Казахстан, Акмолинская область, г. Кокшетау
Средняя школа №6
Учитель казахского языка и литературы
Болатова Ж.Х.
Сабақтың мақсаты: Еліктеу сөздің мағыналық түрлерін білу, еліктеуіш пен бейнелеуіштің айырмашылқтарын, ортақ белгілерін түсіну. Етістік, үстеу, еліктеу сөздер бойынша алған білімдерін қолдана білуге үйрету. Тақырып бойынша алған теориялық білімдерін тиянақтау, практикамен ұштастыру, интерактивті тақтана қолдана отырып, әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы сабақты қорытындылау . Өмірде еліктеу сөздерді қолдана алуға үйрету.
Жаңа білімді игеру: Еліктеу сөздер туралы түсінік беру, оның басқа сөз таптарынан ерекшеліктерін таныту, өмірден түрлі мысалдар келтіре отырып, еліктеу сөздердің түрлерін ұқтыру; : Оқушылардың сауаттылығын, танымдылығын, сабаққа деген қызығушылығын арттыру, сөйлеу тілін, ой жүйелеу шеберлігін дамыту;
Күтілетін нәтиже: Еліктеу сөздің түрлерін білетін болады.
Түрлерін ажырата алады.
Сыни ойлау қабілеттері дамиды.
Алған білімдерін өмірде қолдана алады.
Тапсырмалар: Тәжірбие жасау,сөйлемді талдау, ойындар, салыстыру жасау.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Қолданылатын әдістер: «Ақыл қобдишасы» әдісі, «РАФТ» стратегиясы ,"Ойлан тап","Кім жылдам" ойындары.
Көрнекіліктер: Үлестірмелі парақшалар, қорапша түрлі-түсті қарындаштар,стикерлер,шар,барабан, су,стакан, шырпы, . интерактивтік тақта, слайдтар…
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі: Оқушыларды топқа болу.Бағалау парақшасын тапсыру.
Психологиялық дайындық /Қаражорға биі / Үй жұмысын тексеру
«Ақыл қалпағы»
Әр топтағы оқушылар өткен тақырып бойынша екі сұрақтан құрып, таза,қиылған қағаздарға жазады. Қағазды орап қорапшаның ішіне салады. Қорапшадағы сұрақтарды араластырып, әр топ екі сұрақтан алып жауап береді.
2. Жаңа сабақ
Жаңа тақырыпқа байланысты ортақ сұрақ.
а) Сөз таптары қазақ тілінің қай бөліміне жатады?
ә) Қазақ тілінде неше сөз табы бар?
Ой қозғау: Еліктеу сөз туралы не білеміз?
Балалар, өмір - күрделі құбылыс. Оның күрделілігі сол - таңымыз атқаннан күніміз батқанға дейін қаншама іс - әрекеттердің куәсі боламыз, өзіміз сол іс - әректтерді орындаушымыз.
Оқушылардың назарын аудара отырып,"Дыбыстық еліктеуіш" сөздерді ұқтыру үшін түрлі тәжірибелер көрсетіледі.
Сіріңке жағып, стакандағы суға батырамын.
Сұрақ:
- От қайтып сөнді?
- От быж етіп сөнді.
- Дыбысты қай сезім мүшелері арқылы қабылдадыңдар?
- Құлағымызбен естідік
2. Сағат аламын да, стол үстіне қоямын.
- Сағат қалай жүріп тұр?
- Сағат тық - тық етіп жүріп тұр.
3. Шар үрлеп, атып қалу.
- Шар қалай атылды?
- Шар тарс етті.
Сұрақ:
а) Өздерің жаңа көрген нәрселеріне байланысты, жазған сөйлемдеріңе байланысты не ұқтыңдар?
ә) Дыбыстарды қай сезім мүшесімен қабылдадық?
(Оқушылар өз бетімен "Дыбыстық еліктеуіш"сөздердің ережесін шығарып, оқулықпен салыстырады)
Бейнелеуішті таныту үшін тәжірибе көрсетіледі.
1. Шам жағып сөндіру.
- Шам қайтті?
Шам жарқ ете қалды.
2. Мұғалім жүріп келе жатып кенет тоқтау.
- Мұғалім қалай тоқтады?
Мұғалім кілт тоқтады.
Сендер біраз нәрсе көрдіңдер.
Осыдан не ұқтыңдар?
(Ереже шығарып, оқулықпен салыстыру) Сонымен, оқушылар, табиғаттағы, күнделікті өмірдегі дыбыстарды, қимылдарды естіп немесе көзбен байқайды екенбіз. Тіліміздегі кейбір дыбыстарды, дауыстарды көзбен көріп бейнелеп, екінші бір сан алуан сөздерді құлақпен есту арқылы анықтаймыз.
3) «Ойлан,тап!» айдарымен оқушылар әдебиет пәнінен өткендерін еске түсіріп,тапсырма орындайды.
а)Жүрегім лүп-лүп етіп,алқымыма тығылады.
Өзі құп-қу болып сылқ етіп құлап бара жатыр.
Соқпақбаев «Менің атым Қожа»
б) Федоровтың көз оты жарқ етіп,дүние тұманданып,теңселіп бара жатқандай болды.
Федоров жалт етіп,тұздай көк көзімен Еламанға қадала қарады.
Нұрпейісов «Балықшылар»
в) Кісендер даусы гүрс-гүрс етеді.
Ш.Мұртаза «Тұтқын бала»
г) Ақша маңдайлы,кең сұлу жүзді Үмітей ашық үнмен сыңқ-сыңқ етіп,үй ішіне естірте күледі.
М.Әуезов «Біржан сал Абай аулында» 4.Еліктеуіш сөздерді бір бағанаға,бейнелеуіш сөздерді бір бағанаға жазыңыздар.
Мысалдар |
Еліктеуіш |
Бейнелеуіш |
Гүрс етіп атылды. |
Гүрс етіп атылды |
|
Салдыр-гүлдір құлады. |
Салдыр-гүлдір құлады. |
|
Дір-дір етіп тонды. |
Дір-дір етіп тонды. |
|
Сарт-сұрт болды. |
Сарт-сұрт болды. |
|
Селк ете түсті. |
Селк ете түсті. |
|
Қалт тоқтады. |
Қалт тоқтады. |
|
Пыс-пыс етіп ұйықтады. |
Пыс-пыс етіп ұйықтады. |
|
Жалт қарады. |
Жалт қарады. |
5. Ойын «Кім жылдам» Мына сөздер жиынтығынан жаңа сөз шығару қажет. Ол үшін әр сөздің екінші әріпттерінен сөз жасау керек,соны кім тез тауып береді. |
Бағалау парағы.
Оқушылардың аты. |
Ақылды қалпақша |
Ойлан тап |
Кесте толтыру |
Кім жылдам |
Ішіне және сыртына |
Ұпай |
Баға |
«5» - 3 ұпай
«4» - 2 ұпай
«3» - 1 ұпай