link252 link253 link254 link255 link256 link257 link258 link259 link260 link261 link262 link263 link264 link265 link266 link267 link268 link269 link270 link271 link272 link273 link274 link275 link276 link277 link278 link279 link280 link281 link282 link283 link284 link285 link286 link287 link288 link289 link290 link291 link292 link293 link294 link295 link296 link297 link298 link299 link300 link301 link302 link303 link304 link305 link306 link307 link308 link309 link310 link311 link312 link313 link314 link315 link316 link317 link318 link319 link320 link321 link322 link323 link324 link325 link326 link327 link328 link329 link330 link331 link332 link333 link334 link335 link336 link337 link338 link339 link340 link341 link342 link343 link344 link345 link346 link347 link348 link349 link350 link351 link352 link353 link354 link355 link356 link357 link358 link359 link360 link361 link362 link363 link364 link365 link366 link367 link368 link369 link370 link371 link372 link373 link374 link375 link376 link377
Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Санкт-Петербург
7 санын қосу және азайту

Қазақстан, Қызылорда қаласы

№257 орта мектеп

Бастауыш сынып мұғалімі

Шуменова Жанар Бигалиевна

Сабақтың мақсаты: 7 қосу және азайтудың әдістерімен танысу.
1. Білімділік: Оқушылардың білім, білік дағдыларының деңгейін есепке алу.
2. Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау қабілетін, математикалық тілін дамыту. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.
3. Тәрбиелілік: Мақсатына жету ұмтылдыру, ұқыптылыққа, тапқырлыққа, өздігінен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Үлестірмелі қағаздар, active studio, фигуралар, ойындар.
Сабақтың әдісі: Топтастыру, сұрақ — жауап, ауызша есептеу.
Пәнаралық байланыс: Музыка, психология.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
«Көңіл ашар» (музыка әуенімен мұғалімнің оқушыларға деген лебізі, сабаққа назарын аудару, қызығушылығын аудару)
Тірек білімдерін жетілдіру. (ауызша)
Сұраққа жауап алу,
- Санды немен белгілейміз ? (цифрмен)
- Цифрды біз не істейміз? (көреміз, жазамыз)
- Кесіндіні немен өлшейміз? (см)
- Қандай геометриялық фигураны білесіңдер?
- Қосудың компоненттерін ата?
- Азайтудың компоненттерін ата?
- Қосудың ауыстырымдылық қасиеті жайлы не білесің?
«Сиқырлы сандар». Ауызша есептеу.

« Ғажайып жеті санына» саяхат жасау арқылы 7 санының киелі екенін айту.
Оқушыларды үш топқа бөлу.
1 — топ « Үшбұрыш»
2 — топ « Төртбұрыш»
3 — топ « Шеңбер»

ІІІ. Жаңа сабақ.
1 «Математикалық диктант» жүргізу арқылы, жаңа тақырып аты көрсетіледі.
10 мен 0-дің, 4 пен 5-тің, 1 мен 5-тің; қосындысын табу.
10 мен 5-тің, 9 бен 5-тің, 7 мен 4-тің; айырмасын табу.
ІV. Оқулықпен жұмыс. 1. Кестені жаз және жатта.
+ 7 = - 7 =
Барлығы 6 кәмпит бар еді. 2 кәмпит тәрелкенің ішінде, қалғандары сауыттың ішінде жатыр. Сауыт ішінде неше кәмпит бар?
Шешуі: 6 — 2 = 4 (к)
Жауабы: Сауыт ішінде 4 кәмпит бар.
V. Сергіту сәті.
Бір дегенім — байлық, бақыт бастауы,
Екі дегенім — еңбек,ұмтылыс дәл қасы.
Үш дегенім –үміт, үлгіге жетелеу,
Төрт дегенім — табиғат шынайылық мақсаты.
Бес дегенім — береке, бірлік, үйімде.
Алты дегенім — алатау асқар белінде,
Жеті дегенім — жоғары өрле биікке.

Топпен жұмыс.
Әр топ жеке қағаздар суырып, берілген тапсырманы орындаймыз.
1 — тапсырма: Қосылғыштарының бірі: 7 болатын қосындыны жазу, мәнін табу.
1+ 7
2 + 7
2 + 7
7 + 0
2– тапсырма: Азайғышы 7 болатын айырмаларды жазу, мәнін табу.
7 — 6
7 — 5
7 — 2
7 — 4
7 — 3
7 — 1
3– тапсырма: « Топ үйрек»
Бір топ үйрек ұшып барады.
Олардың барлығы бесеу.
Біреуі жерге қонса, нешеуі қалады? ( 5 — 1 = 4)
4 — тапсырма : «Салыстыру»
2+5*1+5
10-1*9-2+
4+3*3+4
8+2*5+5
5 — тапсырма: Сәйкестік тап.
5+1 ------5
7 — 3 ---- 2
4-2------- 6
7-2 ------4

V. Қорытындылау.
Шығырмақ болып кеше есеп,
Жиналды жеті есек.
Үшеуі ұйықтап отырды,
Ынталысы неше есек? (7-3=4)

Он асықтың үшеуін,
Досын сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі,
Өз қолында қалады? (10-3=7)

Бесбайда бар бес іні,
Елтайда бар екі іні.
Қоссаң бес пен екіні,
Нешеуі болар шешуі? (5+2=7)

Жетіден бірді алайық,
Қанша бала қарайық
Қарайық та санайық
Санайық та табайық. (7-1=6)

VI. «Жүректен жүрекке»

VII. Үйге тапсырма. №5. Кестені жатқа айту.
VIII. Бағалау.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности