link2592 link2593 link2594 link2595 link2596 link2597 link2598 link2599 link2600 link2601 link2602 link2603 link2604 link2605 link2606 link2607 link2608 link2609 link2610 link2611 link2612 link2613 link2614 link2615 link2616 link2617 link2618 link2619 link2620 link2621 link2622 link2623 link2624 link2625 link2626 link2627 link2628 link2629 link2630 link2631 link2632 link2633 link2634 link2635 link2636 link2637 link2638 link2639 link2640 link2641 link2642 link2643 link2644 link2645 link2646 link2647 link2648 link2649 link2650 link2651 link2652 link2653 link2654 link2655 link2656 link2657 link2658 link2659 link2660 link2661 link2662 link2663 link2664 link2665 link2666 link2667 link2668 link2669 link2670 link2671 link2672 link2673 link2674 link2675 link2676 link2677 link2678 link2679 link2680 link2681 link2682 link2683 link2684 link2685 link2686 link2687 link2688 link2689 link2690 link2691 link2692 link2693 link2694 link2695 link2696 link2697 link2698 link2699 link2700 link2701 link2702 link2703 link2704 link2705 link2706 link2707 link2708 link2709 link2710 link2711 link2712 link2713 link2714 link2715 link2716 link2717 link2718 link2719 link2720 link2721 link2722 link2723 link2724 link2725 link2726 link2727 link2728 link2729 link2730 link2731 link2732 link2733 link2734 link2735
Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Санкт-Петербург
Тіл –ұлттың жаны

Қазақстан Республикасы,Ақмола облысы,Көкшетау қаласы

Көкшетау қаласы, (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты

Тәрбиеші

Қасымбекова Баян Шайхеслямқызы

Мақсаты: Оқушыларға мемлекеттік тілдің мәртебесін биік ұстау жөнінде , әрұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт- дәстүрі , діні,тіл ерекшелігі

болатынын түсіндіру. Оқушылардың тіл туралы білімдерін

жетілдіру , өз тіліне, туған жеріне құрмет көрсетуге баулу , туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат тәрбиелеу .

Көрнекі құралдар : плакаттар « Тіл — асыл мұра » , «Тіл мерейі –ел мерейі»,

баяндама ,нақыл сөздер жазылған плакат.

Тәрбие сағатының барысы : Ұйымдастыру. 2. Кіріспе оқу. 3. Тіл туралы

өлең, мақал-мәтелдер, баяндама тыңдай отырып тәрбие сағатымызды бастаймыз .

Жүргізуші : Тіл - ұлттың жаны. Ал, ұлттың болашағы - оның ана тілі. Тіл- халықпен бірге өмір сүріп дамиды, әр ұлттың тілі –оның бақыты мен тірегі . Елбасы Н.Ә. Назарбаев халықтың болашағы туралы тереңнен толғай отырып , мемлекеттің ең басты дүниесі тек қана байлық емес, сонымен қатар ана тіліміздің болашағы деген болатын . Ендеше өз тіліміз бен дінімізді берік ұстап, оны құрметтей білейік», - деген болатын.Адам баласы дүниеге келіп есі кіре бастағаннан-ақ адамдық қасиеттерді, қалыптастыратын әдептілікті, ізгілілік пен ізеттілікті ана тілінде ұғып үйренеді. Халықтың тарихта қалуы- тіліне байланысты. Адамды мұратқа жеткізетін — ана тілі мен ата дәстүрі . Өйткені халқымыз дәрежеге емес дәстүрге бағынған. Егемендік алғаннан кейін «Тіл туралы Заң» қабылданды. Қазақ тілі мемлекеттік мәртебеге ие болды .

1-оқушы:

Ана тілі біздің туған анамыз

Анамыздай сыйлап, бағып қағамыз.

Ана тілін бағаласақ қалай біз ,

Өзіміздің сондай болмақ бағамыз

Ана тілін кім аялай білмесе,

Анасынан безген ұл деп қараңыз .

Жүргізуші: Тілсіз ұлт –тілінен айырылған ұлт, дүниеде ұлт болуы үшін бірінші шарт - тілі болу. Ұлттың тілі кеми бастауы ұлттың құри бастағанын көрсетеді .

Ұлтқа тілінен қымбат басқа нәрсе болмасқа тиісті . Бір ұлттың тілінде сол ұлттың сыры, тарихы, тұрмысы,мінезі айнадай көрініп тұрады . Қазақ тілінде қазақтың сары сайран даласы, біресе желсіз түндей тымық , біресе құйындай тұрмысы, асықпайтын, саспайтын сабырлы мінезі - бәрі көрініп тұр . Қазақтың сар даласы кең, тілі бай . «Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту-ата бабамызды, тарихымызды ұмыту,» - деп Бауыржан Момышұлы айтқандай ана тілі адам баласының бойына ана тілі адам сүтімен еніп бойға тарайды .

Жүргізуші:

Тіл мәселесі — қазіргі ең бір шешуші мәселенің бірі . Біз –тілімізді ұрпақтан-ұрпаққа қастерлеп, жеткізетін қасиетті мұрамыз. Ұрпағымыздың асыл арманына, қуанышы мен қызығына қызмет етеміз.Ең әуелі ана тілін үйреніп, жаттықпаған бала басқа тілді де жақсы меңгермейді. Күмбірлеген күй, көкіректен жарып шыққан әнмен біздің ата-бабамыз, өзінің жан дүниесінің мұң-шерін,асқақ арманын тіл арқылы жеткізген. Баршамыздың бүгінгі бағдарымыз,Қазақстан болашағы — қазақ тілінде , «Ана тілін қадірлеу –әр азаматтың перзенттік парызы» , «қазақ қазақпен қазақша сөйлессін» , «Ұлттық тілмен ұлттық сана қалыптасады», - деген Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың дәйекті сөзінде .

2-оқушы:

Сүйемін туған тілді –ана тілін ,

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім .

Шыр етіп жерге түскен минутымнан,

Құлағыма сіңірген таныс үнін…

Ең бірінші сол тілмен сыртқа шықты,

Сүйгенім, жек көргенім, ұнатқаным.

3-оқушы:

Туған тілім- бабам тілі , өз тілім,

Туған тілім –бабам тілі , өз тілім .

Туған тілім — далам тілі , өз тілім .

Жүргізуші: Келесі кезекте біздің оқушылардың мақал-мәтелдерді қаншалықты білетіндіктерін байқап көрейік .

1.Ақыл көркі –тіл .

2.Тіл - көңілдің ажары .

3. Өнер алды — қызыл тіл .

4.Тіл қылыштан өткір .

5.Тауды, тасты жел бұзар, адамзатты сөз бұзады .

6.Шебердің қолы ортақ,

Шешеннің тілі ортақ .

7.Тіземнен сүріндерсең, сүріндір ,

Тілімнен сүріндірме .

8.Басқа пәле тілден .

9.Бас кеспек болса да ,

Тіл кеспек жоқ .

10.Піл көтермегенді,тіл көтереді .

Оқушы: Мақал-мәтелдің мәні, маңызы зор, көп нәрсені қамтиды.Әрбір мақалдың тәрбиелік маңызы, мәні зор .

Жүргізуші: Ана тілі — халық боп жасағаннан бері жан дүниеміздің айнасы , өсіп-өсіп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі, - деп Жүсіпбек Аймауытов айтқандай елін, жерін сүйген әрбір азаматтың көкірегінде ана тіліне деген сүйіспеншілігінің мақтаныш сезімі болуы керек . Ана тілі - осы тілді жасаған, жасап келе жатқан халқының мәңгілігінің мәңгілікті мәселесі . Егер Отанымызды, жерімізді, ұлтымызды ойлайтын, сүйетін болсақ алдымен ана тілде таза сөйлеп, сүттен ақ, судан мөлдір, Қазақстанның азаматы болашағы болайық. Тіл байлығы әр елдің мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалған баға жетпес мұра. Олай болса, өз ана тілімізді құрметтеу — перзенттік парызымыз екенін ұмытпайық .

5-оқушы:

Қазақ тілінің мәртебесін өсіру үшін және мемлекеттік тілімізді қастерлеуге, құрметтеуге тәрбиелеу үшін елімізде көптеген іс-шаралар жүргізіп келеді .

22 қыркүйек — Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері мерекесі . Ең алдымен, бұл барша елге ортақ жалпы халықтық мереке, барлық ұлт өкілдеріне көрсетілген құрмет. «Халқын сүйген - салтын сүйер» дегендей, мұндай мереке бір халықтың ұлттық байлығы. Сондықтан біз оны қадірлей де , қастерлей де білейік .

«Ана тілі» әні орындалады .

Осымен тәрбие сағатымызды аяқтай отырып сендерге айтарымыз:

Тіл тағдыры — ел тағдыры екенін ешуақытта ұмытпайық. Әр ұлттың қайталанбас байлығы . Тіл бар жерде ұлт та, жер де болмақ . Тілден артық қазына жоқ екенін әрбір адам сезіне білу керек. Кейбір жас буын «мен ана тілімен мақтанамын және мемлекеттік тілін құрметтеймін!» дейді. Тілден артық қазына жоқ екеніне тағы да көз жеткіздік. Мемлекеттік тіліміз — ана тілінің мерейі үстем бола берсін. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» дегендей, өз тілімізді құрметтеп өсейік .

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности