Ольга Николаевна
Должность:Редактор
Группа:Команда портала
Страна:
Регион:не указан
Судың тірі организмдер үшін,түрлі салалардағы, ауыл шаруашылығындағы маңызы. Суды ластанудан қорғау

Казахстан, Алматинская область, Алакольский район

ГУ «Достыкская средняя школа с дошкольным миницентром»

Учитель химии

Абылбекова Карлыгаш Терекбаевна

Жалпы мақсаттар білімділік, тәрбиелік,дамытушылық

Білімділік: Судың тірі организмдер үшін,түрлі салалардағы, ауыл шаруашылығындағы маңызын оқып үйренеді. Суды ластанудан қорғау шараларын үйренеді.

Тәрбиелік: оқушыларды өз бетінше оқып білуге дағдыландыра отырып,ұйымшылдыққа,бірлесе жұмыс істей білуге,адамгершілікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: оқушылардың талдау,салыстыру,ойлау қабілеттерін дамыту.

Күтілетін нәтиже

Судың тірі ағзалар үшін, өмірдегі, өндірістегі,ауылшаруашылығындағы маңызын түсінеді. Экологиялық білім алады.Топтық жұмыста диалогтік әдістерді қолданып, теориялық білімдерін толықтыра алады.

Сабақтың түрі,типі

Аралас сабақ,дәстүрлі сабақ.

Әдіс тәсілдері

АКТ-ны пайдалану.Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету. Оқыту үшін бағалау,оқытуды бағалау,оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер

Дерек көздері

Оқу бағдарламасы,Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық.Химия. Н.Нұрахметов. К.Сарманова. К.Жексембина. Алматы “Мектеп” 2012ж 107-108 бет

Қажетті құралдар

Оқулық,интерактивті тақта,слайдтар,суреттер,бейнефильм.

Түйінді идеялар

1.Экологиялық білім алады.

2.Ластанудың түрлерімен танысады.

3.оқушылардың білімге деген ынтасы артады,табиғатты қорғауды үйренеді.

Бағалау

Бағалау парағы сабақтың алдында үлестіріліп беріледі. Оқушылар бағалау критерийлерін ескере отырып, жақсы бағалануға үйренеді.

Тапсырма мазмұны

Оқушыларды топқа бөліп экология тақырыбына эссе жазу.

Сұрақ қою арқылы үй тапсырмасын сұрау.

Кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

1.Ұйымдастыру 2мин.

Амандасады,түгендейді,ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырады, топқа бөледі,назарларын сабаққа аударады

Амандасады,кезекші оқушы жауап береді,топтпрға бөлінеді. Топ басшысын сайлайды.

2.Үй тапсырмасын сұрау

Тапсырмалар.

1. Жай заттардан күрделі заттардың алынуы қалай аталады?

2.Неліктен мұз суда жүзеді?

3.Эвдиометр не үшін қолданылады?

4.су қанша градуста қатады және қайнайды?

5.Су молекуласының формуласы қандай?

6. Қалыпты жағдайдағы судың тығыздығы қанша?

7. Судың жер шарындағы маңызы қандай?

8.судың электр тогын өткізу қабілеті қандай?

Берілген сұрақтарға сыныптағы барлық оқушы жауап береді.Топ басшысы бағалап отырады

Формула туралы білімдерін тексеру

(Сұрақтардың бірнеше жауабы ұсынылған.Қандай сұрақтар қойылды?)

3. Жаңа сабақты меңгертуге негіз болатын тапсырмалар

1.Судың өндірістегі ауылшаруашылығындағы маңызы қандай?

2.Судың химия өнекәсібіндегі маңызы қаңдай?

3.Судың тірі организмдердегі ролі қандай?.

  • Күкірт қышқылының судағы ерітіндісі қайда қолданылады?
  • Сірке қышқылының ерітіндісі ше?.
  • Ас тұзы мен қанттың, лимон қышқылының,сабынның ерітіндісінің қолданылуы туралы не айтамыз.
  • Суды тағы қайда қолданылады екен?

1.Судың өндірістегі ауылшаруашылығындағы маңызы өте зор.

  • Су химия өнекәсібінің негізгі шикізат көзі болып табылады
  • Адамның және жануарлардың тамақты сіңіру процесі тағамдардың сулы ерітіндіге айналуына байланысты.
  • Физиологиялық сұйықтардың(қан,лимфа,т.б.) барлығы сулы ерітіндіден тұрады.
  • Күкірт қышқылының судағы ерітіндісі зертханада сутек алу үшін,автокөліктердің аккумуляторына құю үшін қолданылады.
  • Сірке қышқылының ерітіндісі тұрмыста,тамақ өнеркәсібінде қолданылады.
  • Ас тұзы мен қанттың лимон қышқылының,сабынның ерітіндісі кеңінен қолданылады.

Су көп мөлшерде органикалық синтездеу, қатты отынды газдандыру және еріткіштер,сутек алу үшін қажет.

Қорытындылау

Тапсырмалар:

Өздеріңе белгілі ерітінділерді атаңдар және олар: а)тұрмыста; ә) ауыл шаруашылығында;

б) медицинада; в) өндірісте не үшін қолданылатынын бейнелеңдер.

Топ бірлесіп ортаға флипчартқа өз ойларын салып,қорғайды.

Диалог арқылы флипчарттағы өз ойларын түсіндіру

Бағалау

р/с

Оқушылардың аты-жөні

Үй тапсыр

масы

Жаңа

тақырып

ты түсінуі

Қорытын

дылау

1.

2.

3

4.

5.

6.

Оқушылар әр параметр бойынша бірін-бірі бағалайды.

Үйге тапсырма: қосымша әдебиеттерді пайдаланып, суды үнемдеп жұмсау және қорғау туралы мақал-мәтелдер жаттап келіңдер.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности