link840 link841 link842 link843 link844 link845 link846 link847 link848 link849 link850 link851 link852 link853 link854 link855 link856 link857 link858 link859 link860 link861 link862 link863 link864 link865 link866 link867 link868 link869 link870 link871 link872 link873 link874 link875 link876 link877 link878 link879 link880 link881 link882 link883 link884 link885 link886 link887 link888 link889 link890 link891 link892 link893 link894 link895 link896 link897 link898 link899 link900 link901 link902 link903 link904 link905 link906 link907 link908 link909 link910 link911 link912 link913 link914 link915 link916 link917 link918 link919 link920 link921 link922 link923 link924 link925 link926 link927 link928 link929 link930 link931 link932 link933 link934 link935 link936 link937 link938 link939 link940 link941 link942 link943 link944 link945 link946 link947 link948 link949 link950 link951 link952 link953 link954 link955 link956 link957 link958 link959
Максимов Александр Сергеевич
Должность:Журналист
Группа:Команда портала
Страна:Россия
Регион:Санкт-Петербург
Отырарлық ғалым

Казахстан, Акмолинская область, город Кокшетау

СШ№6

Учитель казахского языка и литературы

Казбекова Самал Рустемовна

Отырарлық ғалым

Сабақтың мақсаты: а) білімділік: Оқушыларға шығыстың ғұлама ғалымы Әл- Фарабидің өмірі мен еңбегінен мағлұмат беріледі.

б) дамытушылық: Оқушылардың белсенділіктері арттырылады, сыйлау, іздену, қабілеттіліктері дамытылады.

ә) тәрбиелік: Әл — Фарабиден үлгі алуға тәрбиеленеді, еліне, халқына деген сүйіспеншіліктері арттырылады.

.Сабақтың түрі: жаңа білім беру .

Әдіс — тәсілдері: баяндау, пікірлесу, сұрақ — жауап, талдау,ой қорыту.

Сабақтың ресурстары: слайд шоу, постер,үрленген шарлар,көне шығыс халқының киімдері.

Сабақ барысы :

І. Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу

Оқушыларды топқа бөлу,психологиялық тренинг өткізу (мұғалім мен оқушылар бір — біріне жақсы тілек, лебіздерін білдіреді)

Әр топқа бағалау парағын тарату.

Үй жұмысы: Қазыбек шешеннің шешендік сөзінен үзінді жатқа айту.

Жаңа сабақ

Өткен сабақтарда біз қазақ халқының әйгілі шешендерімен таныстық. Бүгінде қазақ халқының ұлы ғұламаларының бірі Әбу Насыр Әл-Фарабимен танысамыз.

Сіздерге үйге қосымша тапсырма бергенмін.

1- топқа Әл-Фараби туралы, ал 2- топқа туған қаласы Отырар туралы мәліметтер жинап келу тапсырылған.

3- слайд шоу мұғалімнің «Сендер білесіңдер ме?» атты қосымша мәліметі.

Әбу Насыр Әл-Фараби жастайынан талапты,оқу- білімге құштар болған. Білім жолын таңдауына әкесі қарсы болмаған. Оның әкесі Мұхамбет қыпшақ елінің атақты қолбасшысы болған. Әл- Фараби өзінің көпшілік уақытын Отырардың бай кітапханасында өткізген. Сол кездері Отырар кітапханасы әлемдегі Александриядан кейінгі екінші ірі кітапхана еді.

Ғылымға , білімге деген ынтасы осы кітапханада пайда болған.Ғылым саласына 150–ге тарта еңбектер жазып қалдырған. Тарихи деректер бойынша 70-ке жуық тіл білген.Соның ішінде араб, парсы,түркі, латын, грек тілдерін өте жақсы білген.Әл- Фараби атқа міну өнерін жақсы меңгеріп, садақ атудың да шебері болған. Ұлттық теңгемізде Әл-Фараби суреті бейнеленген.Ол Қазақстанның ғана емес, бүкіл Орта Азия халықтары мен әлемнің Аристотельден кейінгі екінші ұстаз, ойшыл, ғалым болғаны барша жұртқа белгілі.

Жаңа сөздермен танысамыз.

Шаһар, шежіре, төбе.

Оқулықтағы мәтінмен танысамыз.(Отырарлық ғалым.)

I топ мәтіннің 1- бөлігін мәнерлеп оқиды.

II топ мәтіннің 2- бөлігін мәнерлеп оқиды.

Дәптерлерін ашып, бүгінгі күнді, тақырыпты жазады.

Тақтадағы тапсырманы орындайды.(Мәтінге ат қояды,топтар бір- біріне сұрақтар дайындайды.)

Грамматикалық тапсырмалар;

А) 2 сөйлемге синтаксистік талдау жасайды.

Ә) Синоним сөздердің баламасын, антоним сөздердің сыңарын табады.

Б) 1 cөзді тәуелдейді, 1 сөзді септейді.

Сергіту сәтін өткіземін. Ертедегі шығыс ғалымдары киген бас киімді бастарына киіп ,Әл-Фараби жайында өз ойларын айтады.

Кітапханашының көмегімен жасалған көрмеге назар аудартамын.

Оның жазған ,ол туралы жазған кітаптар туралы айтып кетемін.Соның ішінде Музыка туралы жазған еңбегіне тоқталамын.

Әл- Фараби музыканы көп зерттеген.

Ол музыкалық аспаптар жасайтын және оларда шебер орындайтын адам болған.Домбыра мен қобызды жасай білген.(Слайд арқылы домбыра мен қобызды көрсетіп, олардың үнін естіртемін.)

Тақтаға сұрақтар шығады. Сол сұрақтарға жауап берсе, екінші жағынан Әл- Фарабидің портреті шығады.

Екі оқушы аңыздан үзінді ойнап береді.

Сабақты постер толтыру арқылы аяқтаймын.

Оқушылардың білімін бағалау парақтары арқылы бағалаймын.

Үйге тапсырма: Әл-Фараби туралы эссе жазып келеді.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности