link13161 link13162 link13163 link13164 link13165 link13166 link13167 link13168 link13169 link13170 link13171 link13172 link13173 link13174 link13175 link13176 link13177 link13178 link13179 link13180 link13181 link13182 link13183 link13184 link13185 link13186 link13187 link13188 link13189 link13190 link13191 link13192 link13193 link13194 link13195 link13196 link13197 link13198 link13199 link13200 link13201 link13202 link13203 link13204 link13205 link13206 link13207 link13208 link13209 link13210 link13211 link13212 link13213 link13214 link13215 link13216 link13217 link13218 link13219 link13220 link13221 link13222 link13223 link13224 link13225 link13226 link13227 link13228 link13229 link13230 link13231 link13232 link13233 link13234 link13235 link13236 link13237 link13238 link13239 link13240 link13241 link13242 link13243 link13244 link13245 link13246 link13247 link13248 link13249 link13250 link13251 link13252 link13253 link13254 link13255 link13256 link13257 link13258 link13259 link13260 link13261 link13262 link13263 link13264 link13265 link13266 link13267 link13268 link13269 link13270 link13271 link13272 link13273 link13274 link13275 link13276 link13277 link13278 link13279 link13280 link13281 link13282 link13283
Ольга Николаевна
Должность:Редактор
Группа:Команда портала
Страна:
Регион:не указан
Тостаған.

Казахстан, Актюбинская область, г.Актобе

Дошкольная организация "Еркемай"

Воспитатель

Оразгалиева Динара Алтынбекқызы

Тостаған

Мақсаты: балалардың шығырмашылық қабілетін дамыту,заттың пішіндері туралы білімдерін жетілдіру,тостаған білімдерін бекіту,жұмысты орындау барысында икемділікке,ұқыптылыққа,жинақылыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын құралдар: акварель бояуы,қылқалам,сүрткіш,тұғырлар.

Сөздік жұмыс: Тостаған,безендіру.

Оқу іс — әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері. – Балалар,шеңбер бойына тұрып,бір –бірімізге жылы лебіз білдірейік. Педагог: - Балалар,менің қолымдағы ыдысты қалай атайды? - Сендердің үйлерінде осындай тостағандар бар ма? - Балалар,менің қолымдағы тостағанның қандай ерекшелігі бар?

Балалар шеңбер бойында тұрып,бір –біріне жылы лебіз білдіреді. – Тостаған. – Иә.

- Оюмен безендірілген.

Ұйымдастыру-іздестіру

Бүгін біз тостағанды салып,әшекейлеуді үйренеміз. Қағазға бір түсті акварель бояумен тостағанның суретін саламыз.Ол үшін: - Алдымен қағаз бетінде дұрыс бағдар алып,тостағанды орналастыратын орынды белгілеп алайық.Тостаған беттің дәл ортасында ортналасатын солай емес пе?! - Содан соң бетінің сәл төменгі жағына тостағанның табанын бейнелейміз,қылқаламды жоғарғы қарай көтеріп,тостағанның жақтауларын саламыз. – Енді осы тостағанды әдемілеп әшекейлейміз,ол үшін тостағанды көлденең сызықтармен төрт бөлікке бөліп,пайда болған бөліктерді әртүрлі түспен ерекшелеп бояймыз.Суретке қарасақ,тостағанның астыңғы табан бөлігі қоңыр түсті, одан жоғарғы бөлігі сары түске,келесі бөлік қоңыр,сары және ең үстіңгі қабаты қоңыр түсті.

Үлгі арқылы қылқаламен тостағанды салады.

Мінекей,тостаған әртүрлі түспен ерекшеленіп боялды, енді осы бөліктер үстіне оюлар саламыз. Өздерін осы уақытқа дейін танысып білген оюларды өз таңдауларың бойынша орналастыра аласыңдар,мысалы: «тамшы», «ботакөз» т.б. Ал,енді бәріміз денемізді бір сергітіп алайық. Сергіту сәті:

Біз ақылды баламыз,

Әсем сурет саламыз.

Оюлар мен заттарды,

Безендіре аламыз.

Енді,тостағанымыздың бояуы кепсе,қылқаламызды басқа түсті бояуға малып алып, тостағанымызды оюлармен безендіреміз. Қараңдар,біз осылай үйде қолданылып жүрген тостаған санын көбейтейік. Педагог балалардың жұмыс жасауына басшылқ жасай жүріп,жаңа сөздерді қайталайды.

Сергіту сәтін қимыл — қозғалыс арқылы көрсетеді.

Өздері қалаған бояу түстерін таңдап,тостағанды безеңдіреді.

Бүгінгі сабақтағы жаңа сөздерді педагогпен бірге қайталайды.

Рефлексивті- түзетушілік

Сабақты қорытындылау (сұрақ — жауап арқылы). Балаларды мадақтау.

Балалар сұрақтарға толық жауап берді.Балалар өз суреттерін тақталарға іледі.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: тостаған жайлы түсініктері,қолданылу ерекшелігі туралы білімі кеңейеді.

Игереді: суретті қағаз бетінде дұрыс орналастыра білу,затты безендіру ерекшеліктерін игереді.

Меңгереді: боялған суреттің үстінен қылқаламмен оюларды ептілікпен сала білу дағдысы қалыптасады.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности