link14520 link14521 link14522 link14523 link14524 link14525 link14526 link14527 link14528 link14529 link14530 link14531 link14532 link14533 link14534 link14535 link14536 link14537 link14538 link14539 link14540 link14541 link14542 link14543 link14544 link14545 link14546 link14547 link14548 link14549 link14550 link14551 link14552 link14553 link14554 link14555 link14556 link14557 link14558 link14559 link14560 link14561 link14562 link14563 link14564 link14565 link14566 link14567 link14568 link14569 link14570 link14571 link14572 link14573 link14574 link14575 link14576 link14577 link14578 link14579 link14580 link14581 link14582 link14583 link14584 link14585 link14586 link14587 link14588 link14589 link14590 link14591 link14592 link14593 link14594 link14595 link14596 link14597 link14598 link14599 link14600 link14601 link14602 link14603 link14604 link14605 link14606 link14607 link14608 link14609 link14610 link14611 link14612 link14613 link14614 link14615 link14616 link14617 link14618 link14619 link14620 link14621 link14622 link14623 link14624 link14625 link14626 link14627 link14628 link14629 link14630 link14631 link14632 link14633 link14634 link14635 link14636 link14637 link14638 link14639
Ольга Николаевна
Должность:Редактор
Группа:Команда портала
Страна:
Регион:не указан
Ұлыстың күні — Наурыз мерекесі

Казахстан, г. Астана

ГУ «Школа-гимназия №31»

Учитель казахского языка и литературы

Карманова Зульфия Мухамеджановна

Мақсаты:

  1. Қазақ халқының ежелден сақталып, атадан балаға мұра етіп қалдырған салт-дәстүрін, наурыз мейрамының мәнін түсіндіру, әрі дамыту және көркейту.
  2. Оқушылардың ойлауын дамыта отыра, ой қиялын, өрісін, іздену негіздерін дамыту.
  3. Оқушыларды ұлтжандылыққа, имандылыққа, инабаттылыққа, халқымыздың салт-дәстүрін қастерлеуге, сақтауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: сынып түрлі-түсті шарлар мен қағаздан жасалған көктемгі гүлдермен безендірілген.

Компьютер ( ән-күй), интерактивтік тақта (экранда Наурыз туралы суреттер)

«Сарыарқа» күйі орындалып тұрады

1 — жүргізуші:

Тындаңыздар, тындаңыздар,

Той дабылын қағып тұрған мына біз бар.

2 - жүргізуші:

Естімегенді естіңіздер,

Тындамаған тындаңыздар.

Бірге:

Наурыз тойы басталды,

Бір орында тұрмаңыздар.

1 — жүргізуші:

Жыр сыйлаған, нұр сыйлаған тірлікте,

Қастерлейік қадіріңді білдік те,

Шақырамыз құтты Наурыз тойында

Бірге:

Бәріңізді ынтымақ пен бірлікке!
2 — жүргізуші:

Жиналыппыз сәтті күні бәрімізде,
Үлкен, кіші, жасымыз да, кәріміз де.

1 - жүргізуші:

Төрлетіңіз қадірменді қонақтар,
Гүл — гүл жайнап ,мына біздің төрімізге

2- жүргізуші:

Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Сіздерді Наурыз мерекесімен құттықтаймыз!

1 — жүргізуші:

Ұлыстың ұлы — Наурыз мерекесіне

Бірге:

Қош келдіңіздер!!!

2 — жүргізуші:

Ал, халайық, тұрмайық,

1- жүргізуші:

Әндетейік, жырлайық,

2 — жүргізуші:

Ортамызды ашайық,

Бірге:

Інжу — маржан шашайық!

«Қамажай» биі

Күн келеді.

1- жүргізуші:

Армысыз әлемнің алтын шырағы

2 — жүргізуші:

Күн Ана төрлетіңіз!

Күн Ана:

О, қасиетті! Жер Ана! Алла — тағаланың әмірін қалт жібермей орындап, адамзат үшін саған бас иемін. Мен сен үшін табиғат байлығына енген тау — тасыңнан, жан-жануарыңнан бастап адам затына дейін қуаныш нұрын себу үшін, өзіңнің гүл көктеміңді, Ару коктемім мен Наурыз батырды шақырғалы отырмын

(күн сәулесін шашады)

1 — жүргізуші:
Наурыз келсе, құт келгені,
Халайық!

Әнмен биге басайық
қазақтың бір салты деп

Тойға шашу шашайық! (шашу шашылады)

2- жүргізуші:

Қош келдің Наурызым Ардақты,
Халқым саған бар үмітін арнапты.
Жылда осылай келе бергін жасарып,
Гүлге бөлеп, нұрға бөлеп аймақты.

Құстар әні орындалып тұрады.

Көктем Ару:

Армысыздар халайық,

Бармысыңдар халайық,

Наурыз тойын жұп жазбай,

Жылда қарсы алайық,

Өшкен шырақ, жағылсын,

Көктемнің әрбір ақ таны,

Қуанышпен, жақсылықпен ашылсын

(бәйшешек гүлдері мен жасыл жапырақтарын шашады)

Күн Ана:

Зарыға күткен жаңа жылым да,

Наурызым келді — ау!

Жаңа жылым жарылқа, ескі жылым есірке.

Ұрпақтарым аман ет.

Жамандық әрі кет, әрі кет,

Алас, Алас! Бар бәледен қалас.

Наурыз батырым келе ғой!

Наурыз батыр:

Сәлем Анам алтын күн,

Нұр шуаға халқымның.

Ашық болсын аспаным,

Аман болсын жас-кәрің.

Жыл иесі қойым,

Бақыт әкел еліме

Құт-береке молшылық

Дари берсін жеріме.

«Ягода — малина» биі.

Оқушылар тақпақ оқиды:

нартай

Наурыз келді, көктем келді ағайын!
Жадырайды, жаңғырады маңдайым.
Назды, сазды науан Наурыз, армысың!

Богдан

Наурыз саған жол болсын,
Тілегім анық сол болсын.
Деген ырым білгенге,
Халықта ақ мол болсын.

Диас

Қой жылы, кел төрлет,
Ел достығын өркендет.
Мол болсын ырыс, құт,
Болсын елде тыныштық.

Милена

Бай өлкеммен мақтанам,
Жырға қосып шаттанам.
Жерімнің бар байлығын,
Тәуелсіз ел сақтаған.

Аяна
Көкке бояп өңірді,
Көктем келді көңілді.
Бау-бақшада, орманда,
Құстар әні төгілді.

Арсен

Сәнді көктем нұрымен,
Наурыз тойы жырымен,
Көңіл гүлдей жайнасың.

Эрик

Балалар-ау, балалар!
Шақырады далалар.
Көктем келді гүл алып,
Құстар келді жыр алып.

Тимур

Наурыз тойы — салтымыз,
«Көгерсін» — деп халқымыз,
Көшеге тал егеміз.

2- жүргізуші:

Күттіріп келген жыл басы
Бізбен бірге жырлашы.
Дастарханға елімнің,

Бірге:

Төрлетіңіз тойымызға!

1- жүргізуші:

Наурыз тойын, Наурыз тойын,

2- жүргізуші:

Құтты болсын, халайық!

1- жүргізуші:
Күй төгілсін, күй төгілсін,

Бірге:

Шырқап әнге салайық!

«Гулдерайым» әні

Диас: Сүиінші, сүйінші, Қыдыр ата, Қыдыр ата, келе жатыр!

2- жүргізуші:

Шаттанып бүгін жаңа жыл

Халқына шашып жаңа нұр.

Бірге:

Келді Қыдыр атамыз,

Жүректен төгіп жаңа жыр!

Кыдыр ата: Амансынсын ба, халкым менин, амансын ба елим менин!

әр отбасына дәулет дарысын, бақ қонсын, ырыс –береке болсын!

1- жүргізуші: Қош келіпсіз, Қыдыр ата!

2- жүргізуші: Төрлетіңіз ,Қыдыр ата!

1– жүргізуші:

Наурыз тойы — салтымыз,

Көгерсін деп халқымыз.

Тыныштық тілеп елімізге бата берсін қартымыз

2- жүргізуші:

«Жаңбырменен жер көгереді, батамен ер көгереді», деп халкымыз айткандай, Қыдыр атамыз халкымызға бата берсін

Қыдыр ата бата оқиды

2- жүргізуші:

Әумин, батаңыз қабыл болсын, Қыдыр ата!

Айғаным. (Қобыз аспабында ойнайды)

1- жүргізуші:

Бауырласқа тәнтіміз,

Бұзылмаған салтымыз.

Кең даламның ежелгі,

Қазақ деген халқымыз

Өзге ұлттай біздің де

Бар дәстүр мен салтымыз.

2 - жүргізуші:

Қазағымның салт — дәстүрі жаңғырған,
Тәлімді тәрбие ата-бабам қалдырған.
Салт — дәстүрді ардақтайық, ағайын,
Қазақ атты үлкен, кіші балдырған.

1– жүргізуші:

Дұрыс айтасың, Ерасыл,ата-бабамыздан келе жатқан салт-дәстүрімізді көзінің карашыгындай сақтауымыз керек. Сондықтан ауылға барып қазақ халқымыздың салт-дәстүрлерін көрейік.

2 - жүргізуші:

Иә, З.М жүріңіз барып көрейік

«Бесікке салу» дәстүрі (Амина, Дильназ)

«Тұсаукесер» дәстүрі (Айганым, Әсел)

1– жүргізуші:

Құтты болсын баланың

Өмірге басқан қадамы! (шашу шашылады)

2 - жүргізуші:

Құтты болсын тойларың!

«Сүйінші» дәстүрі ( қуанышты хабар жеткізуші Диасқа шапан жабылады)

«Шілдехана» әні (Ясмина)

2 - жүргізуші:

Салт-дәстүрмен жараса,

Қайта тұрып жаңаша,

Жарыса өнер көрсетіп,

Той тойлайық тамаша!

1– жүргізуші:

Иә, Ерасыл, тойымызға Көктем Ару да , Кун де, Наурыз батыр да қазір балалармен жарыс өткізеді.

Көктем Ару :

Жұмбак айтып, жасырып,

Шешуін тауып беріңдер

Таппай оны қоймаңдар,

Көп боп бірге ойлаңдар!

1.Қардай ап-ақ, балдай тәтті-ақ (қант)

2.Әдемі түнде мен жүрсем, жүреді бірге менімен (айна)

3.Құрғақ жерде сақтайсың, менсіз тамақ татпайсың (тұз)

4.Қалың киімді ұнатады, шешіндірсең жылатады (пияз)

5.Бірі үлкен, бірі кіші, туысқан бірге бес кісі (бес саусақ)

6.Күнде оған қараймын, қара шашымды тараймын (айна)

( жұмбақтың шешуін дұрыс шешкен балаларға қызғалдақ гүлін Кун

Ана:

Өнер алды — қызыл тіл, деп қазақ халқы бекер айтпаған,сондықтан мен қазір мақал-мәтелдердің басын бастап оқимын, ал сендер жалғастырыңдар!

1.Мектеп кеме,................

2.Отансыз адам................

3.Білекті.......білімді..........

4.Оқу - ............білім..........

5.Ер елінде..........

6.Көп сөз - ........аз сөз - ..........

(мақалдың жалғасын дұрыс тапқан балаларға күн сәулесін сыйлайды)

сыйлайлды)

Кун Ана:

Өнер алды — қызыл тіл, деп қазақ халқы бекер айтпаған,сондықтан мен қазір мақал-мәтелдердің басын бастап оқимын, ал сендер жалғастырыңдар!

1.Мектеп кеме,................

2.Отансыз адам................

3.Білекті.......білімді..........

4.Оқу - ............білім..........

5.Ер елінде..........

6.Көп сөз - ........аз сөз - ..........

(мақалдың жалғасын дұрыс тапқан балаларға күн сәулесін сыйлайды)

«Теңге алу» ұлттық ойынын Наурыз батыр өткізеді

Оқушылар тақпақ оқиды:

Керем:

Ұлыс бақыт әкелсін,
Әр күніміз жақсы болсын.
Достығымыз берік болсын,
Білім-өнер серік болсын.

Баян:

Шырқап салған әнімен,
Мерекелік сәнімен.
Топталып ойнап, қыдырып,
Бөлісіп ішкен дәмімен.

Саша:

Дастарханда дәніміз,
Жайдарымыз бәріміз.
Жарасу бар, жаулық жоқ,
Қандай жақсы Наурыз!

Стас:

Бата беріп атамыз,
Бата беріп апамыз,
Тәтті болып жасалған,
Наурыз коже татамыз.

1– жүргізуші:

Иә, Стас, Наурыз көже ішетін кезі де болып қалды.

2 - жүргізуші:

Сонда Ұлыстын ұлы куніне Наурыз көже міндетті түрде жасала ма?

1– жүргізуші:

Иә, Ерасыл, әр отбасы, бұл күні, Наурыз көже жасауға кажет, өйткені Наурыз көже ата-бабамыздан келе жатқан касиетті тағам

2 - жүргізуші:

Сонда Наурыз көженің касиеті неде екен?

1– жүргізуші:

Оның қасиетің балалардан сұрайық

Акежан: ( наурыз көже туралы тақпақ оқиды)

Ашық болсын қас — қабақ,

Бейтаныс та, таныс та.

Бүгін төрде бас қонақ.

Арпа, бидай, тары бар.

Қатық, малта, ағы бар.

Ішілетін, жейтінің

Бұл көжеде бәрі бар.

Асар: ( бесбармақ туралы тақпақ оқиды)

Дастарханның басына

Құрметті қонағыма

Келді асым асыға

Айғаным қуырдақ туралы тақпақ оқиды


Күй орындалып тұрады.

(Дастарханға наурыз көже, бесбармақ, қуырдақ қойылады)

«Қара жорға» биі

2 - жүргізуші:

Шашу шашылды

1– жүргізуші:

Той бастар айтылды

2 - жүргізуші:

Ұлттық салт-дәстүріміз бен ойын өткізілді!

1– жүргізуші:

Олай болса, Ерасыл, құрметті қонақтарымызды, ата-аналар мен оқушыларымызды мерекелік дастарханымызға шақырайық!

Бірге:

Құрметті қонақтар, мерекелік дастарханымызға төрлетіңіздер!

2 - жүргізуші:

Қой жылы құтты болсын!

Ұлыс бақты болсын!

Астығымыз мол болсын!

Өрісіміз малға, дастарханымыз нанға толсын!

1– жүргізуші:

Дастарханы халқымның тола берсін,

Бақыт құсы қолыңа қона берсін.

Ұлы тойдың төресі — наурыз тойы,

Жылдан — жылға құт тойы бола берсін

Бірге:

Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! Ақ мол болсын!

«Саржайлау» әні

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности