Ольга Николаевна
Должность:Редактор
Группа:Команда портала
Страна:
Регион:не указан
Буынаяқтылар типінің жалпы сипаттамасы. Шаянтәрізділер класы.

Қазақстан,Павлодар облысы,Ақтоғай ауданы

"Қ.Ыдырысов атындағы жалпы орта білім беру мектебі" ММ

Биология мұғалімі

Жұмағұлова Сәуле Тұрсынбайқызы

Буынаяқтылар типінің жалпы сипаттамасы. Шаянтәрізділер класы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Буынаяқтылар типі және шаянтәрізділер класы туралы білімдерін дамыту, олардың тіршілік әрекеттерін, таралуының ерекшеліктері,табиғатта және адам өмірінде алатын орны туралы білім қалыптастыру.

Дамытушылық: Буылтық құрттар ерекшеліктерімен салыстыра отырып оқушылардың жаңа білімді игеру,салыстыра білу,сөйлеу шеберлігін, өз ойын қорытындылай, сараптай білу, қойылған сұраққа нақты жауап беру дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік:Оқушыларды қоршаған ортаны, табиғатты аялауға,мейірімділікке,инабаттылыққа,білгендерін көңілге тоқып, іс-әрекетінде пайдалана білуге,табиғатқа қамқор бола білуге баулу.

Сабақтың типі: Жаңа білім қалыптастыру

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап,ой қозғау,ой дамыту, топпен жұмыс, жеке жұмыс,мағынаны тану.

Сабақтың көрнектілігі: Интербелсенді тақта, слайдтар, шаян қаңқасы, оқулық.

Оқушылар меңгеруі тиіс.

Буынаяқтылар типінің ерекшелігін,жүйелеуін

Шаянтәрізділер класының жалпы сипаттамасын.

Буынаяқтылардың табиғатта алатын орны

Алған білімдерін табиғатта пайдалана білу.

Сабақтың кезеңдері.

І. Ұйымдастыру кезеңі: Сынып оқушыларын тексеріп, назарын сабаққа аудару

Сыныпты кәмпит арқылы топқа бөлу

ІІ.«Ер дәулеті-еңбек» /үй тапсырмасын тексеру/ Бәйге. (Менен сұрақ, сіздерден тез жауап).

№1слайд

  1. Типтің ұлулар аталуы неліктен.
  2. Ұлулар типінің кластары
  3. Ұлулар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері
  4. Тұлғадан ерекше қатпарлы қабат
  5. Ұлулардың асқорту жүйесіндегі ерекше без қалай аталады
  6. Ұлулардың қантарату жүйесі
  7. Ұлулар қалай тыныс алады
  8. Ұлулар қалай қозғалады
  9. Қорлалауыштар деген не? Оны неге кейде аяқ дейді?
  10. Ұлулардың маңызы (табиғатта және адам өміріндегі)

№2 слайд (флипчарт)

Мына ұғымдардың дұрыс жауабын тап?

Үккі дегеніміз не---------------------

Шапанша дегеніміз не?----------------

Бауыр дегеніміз не?---------------------

Жүрек дегеніміз не?---------------------------

Ауыз тізшелері,асқорту безі, екі немесе үш қуысты, қатпарлы қабат

№3 слайд (флипчарт, интербелсенді тақтамен жұмыс)

Жүйелеу топтарын толтыр:

Ұлулар









бауыраяқтылар қосжақтаулылар басаяқтылар

ІІІ.Ой қозғау кезеңі.

ІV. «Білгенге маржан» (Жаңа білім қалыптастыру).

  1. Қызығушылықты ояту.Жұмбақ жасыру арқылы жаңа тақырыпқа шығу (№4 слайд)

Буынаяқтылар типі туралы білімімізді дамыту,қалыптастыру.

Алгоритм

1) Қазір 211- беттегі мәтінмен жұмыс ./10 мин уақыт беріледі/.

2) Постер жасау. /7-мин/

1-топ.Буынаяқтылар типіне сипаттама

2-топ.Шаянтәрізділер класының ерекшелігі

3-топ. Шаяндардың сыртқы, ішкі құрлысы

3)Постерді қорғау.(Әр топ өздерінің сұрақтарын қояды, қорғаушыларға)

4) Жаттығулар орындау.

4)1-топ. Кесте толтыру. №5слайд

5) 2-топ. Вен диограммасын толтырады №6 слайд

6) 3-топ. Ұғымдардың мәнін түсіндіреді:№7слайд

Хитин жабыны-----

Аяқ дегенерациясы-------

Шаяндар қайда қыстайды--------

Шаяндардың өкілдері---------

V. Сергіту сәті.

VІ. Рефлексия «Бәрін білгім келеді» №8слайд

шығармашылық деңгейін анықтау. «Шаяндар» /сөзжұмбақ/

ҮІІ.»Бейнет түбі- зейнет» (Оқушылардың білімін бағалау)

Оқушылардың өзін-өзі бағалауы мен мұғалімнің бағалауы бойынша қорытынды баға шығарылады.

ҮІІІ. Үйге тапсырма беру 211 -212 м.д., деңгейлік тапсырмаларды орындау. Өзер шаяны туралы эссе жазу.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности