Смаилова Айман
Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:не указан
Полиглот

Астана қаласы

№22 мектеп — гимназиясы

Смаилова Айман Дарибаевна

Қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі

Полиглот

9 параллель бойынша қатысатын оқушылардың саны: 16

Кабинеттің жабдықтаулы: түрлі –түсті шарлар, жалаушықтар, ленталар.

Құралдары мен көрнекілігі: тақтада тілге арналған қанатты сөздер мен мақал-мәтелдер, суреттер, тапсырмалар,магнитофон мен күй -таспа.

Мақсаты: оқушыларды мемлекеттік тілі мен орыс, ағылшын тілдеріне патриоттық сезімдерін оята отырып,өз Отанына,еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға тәрбиелеу.

1.Жүргізуші:

Адамға екі нәрсе тірек тегі
Бірі-тіл, бірі- ділің жүректігі

Деп Жүсіп Баласағуни бабамыз айтқандай кез келген мемлекеттік, елдің негізгі рәмізі де,ұраны да,ерекшелігі де, тірегі де сол елдің ана тілі болмақ.

2.Жүргізуші:

Біздің Отанымыз Қазақстан. Қазақстан Республикасының өз елтаңбасы, әнұраны,туы бар. Сонымен қатар өзі тілі бар.

1.Жүргізуші:

1989 жылы 22 қыркүйекте қазақ тілі мемлекеттік мәртенбесін алды. Ал, 1997 жылы 11 шілдеде жаңа Заң қабылданды. 22 қыркүйек күні - бүкіл Қазақстан халқы үлкен бірлік пен тілдер мерекесін тойлайды. Біз де бүгін мемлекеттік тіл мерекесін тойлау үстінде!

2.Жүргізуші:

Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Тілді ардақтап, сол тілде сауатты сөйлеп, ойымызды жеткізе білсек, нұр үстінде нұр! Оны біз бүгін өткелі отырған " Полиглот " атты іс шарамызда көз жеткізбекпіз!

Әнұран орындалады.

1.Жүргізуші:

Көп тіл білсең, көкжиегің кең болар,

Құрметтейді кісі екен деп төрге озар

Қай елде жүрсең де бұл дұрысы,

Мемлекеттік тілді үйренген жөн болар!

2.Жүргізуші:

Әдепті елдің баласы

"Алыстан сәлем береді" - дейді данышпан халқымыз, сондықтан әр топ өзінің мүшелерімен таныстырып, әмблемасын, ұранын айту керек.

1.Жүргізуші:

Асанқайғы, Жиренше

Сөйлеп өткен қазақ тіл.

Әз - Жәнібек, Қойлыбай

Сөйлеп өткен ғажап тіл.

Ана тілінің күш құдіретін туған халқымыз әуелден ақ бағдарлап, "сөз өнері" бар өнердің басы деп санаған.

2.Жүргізуші:

Елбасшымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстанда қазақ, орыс,ағылшын тілдеріне жарлық шығарып, бекіткен болған. Ендеше, келесі тапсырма "Сөздік жарыс сайысы, яғни үш тілде болмақ".

1.Жүргізуші:

Бүл сайыс "Бәйге" түрінде өтеді және сайыс екі тапсырмадан тұрады.

Бірінші тапсырма: мектепке, сыныпқа, оқушының құралдарына қатысты сөздерді қазақ, орыс, ағылшын тілдерде айту.

Екінші тапсырма: осы сөздерден сөйлем құрастырып, үш тілде айту.

2. Жүргізуші:

Келесі тапсырма берілген жұмбақтардың шешуін қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде айту керек.

1. Қабат- қабат қатталған,

Асыл сөзбен апталған.

Парағы бар сөйлейтін,

Ол қазына өлмейтін.

2.Ойдың аяқталуын күтпейді,

Оны қойсаң, сөйлем бітпейді.

3. Қалың киімді ұнатады,

Шешіндірсең жылатады.

4. Өзі сондай аппақ,

Жесең оны тәтті-ақ.

5. Доп дөңгелек доптай,

Іші қызыл шоқтай.

Дәмін татып көрсең,

Одан дәмді жоқтай.

6. Түнде бармын, күндіз жоқпын.

7. Кезекті бір жануар, үстінде екі тауы бар.

8. Қыста жоқ, сурет салады,

Тісі жоқ, тістеп алады.

1.Жүргізуші:

"Ақыл көпке жеткізер, өнер көкке жеткізер" демекші кезеңіміз шығармашылық жұмыс.

Әр топ он сөйлемнен "Қазақстан" туралы эссе жазу.

2.Жүргізуші:

"Өнер алды- қызыл тіл" осыдан шыққан болар. Сондықтан келесі тапсырмамыз көрермендерімізді берілген мақал-мәтелдерді үш тілде толықтыруға шақырамыз!

1. Мектеп кеме, білім .....

2. Өнер алды .....

3. Отансыз адам, ормансыз .....

4. Денсаулық зор .....

5. Туған жердің жуасы да .....

6. Көз қорқақ қол .....

7. Ата-бәйтерек, бала-.....

8. Туған жердей жер болмас, туған елдей .....

9. Ер елінде, гүл .....

10. Ананың көңілі балада, баланың көңілі .....

1.Жүргізуші:

Қадірмелі көрермеңдер, біздің қатысушыларға тіректеріңді білдіріп,барлықтарын белсенді қатысып отырғандарыңа алғыс айтамыз!

Ал, енді әр командаға Қазақстан туралы эссе жазуға тапсырма берген болатын.

2. Жүргізуші:

Андрей, дұрыс айтасың, олай болса әр команданың шығармашылық өнерлеріне назар аударайық!

Эссе.

1.Жүргізуші:

Ендігі соңғысайысымызда, қатысушылардың ойлау қабілетін сынау тапсырма. Әр команда берілген сөзінен шапшаң, дұрыс мән мағына бар сөздер ойлап, тақтаға жазу.

Жақсылық Батырлық

"Халқымыз" Тәуелсіздік

2.Жүргізуші:

Осымен сайыс кезеңдері аяқталды, қатысушыларымыздың жинаған ұпайларын санағанша , ал біз көрермендермен «Ұйқас сөздер» ойынына ат салысайық!

1.Жүргізуші:

Берілген сөзден ар қарай ұйқас сөздер ойластырып табыңдар.

Тіл сөз бас құлақ

Қар хат бес құлын

Жүрек күз қол батыр

Ет жер жан бақыт

Қадам жақын қала ел

2. Жүргізуші:

Ал енді, Андрей, әділқазыларымызға сөз беруге кезек келіп қалған шығар.

1.Жүргізуші:

Әрине,Катя, өйткені біздің қатысушылар толқынданып, нәтижелерін білуге асығу үстінде!

2.Жүргізуші:

Біздің бүгін көрермеңдер де, қатысушыларға тірек бола отырып, белсенді қатысып отырды, сондықтан олар да нәтижені білуге асығу үстінде шығар, солай ма, балалар!

1.Жүргізуші:

Олай болса,Катя, сөз кезегін әділқазыларымызға берейік!

Әділқазылар қатысушылардың жинаған ұпайларын жариялай отырып, еңбектерін бағалайды.

2.Жүргізуші:

Қазақ халқының ұлы ақыны Абай атамыз болашақ ұрпаққа сөзін былай деп арнаған:

Жүрегімнің түбіне терең бойла,

Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла

Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,

Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма

1.Жүргізуші:

Ал, Әбділда Тәжібаев былай айтқан:

Туған тілім тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы.

Өссе тілім, мен де бірге өсемін,

Өшсе тілім, мен де бірге өшемін!

2.Жүргізуші:

Біздер тәуелсіз қазақ елінің ұланымыз. Сондықтан өз жерімізді , өз елімізді, өз тілімізді қадірлеуге, суюге, қорғауға, көркейтуге, дамытуға тиіс екенімізді естен шығармайық, достар!

Жүргізушілер бірге:

Біз қазақпыз! Мың өліп, мың тірілген,

Біз қазақпыз! Туы биік тігілген.

Біз қазақпыз! Елімізді , жерімізді сатпайтын,

Біз қазақпыз! Тілімізді мәңгілікке сақтайтын!

«Желбіреген ту» әні орындалады.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности