link5922 link5923 link5924 link5925 link5926 link5927 link5928 link5929 link5930 link5931 link5932 link5933 link5934 link5935 link5936 link5937 link5938 link5939 link5940 link5941 link5942 link5943 link5944 link5945 link5946 link5947 link5948 link5949 link5950 link5951 link5952 link5953 link5954 link5955 link5956 link5957 link5958 link5959 link5960 link5961 link5962 link5963 link5964 link5965 link5966 link5967 link5968 link5969 link5970 link5971 link5972 link5973 link5974 link5975 link5976 link5977 link5978 link5979 link5980 link5981 link5982 link5983 link5984 link5985 link5986 link5987 link5988 link5989 link5990 link5991 link5992 link5993 link5994 link5995 link5996 link5997 link5998 link5999 link6000 link6001 link6002 link6003 link6004 link6005 link6006 link6007 link6008 link6009 link6010 link6011 link6012 link6013 link6014 link6015 link6016 link6017 link6018 link6019 link6020 link6021 link6022 link6023 link6024 link6025 link6026 link6027 link6028 link6029 link6030 link6031 link6032 link6033 link6034 link6035 link6036 link6037 link6038 link6039 link6040 link6041 link6042 link6043 link6044 link6045 link6046 link6047
Ольга Николаевна
Должность:Редактор
Группа:Команда портала
Страна:
Регион:не указан
Құрастыру.«Ғарышқа саяхат».

Казахстан, Павлодарская область, г. Аксу с. Алгабас

Средняя школа им. М. Кабылбекова

Воспитатель мини-центра

Жаманова Айгуль Жакеновна

Мақсаты: Балаларды заттардың әртүрлі қасиеттеріне дұрыс міңездеме беруге ынталандыру.

Міңдеттері: 1. Балалардың тірек-суреттермен еркін жұмыс істеу қабілеттерін дамыту.

2. Балалардың жорамалдау және қорытындылау қабілеттерін баулу.

3. Кішігірім топтарда жұмыс жасау, өзара бақылау қабілеттерін ояту..

Жаңа сөздер: астроном, скафандр, Байқоныр, ғарышкер.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: Ғарыш туралы әңгіме, глобус — жер шарымен таныстыру, танымдық кітаптар мен қызықты суреттерді тамашалау.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: әңгімелесу, саяхат, Кішкентай астрономның тапсырмалар әкелуі, сұрақ-жауап, суреттермен жұмысты жұп-жұппен жасау, өзара бақылау, орталықтарда жеке жұмыс, тірек-суреттермен жұмыс, ғарыш жайлы тақпақтар оқу, тәжірибе жасау,«Бес саусақ» әдісімен қорытындылау.

Көрнекілік: бейнетаспа, қосымша суреттер, бөтелке, стақан, су, лимон шырыны, ас содасы, сірке қышқылы, әуе шары, изолента, тірек-схемалар, д/ойын «Зымыран құрастыр».

Сабақтың барысы:

Іс-әрекет

кезені

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотивациялық оқыту

(1-2 мин.)

1 Ал,балалар, шеңбер құрып тұрайық. Балалар, біз тұратын жеріміз «Жер планетасы» деп аталады. Ал үстімізде әдемі көк аспан бар. Ол аспан — ғарыш әлемі. Біз Жер планетасында тату-тәтті тұрамыз.

2. — Балалар, енді көздеріңді жұмып, өздерінді бос сезініңдер.(Үнтаспадан нәзік әуен шығып тұрады).Жақсы, ғажайып нәрселерді ойлаңдар. Сендер өздеріңді жақсы, жеңіл сезініп отырсыңдар, сендер күлімдейсіңдер. Ал енді көздеріңді ашыңдар және бір-біріне жай көз салып қараңдар. Кәне, бір-бірімізге жақсы тілек айтайық.

Балалар шеңберде тұрады.

Балалар көздерін жұмып, қиялдайды.

Күлімсіреп, бір-біріне қарайды да бір-біріне жылы лебіз білдіреді:

-Мен саған бақыт тілеймін. -Әдемі қыз бол. -Үлкен азамат бол.-Бақытты бол.

Ізденіс ұйымдастыру

(2-3 мин.)

(6-7 мин.)

(4-5 мин.)

(6-7 мин.)

Есік қағылып, Кішкентай Астроном (бала) кіреді де амандасады:

-Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен ғарышқа ұшып, ғарышты зерттегім келеді.

Тәрбиеші:-Саған кедергі болып тұрған не нәрсе?

Астроном:

-Маған ғалымдар үш тапсырма берді,соны орындасам ғана рұқсат етеді.(тәрбиешіге жұлдызшаларды ұсынады.)

Тәрбиеші:-Ол қандай тапсырмалар? Балалар, Кішкентай Астрономға көмектесеміз бе?

–Қане, тапсырмаларды көрейік.(жұлдызшаларда жазылған тапсырмаларды көріп, түсіндіреді).

-Балалар, ал ғарышқа қалай жетуге болады?

-Жақсы, балалар, ендеше орталықтарға бөлініп, жұмысқа кірісейік.

Жұмыс жасар алдында біз ғарыш жайлы не білетінімізді еске түсірейік.

1.Тіл дамыту орталығы. (Бұл орталықта балалар жұп-жұппен жұмыс жасайды).- өзара бақылау әдісі қолданылады.

а)Ғарыш туралы әңгімелесу.

-Балалар, кеш түсіп, аспан қараңғыланады.Біз аспаннан нені көреміз? (қосымша сурет№1.Жұлдызды аспанды көрсету). Бұл не?

-Тағы нені көріп тұрсыңдар?

- Аспанда қанша жұлдыздар бар?

-Дұрыс, жұлдыздар сан-алуан көп.Аспанда тағы да Ай мен Күн, планеталар бар. Соның барлығы бір сөзбен — ғарыш деп аталады. Ал кім айтады, ғарышқа немен ұшуға болады?

-Ал ол зымыранмен ұшатын кімдер?

(Қосымша суреттер №2. Ғарышкерлерді көрсету).

-Ендеше, маған ең алғашқы қазақ ғарышкерлерін атаңдаршы.

-Кім маған осы ағайдар жайлы тақпақ айтып бере алады?

-Жерден басқа планеталарда тіршілік жоқ, ауа жоқ, сондықтан да ғарышкерлер арнайы киім киеді. Оны — скафандр деп атайды.Ғарышкерлерге арналған бұл киім арнайы жабдықталған.Бұл киімнен ыстық та,суық та өтпейді және арнайы сөйлесу үшін радиомен жабдықталған. (Суреттермен жұмыс — қосымша суреттер №3).

-Ал ғарышқа қай жерден ұшады зымыранмен?

-Өте жақсы,балалар. Ғарышкерлер мекені — Байқоныр.

2. Зерттеу орталығы.

а)-Балалар, бізде күрделі мәселе туындап тұр. Бізге ғарышқа ұшып бару үшін әуе шары қажет.

б)Гипотеза-жорамалдау:

-Ал оны жасау үшін бізге не қажет?

в)Мәселені шешу әрекеті:

-Қандай көрнекіліктерді біз қолданамыз?

( қосымша суреттер №4).

г)Қорытынды:

-Балалар, әуе шарына толтыратын ауа бөтелкеге қалай жиналды?

Таным орталығы.

Дид.ойын «Зымыран құрастыр».

а)-Балалар, бізде күрделі мәселе туындап тұр. Бізге ғарыш зымыраны керек болып тұр. Енді қайттық? Оны қайдан аламыз?

б) Гипотеза-жорамалдау:

-Ал оны қалай жасауға болады деп ойлайсыңдар?

в)Мәселені шешу әрекет:

-Ендеше, балалар, сендердің алдарында дайын қағаз қиындылары жатыр.Сендер өз еркіндерімен зымыран жасап көріңдер.

г) Қорытынды:

-Балалар, біз әуе шарын қалай үрлеп және зымыранды қалай жасайтының үйрендік. Ендеше, тәжірибе жасап, зымыранды көкке ұшырайық.

Тәжірибе: «Зымыранды көкке ұшырамыз».

(Қосымша сурет №5 қолданылады).

Балалар Астрономмен амандасады.

Ақпаратты қабылдау.

Ия, көмектесеміз.

Белсенді ойлау әрекеті.

Зымыранмен, әуе шарымен.

Топтық және жеке дара жұмыстар..

Балалар 2 топқа бөлініп, орталықтарда жұмыс істейді.

-Жұлдыздарды көреміз.

-Жұлдыздар,ай, планеталар.

-Көп жұлдыздар бар.

-Зымыранмен, әуе шарымен ұшады.

-Ғарышкерлер ұшады.

-Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев.

1.Батпайтын ол жыр тағы,

Жүрегімізді жылытады.

Тоқтар батыр кәдімгі

Алпамыстың ұрпағы.

2.Тоқтар,Талғат ағалардай,

Болу үшін ғарышкер.

Жұрт қызыға қарағандай

Болу керек намысты ер.

Ғарышкерлер мекені –

Қазақ жері Байқоныр.

Қай жер саған жетеді,

Ғажап жерім Байқоныр.

Әуе шарына ауа қажет.

Ізденіс әрекеті. Топтық және жеке дара жұмыстар..

Балалардың жауабы.

Ізденіс әрекеті.

Балалардың өзіндік іс-әрекеті.

Төменгі деңгей:балалар үлгіге қарап әртүрлі геометриялық пішіндерден зымыран құрастырады.

Орта деңгей:балалар өз бетінше зымыран құрастырады.(үлгісіз)

Жоғары деңгей: Өз еріктерімен қағаздан керек заттарын қиып алады.

Балалардың ізденіс әрекеті.

Топтық жұмыс.

Рефлексивті- қорытындылау

(2-3 мин.)

Жалпылау:

-Балалар, бүгінгі сабақта біз ғарыш туралы әңгімелесу мен тәжірибе өткізу арқылы білімізді толықтырдық.

-Жарайсыңдар, балалар! Барлық тапсырмаларды дұрыс орындадыңдар.Ендеше, «Бес саусақ» ойының ойнап тастайық.

4.Қорытындылау «Бес саусақ» ойынымен:

1.Балалар, сендер бүгін жаңа не үйрендіңдер?

2.Сендерге бүгінгі сабақта не ұнады?

3.Сендерге не қиын болды?

4.Сабақта сендерге кім көмектесті?

5.Келесі сабақта не туралы білгілерін келеді?

Балалар қабылданған ақпаратты сезінеді.

Балалардың жауабы.

Іс әрекеттеріне анализ жасайды.

Келесі сабаққа жұмыс әрекеттерін жоспарлайды.

Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Жер, ғарыш, ғарышкерлер туралы, тәжірибе жасау ережелерін, геометриялық пішіндерден керекті затты жасауды.

Болу керек: күрделі ойлау қабілеттері, білімге деген құштарлықтары, өз бетінше құрастыру, тірек суреттермен жұмыс істеу қабілеттері.

Қолдану керек: эксперимент өткізген кезде өмірлік тәжірибені қолданады, өз бетімен жорамалдайды және қорытындылайды.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности