«Төрт түлік — қазақтың асыл қазынасы»
Қазақ әдебиеті пәнінен
5 сынып оқушыларына арналған сайыс сабақ жоспары
Тақырыбы: «Төрт түлік — қазақтың асыл қазынасы»
Дайындаған: Хасенова Айгүл Советқызы
Павлодар облысы Ақсу қаласы
№7 орта мектеп
Сабақтың тақырыбы: Төрт түлік-қазақтың асыл қазынасы.
Сабақтың мақсаты:
-Төрт түлікті, олардың төлдерін, иелерін, дауыстарын ажырата алуға үйрету;
-Мақал-мәтелдер, жұмбақтар арқылы оқушылардың ой-өрістерін кеңейту;
-Топпен жұмыс арқылы бір-бірін бағалауға, достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, ойын, топтастыру.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, суреттер, асықтар.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
1.Амандасу.
2. Асықтар арқылы екі топқа бөлу.
ІІ. Үй жұмысын тексеру. (Оқушылар төрт-түліктің суретін салады, жұмыстарын өлеңмен, мақал-мәтелмен қорғайды.)
Мұғалім: Мен неге осындай тапсырма бердім?
Оқушылар: Өйткені бүгін біз төрттүлік жайлы айтамыз.
Мұғалім: Ал сабақтың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар?
(Оқушылар мақсатын өздері айтады, мұғалім толықтырады.)
1-тапсырма.Жасырынған саңдар.
2-тапсырма. Дауыстары арқылы түліктерді атау.
3-тапсырма. Төрт түлікті, төлдерін атау.
4-тапсырма. Сөздікпен жұмыс. Жаңа сөздерді табу, оларды сөздік дәптерлеріне жазу.
5-тапсырма. Мақал-мәтелдер (Жоғалған сөзді табу.)
6-тапсырма. Жұмбақ шешу.
7-тапсырма. Сергіту сәті."Ханталапай" ойыны.
8-тапсырма.Төрт түліктің иелерін табу.
9-тапсырма "Малдың баласын сүюі"
Қорытындылау. Екі топ кластер жасайды (төрт түліктің пайдасы.)
Бағалау (Оқушылар өздері бір бірін бағалайды, содан кейін мұғалім оз ойын айтады.)
Үй тапсырмасын беру. Оқушылар ұнаған жануары туралы әңгіме құрастырады.