link14490 link14491 link14492 link14493 link14494 link14495 link14496 link14497 link14498 link14499 link14500 link14501 link14502 link14503 link14504 link14505 link14506 link14507 link14508 link14509 link14510 link14511 link14512 link14513 link14514 link14515 link14516 link14517 link14518 link14519 link14520 link14521 link14522 link14523 link14524 link14525 link14526 link14527 link14528 link14529 link14530 link14531 link14532 link14533 link14534 link14535 link14536 link14537 link14538 link14539 link14540 link14541 link14542 link14543 link14544 link14545 link14546 link14547 link14548 link14549 link14550 link14551 link14552 link14553 link14554 link14555 link14556 link14557 link14558 link14559 link14560 link14561 link14562 link14563 link14564 link14565 link14566 link14567 link14568 link14569 link14570 link14571 link14572 link14573 link14574 link14575 link14576 link14577 link14578 link14579 link14580 link14581 link14582 link14583 link14584 link14585 link14586 link14587 link14588 link14589 link14590 link14591 link14592 link14593 link14594 link14595 link14596 link14597 link14598 link14599 link14600 link14601 link14602 link14603 link14604 link14605 link14606 link14607 link14608 link14609 link14610 link14611 link14612 link14613 link14614 link14615
Искакова Дамежан Шаймурановна
Должность:учитель казахского языка и литературы
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:Северо-Казахстанская область, района Магжана Жумабаева, г.Булаево
Ашық сабақ пән: қазақ тілі Тақырыбы: Қайталау сабағы (етістік, үстеу және еліктеу сөз)

өткізген:

қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Искакова Д.Ш.

Тақырыбы: Қайталау сабағы

Мақсаты: етістік, үстеу, еліктеу сөздерді тақырыбы бойынша алған білімдерін қолдана білуге үйрету

Міндеттері:

Білімдік: тақырып бойынша алған теориялық білімдерін тиянақтау, практикамен ұштастыру, интерактивті тақтана қолдана отырып, әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы сабақты қорытындылау

Дамытушылық: ойлау,сөйлеу,қабылдау қасиеттерін дамыта отырып, шығармашылық, танымдық қабілеттерін дамыту

Тәрбиелік: Талдауға алынған мысалдар арқылы оқушыларды өнер-білімге, адалдыққа, еңбексүйгіштікке, өз Отанын қастарлеуге, мана қасиеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі қайталау, жинақтау сабағы.

Сабақтың көрнекілігі: интеркативті тақта, слайд, шығармашылық тапсырмалар, Актив студио, мақал- мәтелдер,тест.

Сабақтың әдістері: топпен, жеке, ұжымдық жұмыс

Технологиялар: Сын тұрғысынан ойлау технологияссының стратегиялары.

Сабақтың барысы:

І кезең

1. Психологиялық дайындық.

Сәлеметсіңдер ме балалар! Бүгінгі біздің сабағымыз ерекше болмақ, себебі бүгінгі сабағымыздың қонақтары, сіздерді тек қана жақсы жақтарыңыздан көргісі келеді.

2.Сабақтың ережесі: 4 — слайд

Оқушылар, сабақты бастамас бұрын сабақта өзімізді қалай ұстау қажет, ережені еске түсірейіек

n Белсенді қатысу

n Тыныштық сақтау

n Бірін-бірі тыңдау

n Ойын ашық айту

n Бір-бірін сынамау

n Ынтымақтылық

3. Ойын «Кім жылдам» 5 - слайд

Мына сөздер жиынтығынан жаңа сөз шығару қажет. Ол үшін әр сөздің екінші әріпттерінен сөз жасау керек,соны кім тез тауып береді.

Сөздер жиынтығы:

Кеме, етік, кіші, астық, ата, кілем, екі,

гүл, аспаз, ат, себет, сурет,

келісім, алма, кісі, екпін, отын, сегіз, суық, ұста, көл, өзім

ЕТІСТІК, ҮСТЕУ, ЕЛІКТЕУ СӨЗ
Мұғалімнің сөзі:

Дұрыс, сонымен бізде пайда болған сөздер (етістік, үстеу, еліктеуіш сөз), Ендеше біз бүгін сол сөз таптарынан алған білімдерімізді жинақтап, пысықтап, іс- тәжірибеде қолданамыз.

ІІ негізгі кезең. Өткен тақырыпты пысықтау

- Тағы қанда сөз таптарын білеміз?

- Осы сөз таптарын зерттейтін сала қалай аталады?

- Сонда қазақ тілінде неше сөз табы бар екен.? (9)

4. Топтармен жұмыс, Венн диаграммасын құру. 6 - слайд

- Балалар, қазір біз сіздермен Вен диаграммасын құрамыз. Венн диаграммасы дегеніміз не? Қалай ойласыңдар?

Екі заттың ұқсастықтарымен айырмашылығын жаазамыз.

1 топ Үстеу мен еліктеу сөзді.

2 топ Есімше мен көсемшені

3 топ Салт, сабақты етістікті

5. Жеке оқушылармен жұмыс. Кеспе беремін. 7 - слайд

Тапсырмасы: үстеуді тауып мағыналық түрін ата, оған фонологиялық талдау жасайды. (Оқушы жеке тақтада жұмыс істейді)

Ақырын жүріп анық бас,

Еңбегің кетпес далаға

1. Айтылу, жасалу, жазылу жолдарына қарай -

2. Сөзде неше буын бар –

3. Буын түрін ата —

4. Тасымалда —

5. Екпін қай буынға, нешінші дыбысқа түседі —

6. Әр дыбысқа фонетикалық талдау жаса –

7. Сөз құрамындағы дыбыспен әріп санын анықта –

8. Сөзде үндестік заңына сәйкес құбылыс бар ма? Бар болса түсіндір

Тапсырма: Етістікті тауып, оған морфологиялық талдау жаса.

(Оқушы актив студио бағдарламасының тақтасында жұмыс істейді)

9- слайд

Жасымда ғылым бар деп ескермедім,

Пайдасын көре тұра тексермедім

(Жасымда ғылым бар деп ескермедім)

1. Неше құрамнан тұрады —

2. Құрылысына қарай —

3. Тұлғасына қарай —

4. Лексикалық мағынасы —

5. Грамматикалық мағынасы —

- бірінші —

- екінші —

- үшінші –

- төртінші –

- бесінші –

- алтыншы –

Топпен жұмысты тыңдау.

Мұғалімнің сөзі: енді балалар, біз топқа сөз берейік әр топ барлық мүшесімен өздерінің тапсырмаларын қорғасын. ( Оқушылар шығып, өз тапсырмаларын қорғайды)

6.Мақал-мәтелдермен жұмыс. 8 - слайд

- Балалар, назарларыңды тақтаға аударыңдар. Мына мақал — мәтелдерді оқып шығайық. Мақал мәтелдер не туралы? Адамға қатысты қандай қасиеттер айтылған?

Енді осы мақалдарды көшіріп жазып алыңдар да, бірінші топ тұйық етістікті, екінші топ болымсыз етістікті, үшінші топ етістің түрлерін тауып,астын сызыңдар.

1 топ

Тұйық етістік

2 топ Болымсыз етістік

3 топ

Етістер

Отанды сүю отбасынан басталады.

Жақсының қасиеті — жарастыру,

Жаманның қаситеі - таластыру

Ақылды кісі азбайды

Асыл бұйым тозбайды.

Отан үшін отқа түс, күймейсің.

Жаман адамға мал бітпес,

Жанына қоңсы қондырмас

Сыпайы киімді киіп тоздырады,

Сараң киімді жиып тоздырады.

7. «Ішіне және сыртына» стратегиясы. Топ арасындағы жарыс.

9- слайд

Балалар, қазір біз сіздермен мына дөңгелектің ішіне еліктеу сөздерді, ал дөңгелектің сыртына үстеулерді жазамыз және бір — екі сөйлем ойлаймыз.

Ал қалған оқушылар сендер дәптерлеріңе екі бағанға жазасыңдар.

<!-- [if gte vml 1]><!-- [if !vml]-->


Мұғалім мәтінді оқып тұрады, ал оқушылар естіген еліктеу сөз бен үстеуді жарысып интерактивті тақтаға жазады.

1.Нағашым бүгін әдеттегісінен кешігіп келді. 2.Алыстан Алатаудың қарлы сілемдері жарқырай күнге шағылысады.3.Бұрыштан жалт етіп, орысша киінген бір жас жігіт шыға келді.4.Сырттан күбір-күбір ғана дыбыс келді. 5.Абай селк етіп, жалт қарады. (М.Ә.) 6.Жаздыгүндегідей емес, ауыл үйлері біріне-бірі әдейі (себеп-салдар) жақын қонған. (М.Ә.)

Жоғары-төмен үйрек қаз,

ұшып тұрса сымпылдап.

Қарға келіп қаңқ етті, Қалғанын ішіп ол кетті.

Сауысқан келіп, саңқ етті, Сарқып ішіп ол кетті

Жұмбақтар:

Жылт-жылт етеді, ұстасаң еріп кетеді. (мұз)

Түнде бармын, кешке жоқпын. (жұлдыз)

Аяғы жоқ жүреді, сылқ-сылқ етеді (су)

Көк көйлекті жеңешем, көлбең-көлбең етеді. (түтін)

ІІІ. Кері байланыс кезеңі.

10 - слайд

8. Тест тапсырмалары:

І нұсқа

1.Болымсыз етістіктің жұрнағын белгілеңіз.

A) -шы,-ші

B) -нікі,-дікі

C) -ған,-ген

D) -ма,-ме

E) -лық,-лік

2.Есімшенің жұрнағын көрсет:.

А) - ып,-іп,-п

В) - ыс,-іс,-с

С) -ған,-ген,- қан,-кен.

D) - ғалы,- гелі,-қалы,-келі

Е) - у

3.Негізгі етістікті көрсетіңіз.

А) Аяқта.

В) Жу.

С) Тісте.

D) Жуын.

E) Баста.

4.Тұйық етістігі бар мақал-мәтелді табыңыз.

А) Ел-елдің бәрі- жақсы, өз елің бәрінен- жақсы.

В) Білім — арзан, білу — қиын.

С) Білімді мыңды жығады, білекті бірді жығады.

D) Адам досымен мықты, ағаш тамырымен мықты.

E) Жаман аттан аяғым артық, жаман достан таяғым артық.

5. Көсемшеден болған қос сөзді табыңыз.

а) Жүзбе-жүз

в) Сөйлей-сөйлей

С) барар-бармасымды

Д) Салдыр-гүлдір

Е) алпамсадай-алпамсадай

Тест тапсырмалары:

ІІ. нұсқа

1. Ортақ етісті көрсетіңіз

А) жаздырды

В) жазылды

С) салынды

Д) керілді

Е) алысты

2. Бейнелеуіш сөзді табыңдар:

А) тарс

В) жалт-жұлт

С) сыңғыр

Д) арс-арс

Е) сырт-сырт

3. Қажетті еліктеу сөзді тауып қойыңдар.

Қарға … етті.

А) бұрқ

В) сарқ

С) қарқ

Д) сарт

Е) жалт

4. Қосарланған күрделі үстеуді анықтаңыз.

А) тарс-тұрс

В) әрі-бері

С) бес-бестен

Д) ендігәрі

Е) ұзын-ұзын

5. Еліктеу сөзді табыңыз

А) ерлік

В) уақыт

С) жылп

Д) көрік

Е) сауық

Мұғалімнің сөзі: Балалар, қазір біз дәптерлерімізбен алмасамыз да, тест тапсырмасын тексереміз және бағалаймыз. Тақтада тест тапсырмаларының жауаптары мен бағалау шкаласы тұрады.

8.Үйге тапсырма: 11- слайд

Етістік, үстеу, еліктеу сөздерді қатыстырып «Наурыз — жал басы» тақырыбына эссе жазыңдар.

ІV. Бағалау- рефлексия кезеңі. Құстардың дыбысын жүргізу. 12 - слайд

1. Бес жолды өлең құрастыру. Балалар қазір біз су деген сөзге синквейн құрамыз, ішінде осы сөз таптары

Су

Мөлдір, таза

Ағады, буланады, қатады

Су сылқ-сылқ етіп ақырын ағып жатыр

Сұйық.

2. Топбасшыға сөз, өз тобыңның оқушыларына қандай баға қояр едің.

Мұғалімнің бағалауы.

Тапсырмасы: үстеуді тауып мағыналық түрін ата, оған фонологиялық талдау жаса. (Оқушы жеке тақтада жұмыс істейді)

Ақырын жүріп анық бас,

Еңбегің кетпес далаға

9. Айтылу, жасалу, жазылу жолдарына қарай -

10. Сөзде неше буын бар –

11. Буын түрін ата —

12. Тасымалда —

13. Екпін қай буынға, нешінші дыбысқа түседі —

14. Әр дыбысқа фонетикалық талдау жаса -

15. Сөз құрамындағы дыбыспен әріп санын анықта -

Сөзде үндестік заңына сәйкес құбылыс бар ма? Бар болса түсіндір

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности