link4788 link4789 link4790 link4791 link4792 link4793 link4794 link4795 link4796 link4797 link4798 link4799 link4800 link4801 link4802 link4803 link4804 link4805 link4806 link4807 link4808 link4809 link4810 link4811 link4812 link4813 link4814 link4815 link4816 link4817 link4818 link4819 link4820 link4821 link4822 link4823 link4824 link4825 link4826 link4827 link4828 link4829 link4830 link4831 link4832 link4833 link4834 link4835 link4836 link4837 link4838 link4839 link4840 link4841 link4842 link4843 link4844 link4845 link4846 link4847 link4848 link4849 link4850 link4851 link4852 link4853 link4854 link4855 link4856 link4857 link4858 link4859 link4860 link4861 link4862 link4863 link4864 link4865 link4866 link4867 link4868 link4869 link4870 link4871 link4872 link4873 link4874 link4875 link4876 link4877 link4878 link4879 link4880 link4881 link4882 link4883 link4884 link4885 link4886 link4887 link4888 link4889 link4890 link4891 link4892 link4893 link4894 link4895 link4896 link4897 link4898 link4899 link4900 link4901 link4902 link4903 link4904 link4905 link4906 link4907 link4908 link4909 link4910 link4911 link4912 link4913
Купжасарова Алмагул Калымжанова
Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:не указан
«Қысым» тақырыбына есептер шығару.

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы М.Б.Ықсановатындағы №36 орта жалпы білім беретін мектептің физика пәні мұғалімі Купжасарова Алмагул Калымжановна

Сабақтың тақырыбы

«Қысым» тақырыбына есептер шығару.

Жалпы мақсаты

Оқушылардың қысым тақырыбындағы теориялық білімін практикалық есеп шығару дағдыларымен ұштастыру, оқушылардың іс - әрекеттері мен логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, білімдерін жинақтау.

Күтілетін нәтижелер

v оқушыңың белсенділігі,қызығушылығы артады;

v оқушылардың есеп шығару дағдылары қалыптасады;

v іс — әрекеттері айқындалады;

v іскерлік нәтижесі қорытындыланады;

v формулаларды есеп шығаруда қолдана біледі.

Сабақ түрі

білімді тексеру және қайталау сабағы

Қолданылған

әдіс — тәсілдер

v жеке жұмыс;

v топтық жұмыс;

v СТО технологиясы, ақпараттық технология;

v Көшбасшылық

Тапсырмалар

v топқа бөлу ( қысым формуласындағы шамалар арқылы 3 топқа бөлінеді)

v «Кім алғыр?» ( теориялық білімдерін сұрақтарға жауап беру арқылы өз ойларын жеке, топтық жұмыс арқылы жеткізеді)

v «Дұрыс таңда» (әр топ физикалық шама, формула өлшем бірліктерді кестеге жазады)

v «Ойлан тап!» (әр топқа үш түрлі физикалық формулалар беріледі, сол формуладан туынды формулаларды табады)

v «Кім жүйрік?» (деңгейлік есептер шығару, әр топқа А,В,С, деңгейлерінің есептері беріледі)

v жеке жұмыс (жедел тест тапсырмаларын орындайды, дәптерлерін көршілерімен алмастырады, бірін — бірі бағалайды,)

v рефлексия (ойларын ортаға салады, ой бөліседі)

Керекті жабдықтар

7 сынып оқулығы, 7 сыныпқа арналған есептер жинағы, бағалау парағы, тест тапсырмалары, белсенді тақта, т.б.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе

І.Ұйымдастыру бөлімі:

Оқушылармен амандасу, түгендеу, оқушыларға топпен жұмыс жүргізілетіні туралы мағлұмат беру.

Сұрақ:

Қысым формуласы қандай физикалық шамалармен өрнектеледі?

Жауабы: қысым, күш, аудан. Осы сұрақтың жауабы арқылы 3топқа бөлу.

Оқушылар орындарына отырғаннан кейін топ жетекшісін анықтау. Бағалау парағын тарату.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:

Өткен тақырыпты қайталау, шолу жасау. Сұрақтарға жауап беру.

«Кім алғыр?». Қайталау сұрақтары:

1.Қысым дегеніміз не?

2.Қысымды қалай арттырып, кемітеміз?

3.Паскаль заңын тұжырымда?

4.Гидравликалық машина дегеніміз не?

5.Газдың қысымы болатынын қалай дәлелдейміз?

6.Сұйықтар мен газдардың ыдыс түбіне түсіретін қысымы қандай физикалық шамаларға тәуелді?

7.Қысымды өлшейтін құрал?

8.Сұйықтың ыдыс түбіне түсіретін қысымы мына шамалардың қайсысына тәуелді емес: сұйық бағанының биіктігіне, ыдыстың пішініне, ыдыс түбінің ауданына, сұйықтың тығыздығына?

9.Бірдей үш ыдыс бар. Олардың біріншісі сумен, екіншісі сынаппен, үшіншісі керосинмен толтырылған. Осы сұйықтардың қайсысы ыдыс түбіне ең көп қысым түсіреді?

10.Үлкен ыдыс ішіндегі газдың тығыздығы барлық нүктелерінде бірдей бола ма? Неге?

ІІІ. «Дұрыс таңда» (физикалық шама, формула өлшем бірліктерді жазу)

Физикалық шама атауы

Белгі-ленуі

Форму- ласы

Өлшем

бірлігі

1

Қысым

2

Ауырлық күші

3

Дененің тығыздығы

4

Ауырлық күшінің әрекетіне сұйықтар мен газдарда болатын қысым

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности