link9450 link9451 link9452 link9453 link9454 link9455 link9456 link9457 link9458 link9459 link9460 link9461 link9462 link9463 link9464 link9465 link9466 link9467 link9468 link9469 link9470 link9471 link9472 link9473 link9474 link9475 link9476 link9477 link9478 link9479 link9480 link9481 link9482 link9483 link9484 link9485 link9486 link9487 link9488 link9489 link9490 link9491 link9492 link9493 link9494 link9495 link9496 link9497 link9498 link9499 link9500 link9501 link9502 link9503 link9504 link9505 link9506 link9507 link9508 link9509 link9510 link9511 link9512 link9513 link9514 link9515 link9516 link9517 link9518 link9519 link9520 link9521 link9522 link9523 link9524 link9525 link9526 link9527 link9528 link9529 link9530 link9531 link9532 link9533 link9534 link9535 link9536 link9537 link9538 link9539 link9540 link9541 link9542 link9543 link9544 link9545 link9546 link9547 link9548 link9549 link9550 link9551 link9552 link9553 link9554 link9555 link9556 link9557 link9558 link9559 link9560 link9561 link9562 link9563 link9564 link9565 link9566 link9567 link9568 link9569 link9570 link9571 link9572 link9573 link9574 link9575
Ольга Николаевна
Должность:Редактор
Группа:Команда портала
Страна:
Регион:не указан
«ЖЕМІСТЕР ДҮКЕНІНДЕ»

Казахстан, г. Павлодар

Средняя общеобразовательная школа-гимназия № 9

Учитель казахского языка и литературы

Аубакирова Зауреш Гимадитденовна

«ЖЕМІСТЕР ДҮКЕНІНДЕ»

Сабақтың мақсаты: Жемістер, «Жемістер дүкенінде» туралы түсініктерін, сөйлеу қабілеттерін жетілдіру.

Міндеттері:

  1. Тақырып бойынша жаңа сөздерді меңгерту, сөздерді дұрыс қолдана білу, ауызша сөйлеуге жаттықтыру.
  2. Сөздік қорын молайту, тілін жаттықтырып, дұрыс сөйлеуге дағдыландыру. Ойлау, есте сақтау қабілетттерін дамыту.
  3. Оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру

Сабақтың типі: жаңа материалды меңгерту.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың формасы: жалпы,жұппен.

Көрнекілік: сурет, слайд, бейнесұрақ, бейнемәтін.

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелесу, ойын, интербелсенді тақтамен жұмыс.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

1. Психологиялық дайындық. Сабақты бастамас бұрын, оқушыларды ұйымдастырып, психологиялық дайындық жүргізіп, көңілдендіріп алу.

Мысалы: Күн шығады әнімен.

Қайырлы күн!

Теңізде толқын толқиды.

Қайырлы күн!

Көтерілді ақ бидай, құстар самғап ән салды.

Балаларым, айтындаршы

Қайырлы күн!

Қайырлы күн, көк Аспан!

Қайырлы күн, Жер-АНА!

Қайырлы күн, достарым!

2. Кезекшілермен сөйлесу.

- Сәлеметсіңдер ме, балалар!

- Қазір қандай сабақ?

- Қазір нешінші жыл?

- Қазір қандай жыл мезгілі?

- Аптаның қай күні?

- Үйге қандай тапсырма берілді?

ІІ. Үй жұмысын тексеру: көкөністер тақырыбы бойынша сұрақтарға жауап беру.

Интербелсенді тақтамен жұмыс.Бейнесұрақты тыңдап, оқушылар кезекпен жауап береді.

1. Қандай көкөністерді білесің? ( қияр, қызынақ, пияз, орамжапырақ, сәбіз, т.б.)

2. Көкөністер қайда өседі? (Көкөністер бақшада өседі)

3. Көкөністердің түстері қандай? ( қызыл, сары, қоңыр, жасыл, қызғылт сары )

4. Көкөністер жылдың қай мезгілінде піседі? (Көкөністер жылдың күз мезгілінде піседі)

5. Көкөністерді жылдың қай мезгілінде жинаймыз? (Көкөністерді жылдың күз мезгілінде жинаймыз)

ІІІ. Жаңа сабақ. Қызығушылықты ояту:

- Балалар, мына суретке назар аударыңдар, суретте не бейнеленген? ( жемістер)

-Дұрыс, жемістер.

- Ал, біз жемістерді қайдан аламыз? (дүкеннен)

-Дұрыс, дүкеннен.

- Қандай дүкеннен сатып аламыз? (жеміс дүкенінен)

- Дұрыс, жеміс дүкеннен.

- Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы « Жемістер дүкенінде». Бүгін сабақта біз жаңа сөз үйренеміз, мәтінмен, диалогпен жұмыс істейміз, түрлі тапсырмалар орындаймыз.

- Ал енді дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күнді, тақырыбымызды жазайық.(слайд)

- Балалар, тақтаға назар аударайық. Мен жаңа сөздерді оқимын, сендер қайталаңдар. (Мұғалім оқушылармен бірге жаңа сөздерді қайталайды)

1. Жаңа сөздер: алхоры, анар, шабдалы, өрік, қарақат, құлпынай, таңқурай, бақта өседі, дәмді, тәтті, неше теңге?

2. Жаңа сөздермен сөз тіркестерін құрау. Сызықтардың көмегімен өзара байланысты сөздерді тап. (слайд)

( алхоры өседі, қызыл анар, шабдалы сатып аламын, өрік ұнайды,, дәмді құлпынай, таңқурай өседі, неше кг?)

3. Мәтінмен жұмыс. Бейнемәтінді тыңдау. (бейне, 2 рет көрсетіледі)

- Мәтінде не туралы айтылды ? (Жеміс дүкені туралы айтылды)

- Кімнің анасы сатушы? (Аянның анасы сатушы)

- Сатушы не сатады? (Сатушы жемістер сатады)

- Әже не сатып алды? (Әже алхоры, жүзім сатып алды)

- Мен не сатып алдым? (Мен алмұрт сатып алдым)

- Алмұрт неше теңге тұрады? (алмұрт 350 теңге тұрады)

4. Керекті сөздер арқылы сөйлемдерді толықтыр. (слайд)

5. Диалогпен жұмыс. Карточкаларды тарату. Балалар 1-2 рет оқиды.

Диалогты жалғастыр. Жұппен жұмыс. (слайд)

ІҮ. Сергіту сәті: «Күзгі жапырақ»

- Балалар, көкөністер мен жемістер қай жыл мезгілінде піседі? (күзде)

- Ендеше күзге арнап ән орындайық.

Ү. Сабақты бекіту.

1. Дәптермен жұмыс. Карточкаларды тарату.

- Ал енді дәптерлеріңді ашып, жаттығу орындайық. Көптік жалғауды қайталаймыз. (слайд)

- Қандай көптік жалғау білесіңдер? (-лар,-лер; -дар, -дер;-тар,-тер)

- Лар,-тар,-дар жалғаулары қай сөздерге жалғанады? (жуан сөздерге жалғанады)

- Лер, -тер, -дер жалғаулары қай сөздерге жалғанады? (жіңішке сөздерге жалғанады)

Алма + лар / лер, анар + лар / лер , шие + лар / лер , алхоры + лар / лер, алмұрт+ тар / тер , қарақат+ тар / тер , өрік + тар / тер .

2. «Адасқан әріптер ойыны». Дыбыстарды тіркестіріп сөз жасаңдар. (слайд)

ҮІ. Рефлексия. Cурет бойынша әңгімелеу. Мұғалім сұрақ қояды, оқушылар жауап береді. Одан кейін әр оқушы сұрақтар арқылы әңгімелейді.

- Бұл не?

- Дүкенде не бар?

- Кім жеміс сатады?

- Сен қандай жеміс сатып алдың?

- Саған қандай жеміс ұнайды?

VIІ. Бағалау. Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау. Әр оқушы өз фишкаларын санап, бағасын айтады.

VIІІ. Үй тапсырмасы: жаңа сөздерді жаттау және сурет бойынша әңгіме дайындау.

Х. Қорытынды.

- Сабақтың тақырыбы қандай болды?

- Қандай жаңа сөз үйрендіңдер?

- Сабақ ұнады ма?

***************

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі? Оқушылар мәтін мазмұнын, сұрақтарын түсінеді.

Сұраққа жауап береді, әңгімелеп береді.

Қандай түсініктер игереді? Жемістердің атаулары.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері? Жаңа сөздердің мәнін түсінеді, сұрақтарға жауап береді, тақырып бойынша әңгімелейді, диалог құрастырады.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности