link882 link883 link884 link885 link886 link887 link888 link889 link890 link891 link892 link893 link894 link895 link896 link897 link898 link899 link900 link901 link902 link903 link904 link905 link906 link907 link908 link909 link910 link911 link912 link913 link914 link915 link916 link917 link918 link919 link920 link921 link922 link923 link924 link925 link926 link927 link928 link929 link930 link931 link932 link933 link934 link935 link936 link937 link938 link939 link940 link941 link942 link943 link944 link945 link946 link947 link948 link949 link950 link951 link952 link953 link954 link955 link956 link957 link958 link959 link960 link961 link962 link963 link964 link965 link966 link967 link968 link969 link970 link971 link972 link973 link974 link975 link976 link977 link978 link979 link980 link981 link982 link983 link984 link985 link986 link987 link988 link989 link990 link991 link992 link993 link994 link995 link996 link997 link998 link999 link1000 link1001 link1002 link1003 link1004 link1005 link1006 link1007
Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Санкт-Петербург
Жапонның Кабуки театры

Казахстан,Западно-Казахстанская область,Теректинский район,пос.Новая жизнь

Чаганская ОСОШ

Учитель музыки

Шындаулетова Нурлы Жомартовна

Бекітемін:

Пәні :

Музыка

Сыныбы:

5

Уақыты:

Тоқсанның тақырыбы:

Әлем халықтарының музыкалық театры.

Сабақтың тақырыбы:

Жапонның «Кабуки» театры

Құзыретілікке жеткізетін сабақтың мақсат-міндеттері:

А) Ақпараттық

Әр елдің өзіндік ерекшеліктеріне тоқтала отырып, музыка мәдениетімен таныстыру, ерекшекліктерін ұғындыру.

Б)Коммуникативтік

Оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыру, музыкаға қызығушылығын арттыру.

В) Проблеманы шешу құзыреттілігі

Музыка тыңдау мәдениетін қалыптастыру, қандай ұлттың музыкасы болмасын, өзіндік түсінік қалыптастыруға үйрету.

Түрі:

жаңа материалды түсіндіру

Қолданылатын педагогикалық технологиялар:

Ақпараттық-коммуникативтік технология

Әдістер:

Музыка тыңдау, ән айту, тапсырмалар, сұрақ- жауап.ойын түрлері.

Пәнаралық байланыс:

Саз теориясы Әлем халықтарының өнері, мәдениеті

Пайдаланылған көрнекілігі:

Үнтаспа, бейнеролик

Сабақтың барысы

Оқытушының қызметі

Оқушының қызметі

Күтілетін нәтиже

І. Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушылармен амандасу;

«Сәламатсыз ба ?-балалар .

Ұстаз еңбегін бағалар »

2.Оқушыларды түгелдеу:

Сабақта жоқ оқушыларды анықтау;

3.Дауыс жаттықтыру:

C-dur» гаммасы .Стакатто,лигатто .

Аспаппен жетектейді.

1.Оқытушымен амандасу;

«Сәлематсыз ба ?  — ұстазымыз,

Өнер — білімге құштармыз.»

2.Кезекші оқушының есеп беруі;

3. Қосылып орындайды.:

Оқушы бар зейінімен сабаққа көңіл аударуы.

Оқушылар сабақ бастауға дайын

ІІ. Үй тапсырмасы.

Өткен тоқсандағы әндер , тақырыптар «Таныс мәліметтер» айдары бойыеша жүргізіледі .

Оқушы үй тапсырмасын жеткізе білуге бағытталады.

ІІ. Жаңа материалды игеру кезеңі Жапон халқының музыкасы

Жапон театрының өнері жайлы сөз басталғанда жапондықтар Амэно-Удзумэ Құдай туралы ежелгі аңызды естеріне түсіреді. Ғасырлар бойы гүлденіп келе жатқан жапондық дәстүрлі театрдың қалыптасуын, осы Құдайдың есімімен байланыстырады. Аңызда Күн Құдайы Аматэрасу ағасы — Жел Құдайы Сусаномен ренжісіп калып, Әлемді Күн нұрынан айырып, аспан үңгіріне тығылып қалады. Кеңеске жиналған Құдайлар Аматэрасуды үңгірден қалай шығаруды білмей бастарын қатырып тұрғанда, өзінің көріксіз, жаман түрімен атақты Амэно-Удзумэ Құдайы үңгір алдында билей бастайды. Оның кисынсыз биін көрген Құдайлар қарқылдап күледі. Күлкіні естіген Аматэрасу қызығып, үңгірден шыға келгенде, жер беті кайта Күн нұрына бөленеді. Осы үңгір алдында билеген Амэно-Удзумэнің биімен Жапонияның ұлттық театрының дүниеге келуін байланыстырады. Географиялық жағдайына байланысты жапон мәдениеті, оның ішінде театр өнері көп жылдар бойы баскалардан оқшау жағдайда дамыды. Жапон театрының негізі ертедегі әдет-ғұрып пен діни мерекелерде қалана бастады. VII—VIII ғасырларда жапон театры біртіндеп Корея, Қытай және Үндістанның театр түрлеріне жақындай түсті. Олардың кейбіреулері жапон театр тарихынан гигаку (VII ғ.) дегеи атпен орын алды. Гигаку сауығы қарабайыр би пьесаларынан құралды. Оған қатысушылар маска киіп, ойын көрсетіп отырды. XI ғасырдан кейін гигакуді музыкалык театр өнерінің басқа түрлері ығыстырып шығара бастады. Оның кейбір элементтері бугаку мен сингакуге қосылды. Бугаку деп аталатын музыкалы би сауығын дін мен сарай зиялылары діни мерекелерде, мінәжат ету кезінде өткізілетін салтқа айналдырды.Сингаку XI ғасырда комедиялық пантомима, ән-би, акробатика, қуыршақ ойындары төрізді халық өнерінің түрлерін қамтитын сарагакуге ұласты.XII ғасырдың басында бугаку өнері қүлдырап, оның орнын әскери қауымға кең таралған энгаку мен сарагаку басты. Бугакудың кейбір элементтері Жапонияның классикалық музыкасы мен би өнерінің негізін құрады. Сарагаку сауығы діни мерекелер кезінде орындалып, көпшілік арасында кең таралды Сарагаку актерлері ойлап тапқан жаңа пьесалар "Но" деген атпен белгілі болды. Соның негізінде XIV ғасырда театрдың жаңа бір түрі — Но театры дүниеге келді. "Но" сөзі "шеберлік" дегенді білдіреді және бұл әбден театрдың атына сай келеді. Но спектакльдері музыкалық болып келеді, мәтіннің көп бөлігін солист және хор орындайды. Би мен музыкаға құрылған Но сауығын ерлер хоры, флейта мен барабан оркестрі сүйемелдеді Атақты теоретик, актер және драматургтер — Киецугу Каньами (1333—1384) мен Мотокие Дзэами (1363—1443) әскери адамдар мен ақсүйектерге арналған. Жетекші драматургі — Кабуки театрына да жазған Мондзаэмон Тикамацу (1653—1724). Кабуки театры XVII ғасырда пайда болып, XVIII ғасырда шырқау биікке көтерілді. Кабуки театрында музыка, би және драмалық элементтері біртұтас болып келді. Оның қалыптасқан дәстүрлері Жапонияның қазіргі театрында да сақталған. Кабуки театры Но театрының биін, кёгеннің көркем сөз өнерін және дзёруридің драмалық формалары мен музыкалық негізін пайдаланды. Бірақ мұнда оқиғаны жырау — гидаю емес, актерлер айтатын болған. Кабуки театрында қалыптасқан көркемдік әдістер канонға айналды.


Оқушылар жаңа сабақты қабылдайды, қабылдаған ақпаратты талқылап, талдайды, ақпарат негізінде білімін жүйелейді, жинақтайды, одан қорытынды шығара алады.

Ән жаттау: Марзан Арапбаева «Қазақ елі осындай »

Мұғалім домбырамен айтып көрсетеді .

Қазақ елі осындай

  1. Қарашы қазақ еліме,

Қарашы қазақ жеріме,

Кең өлке - Сарыарқасы,

Береке, дән алқасы.

Мереке, ән алқасы.

Арайлы, алтын таңдары,

Жайдары жарқын жандары.

Азғарлы арманы бар,

Аспанды таулары бар,

Бақшалы баулары бар.

Қайырмасы:

Иә, солай! Иә, солай!

Қазақ жері осындай!

Иә, солай! Иә, солай!

Қазақ елі осындай

!

Жаңа ән үйрену.

Музыка тыңдау

Жапонның «Кабуки» театры спектаклінен үзінді.

Ұлттық өнер туралы ұғымы кеңейіп,музыка тыңдайды.

Оқушының танымын кеңейтіп, қызығушылығын арттыру.

Жаңа сабақты бекіту

«Кабуки » қай елдің театры?

Қандай аңызға байланыстырылады?

Жапонның алғашқы театры.

«Кабуки» театры қай ғасырда дамыды?

Түсіндірілген тақырып бойынша жауабын ойша іздейді , жауап береді .

Қойылған сұраққа жауап беру арқылы оқушы жаңа материалды қорытындылай-ды

Бағалау

Оқушылар жұмысына жалпы сипаттама беру; Тақырыпты қорғаудағы жетістіктеріне баға беру; Кемшіліктерді ашу, олардың алдын алу жолдарын көрсету

Сабақты ойша зерделейді; Жетістіктер мен кемшіліктерді қабылдайды. Баға алған оқушы күнделіктеріне бағаларын қойғызады.

Үй тапсырмасы

Ән жаттау Тақырыпты қосымша іздену

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады, оны орындауды түсінеді. Оқытушымен қоштасады

Оқушылар өздігінен үйге берілген тапсырманы орындай алады.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности