«ХХІ ғасыр көшбасшысы»
Мақсаты:
1.Оқушылардың білім деңгейін көтеру, тілге, өмірге деген қызығушылықтарын арттыру.
2.Оқушылардың ой-өрісін дамыту, сөздік қорын молайту, өз білгендерін шапшан жеткізуге үйрету.
3.Мақал-мәтелдер арқылы адамгершілік тәрбие беру, Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту.
Ойынның барысы:
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, оқушылар ХХІ ғасыр көшбасшысы ойынын бастауға рұқсат етіңіздер. Ортаға ойынға қатысушыларды шақырамыз.
1 ойыншы: Кабиденова Әсел 6а сынып
2 ойыншы: Молдахметова Диляра 6а сынып
3 ойыншы: Кожатаева Аида 6а сынып
4 ойыншы: Жумажан Әлем 6а сынып
5 ойыншы: Келес Асылжан 6а сынып
6 ойыншы Каженова Камила 6а сынып
Әр ойыншы өзін таныстырады. Енді әділқазылар алқасымен таныс болайық.
Бірінші айналым «Бәйге»
Оқушыларға сұрақтар қойылады және жауап нұсқалары, беріледі балалар дұрысын табуы керек. Дұрыс жауабы 10 ұпай
І.1.Қазақстан Республика күнін ата
а)22 наурыз
ә)25 қазан
б)16 желтоқсан
2.Қазақстан Республика астанасы қай қала?
а)Павлодар
ә)Алматы
б)Астана
3.Мемлекеттік рәміздерді ата
а)Елтаңба, әнұран, ту
ә)Отан, Астана, Алматы
б)Қазақ тілі, Ақсу, ән
4.Мемлекеттік тудың түсі қандай?
а)қызыл
ә)көгілдір
б)көк
5.Мемлекеттік туда не бейнеленген?
а)қарға
ә)қыран
б)торғай
6.Мемлекеттік әнұранның авторлары кім?
а)Ш.Қалдаяқов, Ж.Нажімиденов, Н.Назарбаев
ә)А.Қоразбаев, Ж.Дәрібаева, Г.Молдағалиев
7.Әнұран қалай басталады?
а)әрқашан күн сөнбесін
ә)Алтын күн аспаны
8.Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тілді ата
а)орыс тілі
ә)ағылшын тілі
б)қазақ тілі
9.Астана қаласы неше жылдығын тойлады?
а)15 жыл
ә)5 жыл
б)10 жыл
10.Астана қаласы қай өзен бойында жайғасқан?
а)Ертіс
ә)Есіл
б)Ақсу
Осымен «Бәйге» аяқталды. Әділқазыларға сөз береміз. Ұпай аз жинаған 2 оқушымен қоштасамыз.
ІІ.Келесі айналым, Мақалды жалғастыр (дұрыс жауап 10 ұпай)
1.Отан оттанда.... (ыстық)
2.Отанды сүю…(отбасынан басталады)
3.Отансыз адам....(ормансыз бұлбұл)
4.Туған жер....(алтын бесік)
5.Туған жердің…(жуасы да тәтті)
6.Туған жердің қадірін....(шетте жүрсең білерсің)
7.Туған жерге…(туың тік)
8.Ел іші…(алтын бесік)
9.Туған жердің күні де ыстық (түні де ыстық)
10.Есің барда…(еліңді тап)
Осымен 2 айналым аяқталды.Әділқазыларға сөз беріледі. Ұпай аз жинаған 2 оқушымен қоштасамыз.
ІІІ.Келесі айналым «Жорға»
Оқушылар 1 минут ішінде сұрақтарға тез және дұрыс жауап берулері керек. Дұрыс жауапға 10 ұпай беріледі.
1.Қазақстан қандай мемлекеттік? (тәуелсіз)
2.Республика күні қай күн? (25 қазан)
3.Қазақстан Республика Президентін ата (Н.Ә.Назарбаев)
4.Тәуелсіздік күнін ата(16 желтоқсан)
5.Әнұранның музыкасын кім жазған? (Ш.Қалдаяқов) 1 ойыншы
6.Қазақстан Республика астанасы қай қала? (Астана)
7.Биыл Астана неше жылдығын тойлады? (10 жыл)
8.Қазақстан Республика неше жасқа келеді? (17 жасқа)
9.Павлодар облысы неше жылдығын тойламақ?(70 жыл)
10.Мемлекеттік рәміздерді ата (елтаңба, ту, әнұран)
Әділқазылар қорытындылайды. Ұпай санын айтады.
1.Қазақстан Республика астанасы қай қала? (Астана)
2.Республика күні қай күн? (25 қазан)
3.Әнұран қалай басталады? (Алтын күн аспаны)
4.Мемлекеттік тудың түсі қандай? (көгілдір)
5.Қазақстан қандай мемлкет? (тәуелсіз) 2 ойыншы
6.Астана қаласы нешеге толды (10)
7.Қазақстан Республика президенті кім? (Н.Ә.Назарбаев)
8.«Рәміздер» сөзінің аудармасын айт (символы)
9.Павлодар облысы неше жылдығын тойлады (70ж)
10.«Елтаңба» сөзінің аударамасын айт(герб)
Осымен біздің 3 айналым аяқталды. Әділқазылар 3 айналымның қорытындысын және сайыстың қорытындысын шешкенше дейін
музыкалық номер
1.6а сынып оқушыларын орындауында «Бала тілегі»әні
орындайтын Келес Асылжан.
2.6в сынып оқушыларын орындауында «Мұғалім ол біздің» әні.
Енді әділқазылар алқасына сөз беріледі, сайыстың жеңіпазы анықталады.