link4440 link4441 link4442 link4443 link4444 link4445 link4446 link4447 link4448 link4449 link4450 link4451 link4452 link4453 link4454 link4455 link4456 link4457 link4458 link4459 link4460 link4461 link4462 link4463 link4464 link4465 link4466 link4467 link4468 link4469 link4470 link4471 link4472 link4473 link4474 link4475 link4476 link4477 link4478 link4479 link4480 link4481 link4482 link4483 link4484 link4485 link4486 link4487 link4488 link4489 link4490 link4491 link4492 link4493 link4494 link4495 link4496 link4497 link4498 link4499 link4500 link4501 link4502 link4503 link4504 link4505 link4506 link4507 link4508 link4509 link4510 link4511 link4512 link4513 link4514 link4515 link4516 link4517 link4518 link4519 link4520 link4521 link4522 link4523 link4524 link4525 link4526 link4527 link4528 link4529 link4530 link4531 link4532 link4533 link4534 link4535 link4536 link4537 link4538 link4539 link4540 link4541 link4542 link4543 link4544 link4545 link4546 link4547 link4548 link4549 link4550 link4551 link4552 link4553 link4554 link4555 link4556 link4557 link4558 link4559
Шоканова Асель
Должность:не указана
Группа:Посетители
Страна:казахстан
Регион:не указан
Сабақ жоспары "Менің отбасым"

Ақтөбе облысыМұғалжар ауданы

Қандыағаш қаласы № 3 мектеп-гимназиясының

мектепалды даярлық класының тәрбиешісі ШОҚАНОВА А.И.

Білім беру саласы: ҚАТЫНАС

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту

Тақырыбы:Менің отбасым

Мақсаты:1. Отбасы және отбасы мүшелері жайлы түсініктерін қалыптастыру

2. Отбасындағы сыйластық туралы әңгімелету арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту.

3. Үлкенге ізеттілік көрсетуге, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: үйдің макеті, отбасы мүшелерінің суреті.

Қостілділік компонент: семья- отбасы

Шаттық шеңбері: Ынталандыру. Сезімді ояту.

Өтті қызық көп күндер,

Алты жасқа жеткендер.

Өсті, міне, бойларың

Иіліп сәлем береміз,

Әдепті боп өсеміз.

Ғажайып сәт.(Үйдің макеті жасырынып қойылады, беті жабық)

- Балалар, мына жасырынып тұрған не? (Балалар әр түрлі жауаптар айтады.)

- Кәнеки, олай болса ашып көрейік. Ия, ол үй екен, не үшін керек?

- Онда адамдар тұрады.

Негізгі бөлім:

- Дұрыс айтасыңдар. Ендеше мына суретке назар аударайықшы, кімдердің суреті?

- Ата, әже, әке, ана бала.

- Отбасы — ең жақын адамдардың ошағы, бір шаңырақ астында жақын тату- тәтті, сыйластықпен, ынтымақпен тұратын адамдар тобы.

Отбасы мүшелеріне — ата, әже, әке, ана, бала жатады.

- Саусақ жаттығулары арқылы санамақ айтады.

Бас бармағым- әкем,

Балаң үйрек — апам.

Ортан терек- ағам,

Шылдыр шүмек- мен.

Титтей бөбек– сен

Сөздік жұмысын жүргізу

Нағашы ата- анасының әкесі

Нағашы әже- анасының анасы

Немере — ұл- қыздарынан туған бала.

«Ойлан, тап» тапсырмасын орындау.

- Балалар, менің кім туралы айтып тұрғандарымды ойланып табыңдар.

- - Ақ сақалды, өте мейірімді, бау- бақшаны баптайды. Немерелерін жақсы көреді. Ол кім?

- - Ата.

- - Өзі өте мейірімді, ақ шашты, жылы сөзін аямайтын, қолғап, шұлық тоқып беретін кім?

- - Әже.

- Тақтаға әкенің, ананың, баланың суреттері, екінші жағына биік таудың, бұлақтың, өсіп тұрған құрақтың суреті ілінеді.

Тәрбиешінің көмегімен мақал құрастырылады:

Әке- асқар тау,

Ата — етегіндегі бұлақ

Бала — жағасындағы құрақ.

Әке, ана, бала сөздерін қатыстырып, сөз тіркестерін құрастыру.

Мысалы: ардақты әке, аяулы ана, ақылды бала т.б.

Сергіту сәті:

Атам жылқы бағады / Бір орнында тұрып, шабу /

Ағам пішен шабады. /Шөп шаққандай қимыл жасау/

Жеңгем сиыр сауады. / Отырып қолдарын қимылдатады/

Әжем киіз қағады. /Қолдарын алға жайып, қимыл жасау/

Дәптермен жұмыс. 1. Шатасқан жолдар арқылы әженің үйіне баратын жолды бояу.

2. «Кім жоқ?» дидактикалық ойыны

Қорытынды: Сұрақ — жауап әдісі арқылы тақырыпты бекіту.

Отбасы деген не?

Отбасы мүшелерін ата.

Балаларды мадақтау.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности