link12423 link12424 link12425 link12426 link12427 link12428 link12429 link12430 link12431 link12432 link12433 link12434 link12435 link12436 link12437 link12438 link12439 link12440 link12441 link12442 link12443 link12444 link12445 link12446 link12447 link12448 link12449 link12450 link12451 link12452 link12453 link12454 link12455 link12456 link12457 link12458 link12459 link12460 link12461 link12462 link12463 link12464 link12465 link12466 link12467 link12468 link12469 link12470 link12471 link12472 link12473 link12474 link12475 link12476 link12477 link12478 link12479 link12480 link12481 link12482 link12483 link12484 link12485 link12486 link12487 link12488 link12489 link12490 link12491 link12492 link12493 link12494 link12495 link12496 link12497 link12498 link12499 link12500 link12501 link12502 link12503 link12504 link12505 link12506 link12507 link12508 link12509 link12510 link12511 link12512 link12513 link12514 link12515 link12516 link12517 link12518 link12519 link12520 link12521 link12522 link12523 link12524 link12525 link12526 link12527 link12528 link12529 link12530 link12531 link12532 link12533 link12534 link12535 link12536 link12537 link12538 link12539 link12540 link12541 link12542 link12543 link12544 link12545
Редактор
Должность:Редактор
Группа:Мир учителя
Страна:Россия
Регион:Санкт-Петербург
Отан отбасынан басталады

Қазақстан,Астана қаласы

№36 орта мектеп
Қазақ тілі мен әдебиет мұғалім
Адамзатова Ж.О.

Сабақтың мақсаты: 1) Оқушылардың Отан, отбасы туралы түсініктерін кеңейту; лексикалық тақырыпқа байланысты сөздерді дұрыс қолдана білу, дұрыс сөйлем құра білу;

2) тіл байлығын арттыру, сөздік қорын молайту, ауызекі сөйлеу дағдыларын дамыту, мәнерлеп оқуға жаттықтыру;

3) үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге, әдептілікке тәрбиелеу, пәнге қызығушылығын ояту, отбасының саналы мүшесі болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: пысықтау сабақ, дәстүрлі емес.

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: мәнерлеп оқу, сұрақ-жауап, әңгімелеу, топтық жұмыс.

Ресурстар: интербелсенді тақта,фото, ватман, суреттер, оқулық.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

Қайырлы таң досым,
Қайырлы күн болсын

Күніміз жарық болсын

Аспанымыз ашық болсын.

Амансыз ба, қонақтар

Амансыз ба, әлем

Баршаңызға амандық сәлем.

- Сәлеметсіңдер ме. Балалар, бүгін біздің сабағымыздың тақырыбы: «Отан отбасынан басталады», яғни біз Отан, отбасы туралы жайында айтып әңгімелесеміз. Әңгімемізді бастамас бұрын мен сендерді шаттық шеңберіне шақырамын, бір-бірімізге тілек айтайық.

Шаттық шеңбері:

Алақан мен жылуды, айналаға таратайық,

Бір-бірімізге жақындасып,

Бақыт, күлкі сыйлайық.

Жүректі біз ашайық,

Бақыт нұрын шашайық.

Барлық жақсы тілекті,

Сіздерге біз арнайық.

- әдемі бол

- ақылды бол

- отанның қорғаны бол

- батыл бол

- ізетті бол

- мейірімді бол

- әдепті бол

- сәттілік тілеймін

- Балалар, мен де сендерге сәттілік тілеймін
-Сыныпта кім кезекші?
-Сыныпта кім жоқ?
- Бүгін нешесі?

- Аптаның қай күні?

- Қазір жылдың қай мезгілі?

  1. Үй жұмысын тексеру. «Біздің отбасымыз» мәтінді мазмұндау

- Отбасы дегеніміз не? (Отбасы дегеніміз бір үйде тұратын ең жақын туыс адамдар. ).
- Сен отбасында кімсің? (Мен отбасының мүшесімін, әкем мен анамның баласымын, атам мен әжемнің немересімін т.б.)

  1. Жаңа сабақ: Топпен жұмыс

1) Сабақтың мақсаттарымен таныстыру.

- Бүгінгі сабақтың тақырыбы «Отан отбасынан басталады».

3) Мәтінмен жұмыс (слайд)

Отбасы- шағын мемлекет

Отбасы әр адамның шағын Отаны. Әр адам отбасында өсіп - өніп тәрбие алады. Біз жастайымыздан өзгелерге қамқор болуды, ата - ананы, үлкендерді сыйлауды отбасынан үйренеміз. Бізге ең жақын,ең қымбат жандар отбасымызда. Отбасы - шағын мемлекет.

а) Мәтінді мәнерлеп оқу

ә) Сөздік жұмысы

- Қиын, түсініксіз сөздерді талқылау

Шағын — небольшой

Өсіп өну – расти и развиваться

Жастайымыздан – с детства

Өзгелерге – быть заботливым

Қамқор болуды - быть заботливым

Қымбат - дорогой

б) сұрақ-жауап.

2) Сурет бойынша жұмыс (слайд):

- Суретте не бейнеленген?

- Отбасы қандай?

- Отбасыда кімдер бар?

- Енді осы сурет бойынша дұрыс сөйлемдер құрыңдар. (сөздер бөлек-бөлек жазылған)

· жемпір тоқып отыр әжем

· оқып отыр қарындасым кітап

· анам пісіріп жатыр тамақ

· теледидар көріп отыр атам

Сергіту сәті. Видео «Мен қазақпын»

4) Дәптермен жұмыс

- Сөздерді сыңарларымен сәйкестендіру.

Берілген сөздер: ата, аға, әпке, жеңге, әже,жезде, шеше, сіңлі, әке.

- Берілген сөздердің ішінде қыздарға қатысты қандай сөздер бар?

Осы сөздерге дыбыстық талдау жасау.

І топ – сіңлі

ІІ топ — әпке

(әр топқа сөз беріледі)

5) Диалог құру «Менің отбасым»

ІІІ. Сабақты бекіту. Рефлексия
- Еліміздің Отаны — Қазақстан. Ондағы барлық халық өкілдері бір үйдің баласындай тату-тәтті өмір сүруде.

- Ал еліміз жөнінде қандай тілек айтар едіңдер?

- Тілектеріңді күзгі жапырақтарға жазып, құмырыға жапыстырыңдар.

- Отбасымызға тілеген жақсылық Отанымызға да арналады. Сондықтан «Отан — отбасынан басталады» деген сөзді естеріңде сақтаңдар.

Адамға өмірде ең қымбаттысы-отбасы. Отбасында сүйіспеншілік, сыйластық, татулық, бауырмалдық болғанда бірлік болады

ІV. Үйге: мәтінді мазмұнын айту, сөздерді жаттау

  1. Бағалау

Наши услуги



Мир учителя © 2014–. Политика конфиденциальности