Айгуль Искендерова
Должность:Учитель казахского языка и литературы
Группа:Посетители
Страна:Казахстан
Регион:ЮКО город Шардара
Открытый урок по казахскому языку "Отбасы тәрбиесі"

Сабақтың тақырыбы: Отбасы тәрбиесі

«Жаман бала ата-анасын қинайды,

Баланың жақсысы ата-анасын сыйлайды»

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға отбасындағы ұлттық тәрбиенің маңызын ұғындыру

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: Сабақтың тақырыбы мен идеясын ашу, білімдерін толықтыру

Дамытушылық: оқушының тапқырлық ,ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін арттыру, қазақ тілінде еркін сөйлеуге, ойлауға үйрету.

Тәрбиелік: оқушының отбасына деген сүйіспеншілігін арттыру, үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға үйрету, мәдениетті азаматын тәрбиелеу.

Түрі: интербелсенді сабақ

Типі: мәтінмен жұмыс

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, баяндау,топтық жұмыс, «Т» кестесі, т.б.

Көрнекілігі: интербелсенді тақта, постер, маркерлер, түрлі-түсті қаламдар,кіші тіректер,оқулық.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

1. Оқушылармен сәлемдесу 2.Топқа бөлу 3.Психологиялық дайындық.

«Шаттық шеңбері» (балалар бір-біріне тілек айтады, баяу әуен ойнап тұрады).

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

«Иә - Жоқ» әдісі арқылы

Қойылатын сұрақтар:

1. Құрмалас с/м 2 немесе бірнеше жай с/нен құралып, күрделі ойды білдіреді. Ж: иә

2. Қазақ тілінде жалғаудың 3 түрі бар Ж: жоқ

3. Салалас құрм. с/нің 5 түрі бар Ж: жоқ

4. Сын есімнің 3 шырайы бар Ж: иә

5. Салалас құрм. с/м мағыналары тең жай с/ден құралады Ж: иә

Бағалау критерийі: «5» - 5 «4» - 4 «3» - 3 «2» - 2

Бағаны «Бағалау парақтарына» топ басшысы қояды.

ІІІ. Жаңа сабақ

1. «Ой қозғау»

«Жаман бала ата-анасын қинайды,

Баланың жақсысы ата-анасын сыйлайды»

Осы мақалды сендер қалай түсінесіңдер? Оқушылар өз ойларын айтады.

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности