Казахстан,Мангистауская область,г.Актау
ГУ «Общеобразовательная средняя школа №5 с гимназическими классами»
Учитель казахского языка и литературы
Сансызбаева Маншук Елибаевна
Қазақстан Республикасы Маңғыстау облысы Ақтау қаласы «Гимназия сыныптары бар №5 жалпы білім беру орта мектебі» ММ Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі: Сансызбаева Маншук Елибаевна |
|||||||||||
Сабақтың атауы |
Бейнелеуіш еліктеу сөздер (6 — сынып қазақ тілі ) |
||||||||||
Сілтеме |
6-сыныпқа арналған қазақ тілі оқулығы Мұғалімдерге арналған нұқаулық, 41-49-б. А.Әлімов. Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері,2013 |
||||||||||
Жалпы мақсаты |
Еліктеу сөздерді бір-біріне салыстыра отырып, анықтамасын оқушылардың өздері ойланып шығаруға бағыт беру, оқушының білім мен танымын кеңейту және тез қабылдауына жол ашу, өз пікірін толық жеткізе алуға баулу, ойлау қабілетін арттыру; |
||||||||||
Оқушылар үшін оқу нәтижелері |
Еліктеу сөздердің түрлерін ажырата алуға, сөздік қорларын байытуға, топпен жұмыс істеуге, ойларын еркін жеткізуге, кері байланыс жасауға үйрету |
||||||||||
Негізгі идея |
Топқа бөлу, сыни ойлану, ой қорыту, өз ойларын дәлелдей алуға дағдыландыру |
||||||||||
Сабақта қолданылатын материалдар |
Постерлер , презентация, кестелер, интербелсенді тақта |
||||||||||
Оқу әдістері |
Сыни тұрғыдан ойлау ББТЗО кестесі Диалог әдісі Сұрақ- жауап әдісі АКТ ны қолдану Тілдік талдау |
Топтық жұмыс Шығармашылық жұмыс Көзбен көретін айғақтар бойынша сыни ойлау |
|||||||||
Негізгі түсіндірулер (термин) |
Кестелермен жұмыс |
||||||||||
Тапсырма көздері |
Флипчарт, дәптермен жұмыс, оқулықпен жұмыс |
||||||||||
Сыныпта психологиялық ахуал қалыптастыру |
|||||||||||
Сабақ барысы І.Үй жұмысын тексеру |
уақыт |
Мұғалімнің іс әрекеті |
Оқушылардың іс әрекеті |
||||||||
5 мин 2 мин |
Сәлемдесу, оқушылардан көңіл күйлерінің қандай екендігін сұрау. Түрлі түсті қағаз тарату арқылы топқа бөлуді ұсыну. Диолог: Қандай сөз табы? Ерекшелігі неде? Түрлері қандай? |
Өз ойларын айту ,топқа бөліну Топтарына ат қою Топтарының ережесін шығару Іліп қою Жауап беру, еске түсіру |
|||||||||
II. Жаңа тақырыпты түсіндіру (интерактивті тақтада видеосюжет көрсету арқылы) |
|||||||||||
Қызығушылықты ояту кезеңі |
10 мин |
Интерактивті тақтада «Су,Қазақстандағы өзен, көлдер »туралы видео сюжет көрсетіледі, видео сюжетті көрген соң ол бойынша еліктеу сөздерді қатыстырып сөйлем құрау тапсырылады. Топта постерге салады, бір оқушы топ атынан оқып береді. Сол арқылы жаңа тақырыпты түсіндіру. |
Еліктеу сөздер, бейнелеуіш сөздер туралы не білетіндіктерін баяндау. Жаңа тақырыпты тыңдау, видео материалды көру. Жеке, жұппен, топпен жұмыс істеу. |
||||||||
III Тапсырма (Топтарға суреттер таратылады.) Көзбен көретін айғақтар негізінде сыни тұрғыдан ойлау |
|||||||||||
Мағынаны ажырату кезеңі
Сергіту сәті |
10 мин 2 мин |
1 топқа құстардың суреттері беріледі. 2-топқа жануарлардың суреті беріледі. «Миға шабуыл»әдісі арқылы ықтимал сұрақтар қою, суреттердің айналасына жазу. 1.Қадағалау сұрағы: Бұл суреттен не көрдіңдер? 2.Сараптамалық сұрақ: Суреттегі құс/аң қалай қозғалады? 3.Проблеманы шешетін сұрақтар: Бұл аң/құстың адамға пайдасы бар ма? Қандай? 4.Ерекшеленетін сұрақтар: Аң/құс қозғалысы еліктеу сөздің қай түріне жатады? Интерактив тақтадан аң/құстың суреттері көрсетіледі. |
Берілген тапсырманы топ ішінде талқылап , суреттерді флипчартқа жапсыру, жауап беру Аң/құстың қимылына, дыбысына имитациялық жаттығулар жасайды |
||||||||
IV Мәтінді топпен талдау, оны көріністеу арқылы сабақты қорытындылау |
|||||||||||
Ойтолғаныс кезеңі |
10 мин |
1) «Балапан торғай» мәтінін топта талдау,көріністеу; 2) «Қазға еліктеген қарға» мәтінін талдап, көріністеу |
Өз топ ішінде мәтін талдау, рөлдерді бөліп алу, еліктеу сөздерді теріп алу, рөлдерін қорғау. |
||||||||
V Бағалау (топтық, бір - бірін бағалау ) |
|||||||||||
3 мин |
Топаралық бағалауды бақылау. |
Алдын ала таратылған бағалау парағын толтыру |
|||||||||
VI Рефлексия 2 мин ББТЗО кестесі арқылы Кесте толтырады |
|||||||||||
VII Кейінгі тапсырмалар мен портфолио деректері |
|||||||||||
Қазақтың мақал-мәтелдерін оқу. 306-жаттығу. Дене тәрбиесі сабағында жасалатын қимылдарды бейнелеуіш сөздермен беру арқылы әңгіме құрастырып келу |
Тапсырма алу |
||||||||||
Мұғалім жазбалары:
Сабақ оқушылармен сәлемдесу және психологиялық дайындықтан басталады.
Сынып екі топқа бөлінеді.
Үй тапсырмасын тексеру: Диолог: Қандай сөз табы? Ерекшелігі неде? Түрлері қандай?
Бұл тапсырмаға 2 минут уақыт беріледі.
Қызығушылықты ояту кезеңі интерактивті тақтада «Су,Қазақстандағы өзен, көлдер» туралы видеосюжет көрсетуден басталады, видеосюжетті көрген соң ол бойынша еліктеу сөздерді қатыстырып сөйлем құрайды, оларды топта постерге салуды, бір оқушы топ атынан оқып береді. Сол арқылы жаңа тақырыпты түсіндіру.
Мағынаны ажырату кезеңінде топтарға жануарлар мен құстардың суреттері беріледі.
«Миға шабуыл»әдісі арқылы ықтимал сұрақтар қою, суреттердің айналасына жазу.
1.Қадағалау сұрағы: Бұл суреттен не көрдіңдер?
2.Сараптамалық сұрақ: Суреттегі құс/аң қалай қозғалады?
3.Проблеманы шешетін : Бұл аң/құстың адамға пайдасы бар ма? Қандай?
4.Ерекшеленетін сұрақтар: Аң/құс қозғалысы еліктеу сөздің қай түріне жатады?
Ойтолғаныс кезеңінде «Балапан торғай», «қазға еліктеген қарға» мәтінін топта талдап,көріністеу тапсырылды;
Алдын ала таратылған бағалау парағын толтыру арқылы әр топ өздеріне баға береді.
Кері байланысты ББТЗО кестесін толтыру арқылы жасайды.
Өзін-өзі бағалау парағы
Аты-жөні |
Диологқа қатысу |
Видеосюжетті талдау |
Суреттермен жұмыс |
Мәтін талдау, көріністеу |
Кесте толтыру |
Қорытынды баға |