, етіс те боп жиылдың.

Балалар , осы шумақ арқылы қай сөз табын айтып тұрмын?

- Дұрыс , балалар!

А)Бүгінгі грамматикалық тақырыбымыз Етістік. Етістік жасалуы.

Тірек сызба бойынша тақырыпты түсіндіру. Слайд (8)

Заттың қимылың, іс — әрекетін , жай- күйін білдіретін сөз табын етістік деп атайды. Етістік не істеді? Не қылды? Қайтті? Деген сұрақтарға жауап береді.Етістіктер басқа сөз таптарының ( зат есім, сын есім, есімдік, үстеу, шылау, одағай) мағыналық жақтан ғана емес, морфологиялық жақтан жа және синтаксистік функциясымен де ерекшеленеді. Етістіктердің сөйлемдегі қызметі басқа сөз таптарында әлдеқайда басым. Ол ерекшелік оның сөйлем мүшелерінің басын құрастыратын ұйымдастырушылық қасиетінен көрінеді. Етістіктер сөйлемде көбіне баяндауыш қызметінде жұмсалады да, көсемше түрі пысықтауыш, есімше түрі анықтауыш қызметін атқарады. Морфологиялық тұлға жағынан басқа сөз таптары секілді дара және күрделі болады.

Мысалы : айту , білу, сөйлеу, бір сөзден тұратын етістіктерді дара етістік дейді, ал екі сөзден тұратын етістіктер күрделі етістіктер деп аталады. Мысалы : алып келу, оқып беру т.б.

Етістік тұлғасына қарай негізгі және туынды болып екі топқа бөлінеді . Негізгі етістік түбір сөзден тұрады , ал туынды етістіктер деп түбір етістікке сөз тудырушы жұрнақтар арқылы жасалады.

Туынды етістіктің жасалуы

1.Зат есімнен етістік тудыратын жұрнақтар

-ла,-ле, -да, -де, -та,-те, -а, -е, -лас, -лес, -дас, -дес, тас,- тес, қар, -кер, -ғар, -гер, лан, -лен.

  1. Сын есім, сан есімдерден етістік тудыратын жұрнақтар .

А) Сын есім

- ла, -ле , -да, -де, т- та, -те, - ар, -ер, -р, - ай, - ей, -й.

Ә) Сан есім

-ла, - ле, -да, -де, лес, -десү

3. Басқа сөз таптарынан етістік тудыратын жұрнақтар.

А) Үстеу

- ла, -ле, -да, -де ,- та.

Ә) Одағай

- ла, -ле

Б) Еліктеу сөздер

- ла, -ле, - да, -де, -та, -те, -ыра, -іре.

Ә) Лексикалық тақырып бойынша жұмыс

Интерактивтік тақтада лексикалық тақырып бойынша тірек сызба берілген. Осы сызбаға қарап, мұғалім оқушыларға « Менің Қазақстаным» тақырыбы жайында мәлімет береді. Слайд (9)

IV. Грамматикалық жаттығу.

  1. Оқулықпен жұмыс.

Оқушылар өз орындарында отырып, жаттығулар орындайды.Содан кейін олар дәптерлерін өзара алмастырып тексереді, бағалайды.

23 ете 5 — тапсырма. Етістіктерді жасалуына қарай екі бағанаға бөліп жазу.

  1. Енді, балалар , интерактивтік тақтаға және компьютерге қараймыз. Сендерге тапсырма берілген . Жазылған сөздерді талдаңыз. Слайд (10)

  1. Деңгейлік тапсырмалар Слайд ( 11 -13)

III деңгей

  1. Қазақстан мемлекет

Сызба бойынша сөз тіркестерін құрастыр.

Есімдік + зат есім

Зат есім + етістік

Сын есім + зат есім

II деңгей

Тұңғыш президенті

Қазақстан Мемлекеттік тіл

Рәміздер

Сөз құрамына қарай талда.

Еліміздің, тарихи, еркінді.

I деңгей

Қазақстан мүше болып қабылданды.

Менің Қазақстаным тақырыбына әңгіме құра.

V. Сергіту сәті . Ойлан, тап. Слайд. ( 14)

Суверенный – все народы –

Общий - ОНН –

Независимый - Единство народов –

Родная земля - Воля –

Луч - Не делится –

Свобода - Свет –

Сплоченность - Святой –

Мирный - Член-

VI. Сабақты пысықтау .

Тіл дамыту . Слайд ( 15)

« Менің Қазақстаным»

Тақырыптарына диалог құра.

« Тәуелсіз Қазақстан»

VII. Сабақты бекіту. Тест . Слайд ( 16-17)

1.ҚР Мемлекеттік Рәміздері қашан қабылданды?

А) 1991 в) 1992 с) 1993 д) 1994

2. Жер көлемі батыстан шығысқа қарай қанша шақырым ?

А) 3000 в) 1700 с) 2000 д) 3700

3.Елтаңбадағы шаңырақ ненің белгісі ?

А) бес құрлық в) біртұтастық с) мал шаруашылығы д) еркіндік

4.Қазақстан тәуелсіздігін қашан алды?

А) 1991 в) 1992 с) 1993 д) 1994

5.Қазақстан ғарышкерін тап.

А) Ю.Гагарин в! Б.Мамышұлы с) Т.Әубәкіров д! Т.Бигельдинов

6.Етістік қандай сұраққа жауап береді?

А) не істеді? В) кім? Не? С) қандай? Д) неше? Қанша?

7. Етістік тұлғасына қарай қандай топтарға бөлінеді.

А) сапалық, қатыстық в) негізгі. Туынды

с) жіктеу, сілтеу Д) есептік, реттік

8. Зат есім + етістік туып тұрған сөзді тап.

А) тұрады в) жетістік с) бейбіт д) әшекейле

9. Негізгі етістікті тап.

А) достас в) болды с) баста д) еңбектен

10. –дас, -дес, -тас, -тес жұрнақтары төмендегі сөздердің қай қатарына жалғауға болмайды.

А) бар, кел, ал. В) аман, көмек, ақыл с) сәлем, қош.

VIII. Сабақты қорытындылау . Ой қозғау ( кластер құрастыру).

Слайд ( 18)

IX. Үйге тапсырма

29 –б . 1 — тапсырма. ( Тірек сызба бойынша әңгіме құрап жазу).

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности