link11466 link11467 link11468 link11469 link11470 link11471 link11472 link11473 link11474 link11475 link11476 link11477 link11478 link11479 link11480 link11481 link11482 link11483 link11484 link11485 link11486 link11487 link11488 link11489 link11490 link11491 link11492 link11493 link11494 link11495 link11496 link11497 link11498 link11499 link11500 link11501 link11502 link11503 link11504 link11505 link11506 link11507 link11508 link11509 link11510 link11511 link11512 link11513 link11514 link11515 link11516 link11517 link11518 link11519 link11520 link11521 link11522 link11523 link11524 link11525 link11526 link11527 link11528 link11529 link11530 link11531 link11532 link11533 link11534 link11535 link11536 link11537 link11538 link11539 link11540 link11541 link11542 link11543 link11544 link11545 link11546 link11547 link11548 link11549 link11550 link11551 link11552 link11553 link11554 link11555 link11556 link11557 link11558 link11559 link11560 link11561 link11562 link11563 link11564 link11565 link11566 link11567 link11568 link11569 link11570 link11571 link11572 link11573 link11574 link11575 link11576 link11577 link11578 link11579 link11580 link11581 link11582 link11583 link11584 link11585 link11586 link11587 link11588 link11589 link11590 link11591
Максимов Александр Сергеевич
Должность:Журналист
Группа:Команда портала
Страна:Россия
Регион:Санкт-Петербург
Қазақ халқының музыкалық аспаптары

Казахстан, Акмолинская обл, г. Кокшетау

Средняя школа №6 г.Кокшетау

Учитель казахского языка и литературы

Кенжекеева Карлыгаш Темирбекқызы

Қазақ халқының музыкалық аспаптары

Сабақтың мақсаты:

а) Оқушылар аспаптар туралы толық мәлімет алады.

ә) Оқушыларды ізденімпаздыққа баулу, тіл байлығын

жетілдіру.

б) Оқушыларды белсенділікке, ұйымшылдыққа

қалыптастыру.

Сабақтың ресурстары: оқулық,үлестірмелі карточкалар,интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:I. Ұйымдастыру кезеңі:

Сергіту сәті (2 мин.)

Мақсаты:Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру үшін бойларын сергіту және көңіл күйлерін көтеру

Топтың ережелері.

1.Тәртіп сақтау.

2.Тыңдай білу.

3.Сыйлау.

4.Ортақ шешім қабылдау.

5.Көмектесу.

6.Уақыт үнемдеу.

Топқа бөлу (2 мин.)

1 топ Үрмелі аспаптар

2 топ Ішекті аспаптар

3 топ Ұрмалы аспаптар

1.Топ басшы сайлау.

2.Таймер тағайындау.

4.Топ башыларға бағалау парағы таратылады ,бағалау парағына топтағы оқушылардың аттарын жазып,орындалған тапсырмадан кейін баға қояды.

Балалар,бүгінгі сабағымыздың тақырыбын анықтау үшін тақтаға көңіл бөлеміз.Оқушылар интерактивті тақта арқылы әртүрлі музыкалық аспаптпр туралы слаид тамашалайды.

Үйге берілген тапсырма :Оқушылар интерактивті тақта арқылы әр түрлі музыкалық аспаптар туралы жасап әкелген слаидтарын презентациялайды

Ой шақыру.

1-тапсырма

Көрген материалдары бойынша топтағы оқушылар 3 сұрақтан дайындайды да бір-біріне сұрақ қояды(.5 мин)

Қазақтың музыкалық аспаптарының

топтары мен түрлеріне таныстырылым.

Үрмелі: Ішекті: Ұрмалы:

  1. Сырнай Домбыра Даңғара
  2. Сыбызғы Жетіген Дауылпаз
  3. Қамыс сырнай Шертер Асатаяқ
  4. Үскірік Қобыз

Шаңқобыз

2-тапсырма

1.Әр топ берілген музыкалық аспаптардың атауларын өз тобына қатыстысын теріп жазады .Сырнай,жетіген,даңғара,қобыз,үскірік,домбыра,дауылпаз,қамыс сырнай, асатаяқ,шертер,шаңқобыз,сыбызғы.

2.Жазған сөздерімен сөз тіркесін құрайды.

3.Екі сөйлем құрастырады.

Кітаппен жұмыс.

Мәтінмен танысу.Мәтінді мәнерлеп бірнеше рет оқиды(3 мин.)

Халықтың музыкалық аспаптары белгілі бір халыққа тән әрі өзіндік ерекшелігі болады.

Қазақтың музыкалық аспаптары-ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа ауысып келе жатқан мәдени мұра.Ертеде аспаптарды ағаштан ойып,түрлі өсімдіктерден,малдың терісі мен сүйегінен,мүйізі мен қылынан жасаған.Музыка аспаптарын халыққа хабар бергенде,аңды үркіткенде,ән-күйлер орындағанда пайдаланып отырған.Қазақтың халық аспаптар оркестріне домбыра мен қобыздың алғашқы үлгілерін ұсынған профессор А.Жұбанов болды. Музыкалық аспаптар үлгілерін алғашқы жасаған шеберлер Қ.Қасымов,А.Ермеков,О.Бейсенбаев,Э.И.Романенко. Музыкалық аспаптардың түрлері Мәскеу,Санк-Петербург,Алматы,Семей қалаларының мұражайларында сақталған.

Сұрақ –жауап:Мұғалім қобдишадағы сұрақтарды оқушыларға таратады,әр топ оқушылары екі сұрақтан алып жауап дайындайды.

1.Ертеде аспаптарды неден жасаған?

2. Музыкалық аспаптарды не үшін пайдаланған?

3.Халық аспаптар оркестріне домбыра мен қобыздың алғашқы үлгісін ұсынған кім?

4.Аспаптардың түрлері қандай қалалардың мұражайларында сақталған?

5.Музыкалық аспаптардың алғашқы үлгілерін жасаған шеберлер кімдер?

6.Ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа ауысып келе жатқан мәдени мұра не?

Граматикалық тапсырмалар.

3- тапсырма.

Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшылары бар сөздерге мысал келтіріндер.

1-топ –паз, - қор 2-топ -гер,-қой 3-топ -ева,-ов

–мен -бен -пен

– дікі -нікі -тікі

4-тапсырма.Түсіндірме сөздіктен топ оқушылары бүгінгі сабақтың тақырыбына байланысты кірме сөздерді теріп жазып,қай тілден енген сөз екенін түсіндіреді.

Сабақты бекіту:

«Тақия тастау» ойыны.Ойынның шарты: музыка ойнаған кезде балалар тақияны бір-біріне кигізеді, музыка тоқтаған кезде тақия кімнің басында қалса, сол оқушы қойылған сұраққа жауап береді. Қандай музыкалық аспап түрін білесің?

Бағалау:Топ басшы топтағы оқушылармен ақылдаса отырып өз жұмыстарын бағалайды. (3 мин)

Кері байланыс стикерлерін толтырады. «Екі жұлдыз,бір тілек»

1.Бүгінгі сабақ ұнады ма?

2.Қандай музыкалық аспаптардың түрлерімен таныстық?

3.Мұғалімге тілек.

Үйге тапсырма:125 бет Мәтінді мазмұндау.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности