Сабақтың мақсаты: Түрлі түсті қарындаштармен натюрморт салып үйрену.
Сабақтың тәсілі: Жеке, топтық, жұмыс
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Көрнекіліктер: Кітап, А3 қағазы, ресурстар
Р/с |
Уақыт |
Кезең |
Мұғалім әрекеті |
Оқушы әрекеті |
1 |
2 мин |
Сабақтың барысы Ұйымдастыру кезеңі |
- Сәлеметсіңдер ме, балалар! - Сыныпта кім кезекші? Оқушылар түгел ме? - Сабаққа деген көңіл-күйлерің қалай? |
Оқушылар сәлемдесті. Кезекші оқушылрдың түгел екенін баяндады, балалар сабаққа деген көңіл-күйлерінің жақсы екені айтты. |
2 |
2 мин |
Топқа бөлу |
- Балалар, мен сендерге қазір қағаздар таратамын, сол қағаздарда әртүрлі суреттер берілген, сол суреттер арқылы тобымызды табамыз, сөйтіп топқа бөлінеміз. Оқушыларға әртүрлі суреттері бар қағаздар тараттым. - Үш топқа бөліндік пе? - Орындарың өздеріңе ыңғайлы ма? |
Балалар өз топтарын тауып отырды. |
3 |
4 мин |
Сергіту сәті |
Оқушыларды ортаға шақырамын да, шеңбер құрып тұрамыз. - Енді бір-бірімізбен дене мүшелеріміз арқылы амандасамыз. |
Шаттық шеңберіне келіп тұрып, дене мүшелері арқылы бір-бірімен амандасты. Бұл жаттығуды қызыға орындады. |
4 |
10 мин |
Жаңа сабақ Стратегиялар |
Оқушыларға оқулықта 72 бетте натюрморт туралы берілген түсініктерді оқуға беру.Олар соны оқып шығып, топ болып талқылай отырып, түсінуге тырысады, соған постер жасап қорғайды, түсінгендерін айтып береді. |
Оқушылар алдымен оқулықта берілген түсініктерді окып шыгып, топ болып постер жасады, жасап болған соң, ортаға шығып түсінгендерін айтып беріп, орындаған жұмыстарына түсінік бере кетті. |
5 |
3 мин |
Сергіту сәті |
«Көңілді жаттығу» атты сергіту сәтін өткіземін. |
Сергіту сәтін көңілді орындады. |
6 |
15 мин |
Бекіту |
Оқушылар жеке-жеке сурет дәптерлеріне түрлі түсті қарындаштармен натюрморт салуға кіріседі. |
Балалар өз қалаулары бойынша таңдап алған натюрморт түрлерін салды. Талантты және дарынды оқушыларға күрделі натрморт салуға берілсе, төмен деңгейлі оқушыларға 2 заттан тұратын натюрморт салуға берілді. Оқушылар өз деңгейлерінде орындап шыкты. |
7 |
4 мин |
Қорытындылау |
Оқушыларға сұрақ қою арқылы алған білімдерін тексеремін. - Бүгін сабақта біз нені үйрендік? - Натюрморт дегеніміз не? - Натюрмортты түрлі түсті қарындаштармен салуда қандай қиындықтар болды? |
Оқушылар натюрморт туралы түсінік алғандарын айтты. Түрлі түсті қарындаштармен бұрыннан қолданып келе жатқаннан сурет салуда ешқандай қиыншылық болмағанын йтты. |
8 |
1 мин |
Үйге тапсырма |
Түрлі түсті қарындашпен пейзаж салып келу. |
Тапсырманы күнделіктеріне жазып алды. |
9 |
4 мин |
Бағалау |
Оқушылардың сабақ барысында салған суреттерін топ басшысы берілген бағалау парағы бойынша бағалайды. Сабаққа кері байланыс жасау. |
Бағалау парағына бағалады,кері байланыс жасады. |